19-04-2024
21.3 C
Шымкент

Бақылау жұмыстарын жүргізді

Осы аптада «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес, комиссия мүшелері аудандық емханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Тұрғанбаев, аудандық мәслихаттың депутаты Г.Әлімбекова, партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Т.Абуовтарға аудандық емхананың инженері Б.Төлепбергенов пен «Авторемстрой ЛТД» ЖШС директорының орынбасары Д.Умаров аталған нысанның ішкі және сыртқы жұмыстарымен комиссия мүшелерін таныстырды.
Партиялық бақылау барысында жөндеу жұмыстарының орындалуы айлық кестеден біршама кешеуілдеп отырғаны анықталды. Атап айтар болсақ, жылу жүйесін іске қосу, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын атқаруда кідіріс орын алған.
Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан тапсырыс беруші мекеме басшылығына тиісті шешімдер қабылдап, күрделі жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзім ішінде сапалы аяқтау жайлы ұсыныстар берілді.
Нұрсұлтан Қанатұлы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР