test
11-07-2024
21.3 C
Шымкент

Бюджет мәселесі қозғалды

Алтыншы шақырылған ОҚО Отырар аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы өтіп, оның жұмысын сессия төрағасы, депутат Жолбарысхан Мырзапейіс ашып, жүргізіп отырды.
Сессияда аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы №8/40-VI «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Қоғам ауылының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын бекіту және Талапты ауыл округіне қарасты Көкмардан, Шытты ауылдарындағы атауы жоқ көшелерге тарихи атау беру туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат Ә.Құртаевтың төрағалық етуімен өткен тұрақты комиссияда әбден пысықталып, жан-жақты талқыланды.
Тұрақты комиссияда көтерілген мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Эльмира Бейсенова мен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Есімбек, Талапты ауыл округінің әкімі Динара Жіпсібаева хабарлама жасады.
Сессияға қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов алда атқарылар жұмыстардың маңыздылығын айта келе, депутаттық корпусты бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Сессияда күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР