19-04-2024
21.3 C
Шымкент

180 балаға арналған жаңа балабақша ашылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданындағы Жаңа ауыл елді мекенінде 180 балаға арналған жаңа балабақша пайдалануға берілді. «Туған жер» бағдарламасы аясында салынған мектепке дейінгі мекемені жергілікті кәсіпкер Бахтияр Қазыбаев Елбасының бастамасына қолдау ретінде және туған жерді түлету мақсатында ашып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кәсіпкердің айтуынша, балабақшаның құрылысына 124 млн теңге қаржы жұмсалған. Енді 6 топта тәрбиеленетін 180 бала мемлекеттік тілде білім алады. Сондай-ақ, ауылдағы 24 адам тұрақты жұмысқа тартылып отыр.

«Балабақша салып, пайда табуды көздеп отырған жоқпын. Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды өзіме борыш әрі құрмет деп санаймын. Ауыл балалары жастайынан бойына патриоттық тәрбиені сіңіріп, ертең еліміздің өркендеуіне үлес қосатын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етсем деймін» — деді Бахтияр Қазыбаев. Білім беру мекемесінің ашылу салтанатына Мақтарал ауданының әкімі Ғалым Исмаилов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратовтар қатысып, тұрғындарды жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтады. Мұнан соң қонақтар ауыл тұрғындарымен бірге балабақша ғимаратын аралап көріп, топтардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ, балалардың әзірлеген концерттік нөмірлерін тамашалады. Айта кетейік, заманауи үлгіде салынған балабақша ғимараты асхана, концерт залы сияқты т.б. білім беруге қажетті құрал-жабдықтардың барлығымен қамтылған.
inform.kz

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР