07-09-2021
19.3 C
Шымкент

Ажарлы үй — ырысты

Оңтүстік Қаақстан облысына қарсты Бәйдібек ауданындағы Ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Ажарлы үй – ырысты» жобасы жүзеге асырылуда. Осыған сәйкес ауданымыздағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары 38 мешіттерге түгелдеу жүргізу, іргелес аумағын ретке келтіру, абаттандыру, қасбеттерін жаңарту, қоршаулар мен шарбақтарын және көгалдандыру жұмыстары жүргізуде.
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың бастамаларымен демеушілердің қаржыландыруымен Алмалы ауылдық округіне қарасты Бәйдібек ата ауылындағы «Бәйдібек ата» кесенесінің жанынан зиярат етушілерге арналған қонақ үй салынуда. Оны 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Бөген ауылдық округіне қарасты Шалдар елдімекеніндегі «Керімбекұлы Нұрлыбай» мешітіне мектеп бітіруші түлектердің демеушілігімен дыбыс күшейткіш аппараттар мен салқындатқыш құралдар алынып берілді.
Ақбастау ауылдық округіне қарасты «Домалақ ана» кесенесінің жанынан зиярат етушілерге арналған қонақ үй жуырда пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта «Ажарлы үй – ырысты» жобасын жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізілетін болады.

Ө.АЛДАМЖАРОВ,
Бәйдібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР