16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Өзекті мәселе көпке ортақ

ОҚО Созақ ауданында халық қалаулысымен кездесу өтті. Онда аудандық мәслихатқа Шолаққорған ауылдық округінен сайланған депутат Гүлсара Алимбекова да өз сайлаушыларымен жүздесті. Кездесуде ауыл тұрғындары , Ы.Алтынсарин атындағы көшенің тұрғыны А.Абилов, Наурыз мөлтек ауданынан Р.Тоқаев, А. Қаратаев Ы.Алтынсарин көшесіне ауыз су жеткізіп берсе, алайда көшелерінің тым тар екенін және асфальтталғанын, асфальтталған көшені бұзып су жүргізген жағдайда, бұзылған асфальтті қайта жөндеп бере ме? Ауыз суды Торлан су қоймасынан полиэтилен труба арқылы халыққа жеткізіп берсе, жастар саябағына құзырлы органдар тәртіпті күшейтсе деген ұсынысын айтса, енді бір тұрғындар қиыршақ тас төселген кейбір көшелердің тым тарлығын екі машина жүрсе бірін-бірі күтіп қалатынын және көшенің бір жақ бетінде ғана су ағатын арық қазылған, жолдын екінші бетіне де су ағатын арық қазып берсе?-деген ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көпшіліктің айтқан пікірлерін өзіне жазып алған Гүлсара Алимбекова бұл мәселелерді тиісті басшылардың назарына жеткізетінене уәде берді. Ауыл тұрғындары сайлаушыларына деген зор сеніммен тарасты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР