26-04-2024
15.3 C
Шымкент

Жағдайы төмен азаматтардың қатары сирейтін болады

Келер жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектер жаңа форматта тағайындалады. Ол мемлекеттік қолдаудың үш бағытын қамтиды. Әлеуметтік саладағы жаңа реформалар тиісті басқарма басшысы Мұхит Отаршиевтің журналистермен бірге өткен баспасөз брифингісінде айтылды. Оңтүстік қазақстан Облыста 119 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Оның 8 жарым мыңнан астамы — І топтағы мүгедектер, 50 мыңдайы ІІ топқа теңестірілген. Тағдыр тауқыметін тартқан азаматтарды оңалту үшін биыл 9,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Ол негізгі қажеттіліктің 91 пайызы болып есептеледі.  Жыл басынан бері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде республикалық бюджет есебінен 115,6 млн. теңге қаралған. Бұл қаражатқа 8 үкіметтік емес ұйым 700 мұқтаж жанға арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында да бірқатар жобалар қолға алынған. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларды кедейшілік шегінен шығаруға жол бастайды. Мемлекеттік көмек ең төменгі, күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Бағдарлама іске асып жатса, елімізде отбасылық жағдайы төмен азаматтардың қатары сирейтін болады.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР