25-04-2024
18.3 C
Шымкент

Алма бауын жайқалтып отыр

ОҚО Түлкібас Шақпақбаба ауылының тумасы, атақты бағбан, нағыз патриот азамат болған марқұм Асқар Төлешовтiң есiмiн жерлестерi құрметпен атайды. Оның қара қылды қақ жарған әдiлеттiлiгiн, халықтың қамын жеген қамқорлығын, тау тұлғалы бiтiм-болмысын, еңбекқорлығын түлкiбастық жастар үлгi тұтады. Алма бауын жайқалтып, мол өнiм алып, жемiс сақтау қоймасын ашып, Түлкiбастың алмалы өңiр деген атауын жаңғыртқан едi. Бүгiнде осы азаматтың iсiн ұлы Бейбiт Төлешов жалғастыруда. Шаруасы «дөңгелеп» тұр. Табысы тәуiр. Алма баптаудың қыр-сырын жап-жақсы меңгерiп алды. Әкесiнен көргенi, түйгенi өмiрлiк тәжiрибе болғаны анық.  Бейбiт 240 гектарға қосымша тағы 10 гектар алма еккен болатын. Қазiр алма бауында 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, әр маусымда бауда 100-ден астам адам жұмыс iстеп, бала-шағаларының нәпақаларын айырады. Биыл Бейбiт Астанадағы ЭКСПО–2017 халықаралық көрмесiне 20 тонна алма алып барды. Түлкiбастың дәмдi алмасына тамсанғандар көп болды. Көрмеге қатысушылар зиянды қоспаларсыз пiскен табиғи таза өнiмнен дәм татып, жоғары бағалап, алғыстарын жаудырыпты. Әкесiнiң iсiн жалғастырып жүрген жас бағбан биыл алма бауынан 270 тонна өнiм жинауды межелеген едi. Үмiтi ақталды. Бейбiт Асқарұлы өсiрген Түлкiбастың таза, дәмдi алмасына өңiрiмiзде ғана емес, республика бойынша сұраныс жоғары.+

А. Сүндетова

Түлкiбас ауданы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР