16-04-2024
18.3 C
Шымкент

Бюджет түсімі молайған

ОҚО Отырар ауданында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиында үш ауыл округі әкімдерінің жыл басынан бері атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Елдімекендердегі егіс көлемі мен мал басы артып, бюджеттік түсімдердің молайғаны айтылды. Бұдан өзге ауыл-аймақтардағы қылмыс ахуал да таразыға салынды. Алдымен, Темір ауыл округінің әкімі Жандос Қуатбеков, Қарақоңыр ауыл округінің әкімі Сәкен Айсеитовтер атқарған жұмыстарын баяндады. Бұл қатарда Отырар ауыл округінің әкімі Дінмұхамед Үсетов те бар. Ауылдық округтердегі оңды жұмыстарды жеткізген басшылар алдағы уақытта қолданысқа енетін Дербес бюджет жөніндегі пікірлерін ортаға салды. Ауылдық округтерде ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру ісі де қарқынды. Жүйелі жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін бере бастаған. Бүгінгі таңда Қарақоңыр ауыл округінде 3, Отырар ауыл округінде 2 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері құрылған. Шаруалар сәйкесінше мемлекет тарапынан берілетін түрлі жеңілдіктерге қол жеткізіп отыр. Қарақоңыр халқы «Сыбаға» бағдарламасын 243 бас малға артығымен орындаса, отырарлықтар «Алтын асық» бағдарламасын екі есе екпінмен жүзеге асырды.  Бұл күнгі кеңес отырысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова «Отырар ауданының 2018-2020 жылдарға арналған аудан бюджетін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешім-жобасын ұсынып, таныстырды. Аудан шаруалары «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша көш бастап келеді. Ауыл шаруашылығы саласындағы жүйелі жұмыстардың арқасында отырарлықтар «AGROFEST-2017» фестивалінде бірінші орын алып, озат атанды. Жиын соңында кеңес мүшелері ауылдық округ әкімдерінің жұмыстарына оң баға беріп, біріккен істе белсенді болуға үндеді.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР