20-04-2024
26.3 C
Шымкент

Халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылмақ

Оңтүстiк Қазақстан облысында 2021 жылға қарай халықтың 95,5 пайызы газбен қамтылмақ. Бұл меже 2017-2021 жылдарға арналған облыстың елдi мекендерiн газдандырудың жоспары негiзiнде жүзеге асады. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәлiметiнше, жалпы облыс халқы жылына 1,1 млрд. òекше метр табиғи газ тұтынады. Оның 840 млн. текше метрi қыс маусымында, ал, 293 млн. текше метрi жаз маусымында пайдаланылады. Облыстағы табиғи газ тарифi 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап 1000 шаршы метр үшiн жеке тұлғаларға – 34 475,20 теңге; заңды тұлғаларға – 36 103,97 теңге; жылу энергиясын өндiретiн заңды тұлғаларға 25 148,26 теңге болып есептелген. Өңiр табиғи газбен үш бағыт арқылы қамтамасыз етiледi. Олар: Өзбекстан Республикасының «Газли-Шымкент» және

«БГР-ТБА» магистралüды газ құбырлары, отандық «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» магистральды газ құбыры, Түркiменстан Республикасының «Қазақстан-Қытай» транзиттiк магистральды газ құбырлары. Одан бөлек, Сарыағаш ауданында орналасқан сыйымдылығы 350 млн. текше метрдi құрайтын «Полторацкая» жер асты газ сақтау қоймасы толығымен толтырылған. Басқарма басшысы Марғұлан Марайымның айтуынша, Шымкент қаласы аумағында 509 нысан газ құбырларын қорғау аймағы шегiн бұзып орналасқан. Бұл өз кезегiнде сол маңда орналасқан ғимараттар мен тұрғындардың өмiрiне елеулi қауiп туғызып отыр. 2017 жылдың 1 қаңтарында облыстағы 844 елдi мекеннiң 300-i табиғи газбен қамтамасыз етiлген болатын. Басқарма тарапынан 2017-2021 жылдарға арналған облыстың елдi мекендерiн газдандыру iс-шара жоспары әзiрлендi. Нәтижесiнде 2021 жылға газдандырылған елдi мекендердi 683-ке жеткiзу жоспарланды. Осы мақсатқа байланысты биыл республикалық, облыстық бюджеттен бөлiнген қаржыға 90 жобаның құрылысы жүргiзiлуде. Бұл көрсеткiш 2016 жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Оның iшiнде, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында 5 нысанның (Қазақстан, Дмитров, Еңбекшi-1,2, Амангелдi, Алғабас елдi мекендерi) құрылысына Ұлттық қордан 734,5 млн. теңге қаржы қаралды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР