05-09-2021
17.3 C
Шымкент

Пандус орнатудың өз талаптары бар

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау — бірінші кезектегі мәселе. Осылай деген ОҚО Еңбекші ауданы әкімшілігінің қызметкерлері коммерциялық нысандарға рейдтік шараны күшейтуде. Арнайы топ мекемелер мен қоғамдық орындарда орналасқан пандустардың жағдайымен танысты.  Пандус орнатудың өз талаптары бар. Мүгедектерге арналған  арба жолдың биіктігі қанша болса, ұзындығы сол көрсеткіштен 10 есе асу керек. Оған қосымша кілемше төселіп, немесе арнайы кедергілер болуы шарт. Сонымен қатар, жауын – шашыннан қорғайтын пана мен  сүйенуге ыңғайлы қорғаны болғаны абзал, — дейді рейд ұйымдастырушылар. Келіп-кетушілерге барлық жағдай қарастырылған нысанның бірі -қаламыздағы  «Шымкай» сауда орталығы. Дүкенде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып, тіпті, жеделсаты да орнатылған. Алайда, дүкен иесіне  кіреберістегі  пандусты талапқа келтіру бойынша ескерту жасалды.

Фурхат Шукуров – «SHYMKAY» ЖШС-нің директоры: Мен қала тұрғындарын құрлыс нысандарын жүргізгенде талаптарды сақтауға шақырамын. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамның толыққанды мүшесі екенін назардан шығармауымыз тиіс. Оларға жағдай қарастыру ыңғайлы орта қалыптастыру біздің парызымыз. Бүгін айтылған олқылықтарды тез арада ретке келтіруге уәде етемін.

Еңбекші ауданында 519 коммерциялық нысан бар. Оның 285-і арнайы меморандумға қол қойып, «Біз біргеміз» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға ниет білдірген.

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР