24-04-2024
22.3 C
Шымкент

«Мақтарал Антитеррор — 2017» оқу-жаттығуы өтті

ОҚО Мақтарал ауданының кіреберісіндегі «Азаттық» ауылында «Мақтарал антитеррор — 2017» терроризмге қарсы операциялық-тактикалық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті. Оқу-жаттығудың мақсаты терроризмге қарсы әрекет ету үшін Мақтарал аудандық жедел штаб мүшелерінің практикалық дағдылары мен тәжірибелерін жақсарту және күрделі лаңкестік әрекеттерді еңсеру барысында олардың топтасып жедел іс-қимыл жасауларын жетілдіру болып табылады. Сондай-ақ, жаттығу кезінде жедел штабтың күштерін жеткізу, жинау жүйелері қатаң тексерілді. «Қазіргі уақытта терроризм мен экстремизмнің таралуы — мемлекетіміздің, қоғам мен азаматтарымыздың өміріне төнетін шынайы қауіпке айналып отыр. Осыған байланысты халықаралық лаңкестік пен экстремизмнің өзге де белгілеріне қарсы әрекет ету республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде басым бағыттардың біріне айналды. Бұл бағытта Мақтарал ауданы әкімдігі құзырлы мемлекеттік органдармен, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып бұл зұлыммен күрестің тиімділігін арттыру жолында құқықтық, ұйымдастырушылық және тәжірибелік саладағы барлық қажетті іс-шараларды жасауда» — деді Мақтарал ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы Досым Асабаев. Айта кетейік, аудан тұрғындарын осы оқу-жаттығу іс-шарасының өткізілуіне түсіністікпен қарауға шақырамыз және қолайсыздықтар тудырған болса кешірім сұраймыз.

Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР