20-04-2024
24.3 C
Шымкент

«Қазақстан балалары – шексіз әлемде»

Осындай атаумен ОҚО орталығы  Шымкентте республикалық балалар мен жасөспірімдер кинофестивалі басталды. Елбасы мақаласындағы «Дарындылар елі» бағдарламасы бойынша қолға алынған жоба елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылуда. 14 облысты түгел қамтыған байқауға 600-ден аса оқушы қатысып отыр.  Фестивальдің негізгі мақсаты айқын. Кино өнеріне деген қызығушылығы жоғары жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдап, рухани мәдениетін қалыптастыру. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың бір міндетін атқарған бастама аясында 160 жүйрік ақтық сайысқа өтті. Олар команда болып, бақ сынайды. Фильмдер – қысқаметражды…. Деректі, анимациялық, әлеуметтік, музыкалық, видеоарт секілді 7 түрлі  белгілі жанрларда көрсетілуі шарт.

Әлішер Маратұлы – Қызылорда командасының мүшесі

Біз Қызылорда облысынан келдік. Бір командада 9 оқушымыз. Әр түрлі жанрлардағы қысқаметражды фильмдерді әкелдік. Оларға киномонтаж жасап, өзіміз түсірдік. Нық сеніммен айта аламыз, дайынбыз деп. Өз бейнероликтеріміз барлық балаларға үлгі болады деп ойлаймын.

Патриоттық тәрбие мен рухани жігерді қалыптастыруда кино өнерінің ықпалы орасан. Оған білім шыңына ұмтылған білімді жеткіншектердің озат туындылары дәлел.

Бақыткүл Құлжанова – ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Қосымша білім беруді дамыту орталығының» өкілі: Бұл байқау – ҚР Білім және Ғылым министрлігінің тапсырысымен және  ОҚО әкімідігінің қолдауымен өтуде. Қазақстанда бірінші рет өткізіліп отыр. Мақсаты – балалардың, жасөспірімдердің, шығармашылық мүмкіндігін арттыру. Мұнда ең күшті аудандардан, облыстардан іріктелген оқушылар келген.

Ауқымы кең кинофестиваль 2 күнге жоспарланған. Жеңімпаздар 7  жанрға сәйкес, 7 түрлі номинацияда және жалпыкомандалық есепте марапатталады. Режиссерлік немесе актерлік шеберлігімен ерекше көзге түскен балалар болса, жеке ынталандыру сыйлықтарына ие болмақ.

АЙЗАТ Бауыржанқызы   

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР