20-09-2021
24.3 C
Шымкент

«Алтын күз-2017» мерекесі өтті

ОҚО Отырар ауданында ауылшаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз-2017» мерекесі аталып өтті. Оған шаруалар мен дихандардан бөлек ауылшаруашылық саласының ардагерлері, еңбек озаттары қатысты.
Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов ауданымызда өндірілген дәнді- дақылдар көрмесін тамашалап, осы өнімдерден дайындалған астан дәм татты. Мұнан соң аудан басшысы аудан шаруаларын мемлекеттік қолдау мен тынымсыз еңбектің арқасында күзгі егіс науқанын жақсы көрсеткішпен аяқтағанын, егіс көлемі артып, мал басы көбейгендігін атап көрсетті. Сондай-ақ, жақында ғана облысымызда алғаш рет өткен «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалінде «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша отырарлықтардың бірінші орын алғанын зор мақтанышпен жеткізді. Сонымен қатар, аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласы мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлестерін қосқан еңбеккерлерге алғыс хаттар табыстады. Сонан соң 2017 жылы ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Талапты, Ақтөбе, Отырар ауыл округтерін де арнайы сертификаттармен марапаттады. Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының шараға қатысушыларға арналған ән-биімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР