25-04-2024
20.3 C
Шымкент

Өзге өңірлердің де сұранысын қамтиды

Бүгінде оңтүсртік қазақстан облысы орталығындағы ауылшаруашылығы жануарларының жалпы саны 65 мыңнан асып жығылады. Мемлекеттік «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары шеңберінде биыл шымкенттік фермерлер 150 ірі қара мал, 15 асыл тұқымды бұқа, 400 уақ мал, 70 жылқы сатып алыпты. Мал бордақылау алаңдарының саны 41-ге артса, 30 жанұялық сүт фермасы қызмет атқаруда. Тиісінше, «Прод&Груп» және «Марк» ЖШС-лері ет өнімдерін өңдеу көлемін жылына 1500 тоннаға дейін арттырып отыр. Қала аумағында жалпы, 188 мың ірі және ұсақ мал, 770 мыңдай құс бар. Жыл сайын орта есеппен 8900 тонна ет, 154 миллион дана жұмыртқа өндіріледі. Талдау барысы көрсеткендей, мұндағы ет өнімдері қала тұрғындарының 25-30, сүт өнімдері 40-45 пайызын қамтамасыз етуде. Ал жұмыртқа өнімдері тұтынушыларды толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Бұл жерде айта кетсек, шағын құс фермаларының құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен шығынның 50 пайызы мемлекет тарапынан субсидиялануда. Сондай-ақ, сатып алынған асыл тұқымды етті шөжелердің әр басына 400 теңгеден демеу қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда мемлекет қолдауын сезініп отырған жарты ғасырлық тарихы бар «Шымкент құс» ЖШС-нде 600 мыңнан астам құс өсіріледі. Тауық фермасы жылына 14 миллион дана жұмыртқа өндіреді. Өнімдер Оңтүстік өңірімен қатар, көршілес облыстарды да қамтуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР