test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ассамблеямен бірлескен жұмыстар жүргізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы халқы тығыз орналасқан аймақтарының бірі болып табылады. Осыған орай өңірдегі жұмыссыздық деңгейі төмендету мақсатында халықты жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге көшіру жұмыстары жалғасып келеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі қарай — Департамент) облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе солтүстік аймақтарына көшуге ниетті азаматтармен кездесті.
Іс-шарада Департаменттің бас маманы Ғ.Жүндібаев, облыстық Ассамблея хатшылығының бас инспекторы А.Әмзеева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Т.Құдайбергенов сөз сөйледі.
Кездесуді облыстық Ассамблея хатшылығының бас инспекторы А.Әмзеева ашып берді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Т.Құдайбергенов атқарылған жұмыстар мен солтүстік аймақтарға көшкен тұрғындардың жетістіктеріне тоқталды. Тұрар Керімұлының айтуынша басқарма тарапынан қоныс аударған азаматтарға мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері де көтерілді. Бұл тақырыпқа Департаменттің бас маманы Ғ.Жүндібаев тоқталып өтті. Ғабит Жүндібаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Елбасы Жолдауының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР