test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Халықаралық туристтік инвестициялық форум өтеді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министірлігімен бірлесе отырып, 2017 жылдың 14-16 қарашасында Шымкент қаласында «Ontustik Tourism.Invest-2017» халықаралық туристтік инвестициялық форум өткізгелі жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Форум аясында туристік өнімдердің таныстырылымы және Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан көрікті жерлердің фотокөрмесі өтеді, сонымен қоса «SilkRoadFair» жәрмеңкесі мен қонақтарға арналған ақпараттық турлар ұйымдастырылады. Форум жұмысына Қытайдың Мемлекеттік туризм басқармасы, Қазақстан Республикасының туризм саласының және алыс-жақын шетел туризм индустриясының өкілдері, мемлекеттік органдар, қазақстандық және халықаралық іскерлік қауымдастық өкілдері, кәсіподақтар, туристік ұйымдар, ассоциациялар мен инвестициялық компаниялар қатысады. Форумның мақсаты — тиімді іскерлік кездесулерді ұйымдастыру,Ұлы Жібек жолында туризм индустриясын дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу, B2B — кездесулері, сондай-ақ Жібек жолы бойындағы туристік өнімдерді дамыту, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру және инвесторларды тарту болып табылады.www.inform.kz

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР