04-09-2021
24.3 C
Шымкент

Пайымды пікір, ұтымды ұсыныстар тыңдалды

ОҚО Созақ ауданы №2 Теріскей сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Жүсіп Ғабит Елбергенұлының Теріскей сайлау округіне қарасты көше тұрғындарымен кездесуі Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында өтті. Кездесуге ауыл әкімі Әділ Елібаев, «Шолаққорған су» мекемесінің директоры Ғазиз Нышанбаев, аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Сейітов, мәслихат аппаратының қызметкері Нағашбек Тасқынов және тағы басқа да мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысып отырды. А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің директорының орынбасары Бақыт Нұрмаханов кездесуді ашып, тиісті салалар бойынша кездесуге қатысуға келген мекеме басшыларын тұрғындарға таныстырып өтті.Жиында халық қалаулысы ағымдағы жылы өз тарапынан атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Өз есебінде халық қалаулысы А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің алдындағы көшеге аяқ жол салу жұмысы бойынша үдеден шыққанын және ауыр жүк машиналарын айналма жолмен жүргізсе, жол бойына жарық орнатылса, мал бордақылау алаңы ашылса, көше бойындағы жолға су ағатын су құбырлары қойылса деген тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер бойынша 2017 жылдың қазан айына дейін атқарылған, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде хабар етті. Депутат Ғабит Елбергенұлы А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі аумағына аяқ жол салу жұмыстары ағымдағы жылдың шілде айында басталып, тиісті жұмыстар атқарылғанын, ал ауыр жүк көліктері бұрынғы айналма жолмен жүруге жарамсыз екенін, жол орталықтандырылған автотасымалдау мекемесінің балансында екенін, жолдың жөндеу жұмыстарын 2018-2019 жылдары бастайтынын, көшелерді жарықтандыру 2018 жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы жүргізілетінін, ал мал бордақылау алаңы бойынша Шолаққорған ауыл округі боынша «Әділет-1» АӨК жанынан 200 басқа арналған мал бордақылау алаңы жұмыс атқарып жатқанын, қазіргі таңда мал бордақылау алаңында 80 бас жылқы, 54 бас мүйізді ірі қара, бордақылануда екенін және «Нұрдос» АӨК жанынан 150 басқа арналған алаңның да жұмыс жасап жатқанын тілге тиек етті. Шолаққорған ауылының барлық көшелеріне керекті жерлерге қойылатын су құбырлары есептеліп, аудандық бюджетке қаржы бөлу жөнінде сұраныс жасалғанын да айтып өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары Р.Сағындықов, А.Бекжігітова, Б.Оспанова,Г.Темірәлиева, Б.Нұрмаханов ауыр көліктерді көше бойымен жүргізбеу үшін арнайы белгілер қою, көше бойына бағдаршам қою, мектеп жанындағы түрлі сулар жиналатын кәріз жүйесінің (септик) сыйымдылығын арттыру немесе арнайы лас суларды сорып әкететін көлік мәселесін қарастыру, мектеп іргесіндегі асфальт жолдан темір жолға дейінгі аралықты асфальттеу мәселесін қойды. Өйткені, ары-бері ағылған жүк көліктерінің шаңы мектеп ауласын басып қалатынын жеткізді. Төменгі ауыл көшелері ішіндегі су құбырларын ретке келтіру, мектеп алдындағы жолға оқушылар өту үшін жолақ сызу, ауылға келетін газ мәселесі сияқты өзекті сауалдарын халық қалаулысының назарына салды. Тұрғындар сауалдарына тиісті сала басшылары да өздері тарапынан тиісінше жауаптар берді.
Кездесу барысында айтылған ұсыныс, пікірлерді назарға алған депутат Ғабит Жүсіп бұл мәселелерді аудан басшысы мен тиісті мекеме басшыларына жеткізіп, оң шешілуіне ықпал ететінін айтты. Жиылған көпшілік өздері сайлаған халық қалаулысының осы уақытқа дейінгі атқарған белсенді жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп тарасты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР