19-04-2024
20.3 C
Шымкент

Атқарылған жұмыстармен таныстырды

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жұмыс тобы Отырар ауданында болды. Ауданымызда былтырғы жылы су тасқыны қаупінің алдын-алу жұмыстары жүргізілген болатын.
Аудан әкімі Ерлан Айтаханов жұмысшы топты ауданда атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Осыдан кейін облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов және сала мамандары Көксарай ауылынан Шеңгелді елді-мекеніне дейін тартылған «Есіркеп» каналының жай-күйімен танысты. Сондай –ақ, Маяқұм каналының басындағы тоспа, Бұқарбай сайы арқылы Сырдарияның бұрынғы арнасы Өгізсайға артық суды өткізетін асфальт жолдың астындағы көпірді көріп шықты.
Мұнан соң арнайы топ ауданымыздың ең шеткі елді-мекені Ақкөлге қауіп төндіретін дарияның тұсынан тұрғызылған дамбаны көрді. Аудан басшысы алда атқарылуға тиіс жұмыстар жөнінде өз ұсынысын айтты. Е.Садыр ұсынысты қолдап арнайы техникалармен қамтамасыз етеуге көмек көрсетіп, ықпал жасайтынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР