02-09-2021
15.3 C
Шымкент

Бағдарлама басшылыққа алынуда

Бүгінгі күні балалар кең көлемде білім алуды меңгерулері қажет. Ойлау өрісін дамыту үшін, тапсырмаларды ойын түрінде қолдану керек. Балаға дұрысты бұрыстан ажырату қызықты болуы тиіс. Осындай еркін және көңілді тәсілдің көмегімен сіз оны мүмкін нәрсені мүмкін емес нәрседен ажырата білуге және оны сыни ұғынуға итермелейсіз. Сыни ойлауды қалыптастыру үшін суреттерді қолдану әдістемесі пайдалы болып табылады. Ойлаудың бұл түрін арнайы әдістеме арқылы дамыту, балаға ол бірінші сыныпқа барған кезінде баяу оқуға және оқығанын түсінуге, сондай-ақ математиканың алғашқы әліпбиін түсінуге көмектеседі. Бастапқы кезеңде бұл жұмыс балалар үшін байқаусыз болуы және ойын немесе сұхбат түрінде өтуі тиіс. Кәсіпкер Е. Қарнақбаев ауданымыздан бірнеше балабақша ашқан болатын. Соның бірі Созақ ауылындағы «Армантай» бөбекжай бала – бақшасы. Жаңа типте жасалып, көрнекіліктерді балдарға жеткілікті етіп әкелген. Алдыңғы қатарлы балабақшаның бірі десек артық айтпаған боламыз. Жуырда «Армантай» бөбекжай бала — бақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларға жаңартылған бағдарлама аясында баланың танымдық қабілетін дамыту негіздері» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинарды Шолаққорған ауыл округінің әкімі Ә.Елібаев және Созақ ауылдық округінің әкімі Б.Әметов, Созақ ауылының мәдениет үйінің директоры Т. Алтыбаевтар ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинардың мақсаты мен міндеттерін балабақша меңгерушісі А.Бабажанова таныстырды. Семинарға Шымкент қаласынан келген балабақша меңгерушісі Л. Үсенова, Түркістан қаласынан келген меңгеруші Б. Омарова және аудандағы барлық мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен тәрбиешілері, қатысты. Көркем әдебиет, драма «Бақшадағы көкөністер»тақырыбында М.Рысқұлбекова, А.Құдайбергенова, ағылшын сабағынан «My fa mily and parents» А.Искакова, А.Жорабекова қоршаған ортамен таныстыру «Жолда жүру ережелері» Ә. Мадиева, А. Амандықова, тренинг «Жылы жүрек» Қ. Жахашбаевалар ашық сабақтарын жаңа технологияларды пайдаланып, өз дәрежесінде өтті. Балалар концерттік бағдарламада бірі шырқала ән салып, бірі бұрала би билеп, Алдар көсенің «Сиқырлы қасық» ертегісін сахналап, оркестрде орындады. Бала көбірек сұхбаттасса, пікір таластырса, өз көз қарасын дәлелдесе, оның сөзі неғұрлым дамыған және сауатты бола түседі. Бейнелі ойлау баланың мектепке дейінгі жасынан қалыптаса бастайды. Баланың жеке басын әлеуметтендіру үдерісінің басында туындай отырып, сыни ойлау оның зияткерлік қабілетінің алдағы уақыттағы болашағын маңызды түрде айқындайтын дербес білім болып шығады.
Біржан Жандәулетов

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР