04-09-2021
27.3 C
Шымкент

Студент жастармен пікірлесті

«Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы  партияның «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Президент Жолдауының жүзеге асырылуы барысында жастардың қоғам қайраткерлерімен, саясаткермен, интелегенциямен кездесу өтті. «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиев Иманқұл Ноғайбайұлы , Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Достанов Жебелі, «Ақниет-Балтахан» ЖШС төрағасы Абуов Балтахан, «Ырыс алды ынтымақ » қоғамдық қорының төрағасы – зейнеткер Балқыбеков Қонысбек, «Жастар ресурстар» орталығының директоры Еркебаев Нұржан, қала жастарымен және арнаулы орта оқу орындарының студент жастарымен кездесу өткізді.
Кездесуді ашқан «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев – қатысушыларды Жолдаудың және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» негізгі басымдықтарымен таныстырып, одан туындайтын мақсат міндеттерге, атап айтқанда Жолдау аясында елімізді қайта түлетудің айрықша маңызды екі процесі –саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың жүріп жатқаны. Аталған екі жаңғыру процесінің нақты максат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдарына тоқталды. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз, ол үшін біздің санамыз ісімізден озып жүрудің, яғни одан бұрын жаңғырып отырудың маңыздылығын айтты. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде көш басындағы елдермен иық түйістіріп жүру үшін сана –сезіміміз бен дүниетанымызға әбден сіңіп қалған кері тарпта қағидалардан арылып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңірудің маңыздылығын айтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР