20-04-2024
21.3 C
Шымкент

Кооператив қызметіне қызығушылық жоғары

ОҚО  тұтынушылардың толық қажеттілігін қамтыған ауылшаруашылығы өнімдерінің 50 пайызын жергілікті шаруа қожалықтары өндіруде. Дегенмен, бұл саладағы қожалық иелерінің 40 пайызында ауылшаруашылығы жерлері 10 гектардан аспайды. Бұл көрсеткіш азық-түлік қорын қалыптастыруда мүмкіндіктердің әлі де толық пайдаланылмай отырғанын көрсетеді. Қолайлы климаттық белдеуде орналасқан әрі жерінің құнарлылығы жоғары Шымкент қаласы шын мәнінде, ел аумағында жылыжайлардың отанына баланады. Ел нарығын қамтуға қабілетті ауылшаруашылығы кешендері әр жыл сайын өнім көлемін ұлғайта түсуге мүдделілік танытуда. Дегенмен, межелі міндеттерге қол жеткізу үшін шаруаға ендігі жерде мемлекет тарапынан айқын бағдар көрсетілмек.

– Бұл бастама сапалы отандық өнімдерді өндіруге, экспорт көлемін арттыруға және өзара бәсекеге қабілеттілікті жетілдіруге зор мүмкіндік бермек. Қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің заманына айналуда. Кәсіпкерлер үшін көкейтесті мәселемен жалғыз айналысқаннан гөрі, бірлесе шешкен тиімді. Сондықтан шаруа қожалықтарының кооперативтерге бірігуі маңызды, – дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының орынбасары Жәнібек Тоғай.

«ШК»

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР