17-04-2024
13.3 C
Шымкент

Бәсеке өз мәресіне жетті

ОҚО Отырар ауданында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Отырар ауданының құрметті азаматы Құралбай Орынбасарұлының жүлдесі үшін самбодан облыстық турнир бастауын алып, түс ауа өз мәресіне жетті.
Дүбірге бөлеп, көрігін қыздырған бозкілемдегі бәсекеде балуандар кіл мықтылардың арасындағы дарабоздарын анықтады.
Жекелей салмақ дәрежелері бойынша 26 кг отырарлық Ә.Аңламас, 29 кг шымкенттік Ш.Рахманбердиев, 32 кг отырарлық К.Кемелхан, 35 кг кентаулық Е.Ахметбеков, 38 кг отырарлық Қ.Төлен, 42 кг шымкенттік Д.Құрмантай, 46 кг сарыағаштық А.Мұхамедәлиев, 50 кг кентаулық Д.Әбдіхан, 55 кг отырарлық Д.Бақтыбайұлы, +55 кг төлебилік А.Құлыбай жарыс жеңімпаздары атанып, алтынға ие болды. Шымкенттік А.Арап, отырарлық А.Смайл, И.Аңламас, Е.Таубай, К.Кеңесхандар, шымкенттік Т.Орынбасар, К.Орынбасарлар, кентаулық М.Құдияр, Н.Нұрбаевтар, сарыағаштық Н.Рахматуллаевтар күміспен күптелсе, Ж.Тасмырза, А.Алпыс, Е.Әмірәлі, М.Керімбай, К.Паттел, Г.Лесбек, Д.Аманбай, Е.Әбибулла, А.Жұмаділла, З.Абитай, Н.Ғалымұлы, Н.Әбдікәрім, Н.Бижанов, Е. Балтабай, С.Жантемір, К.Келдібек, Б.Құлмырза, А.Әбен, Ж.Махсұтхан, Т.Сыпалар турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Турнир қорытындысы бойынша Шымкент қалалық №10 күрес түрлері спорт мектебі ІІІ орын, кентаулықтар ІІ орынға табан тіреді. Отырарлық балуандар төрт салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, командалық есепте алғашқы орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР