15-09-2021
31.3 C
Шымкент

Тұрғындармен кездесу өткізілді

«Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы  «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел-өркендеуші ел» партиялық жоба аясында ҚР Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы және рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласынан және партияның сайлауалды, «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламаларынан туындайтын мақсат –міндеттерді жүзеге асыру барысында Партияның Арыс қалалық филиалының АНТ Шөгірлі ауыл тұрғындары және БПҰ мүшелерімен  кездесу өткізді.

Кездесу барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған партияның Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қалиев Иманқұл Ноғайбайұлы — Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады». Сондықтан «Қазақстан–2050» Стратегиясының, Елбасының –Қазақстан халқына арнаған Жолдауының және партияның сайлауалды бағдарламаларынң мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын тілге тиек етті. Осыған байланысты Елбасының бұқаралық сананы жетілдіруге байланысты сәуір айындағы «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың маңызды алты бағытына жеке-жеке тоқтап, жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, жиынға қатысушыларды мемлекеттік бағдарламалардың, атап айтқанда: «нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның» және агрөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының мүмкіншіліктерімен таныстырып,, әсіресе ауылдық жерлерде жеке үй шаруашылықтары мен фермерлерді кооперативтерге тарту мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, Ақпараттық насихаттау тобының мүшесі, Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім» ММ-нің асистенті Юнусов Камалбев Спатайұлы -2018 жылы қолданысқа енгізілетін атаулы әлеуметтік көмекке байланысты заңның талаптарымен жиынға қатысушыларды таныстырып өтті.
Кездесу барысында тұрғындар мал ұрлығының дендеп тұрғаны, байланыс жүйесінің нашар істейтіні туралы мәселелерді көтеріп, тиісті орындарға ықпал жасауды өтінді.
Кездесу соңында «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының бірінші орынбасары Иман Қалиев ақпараттық насихаттау тобымен бірге Ұлы Отан соғысының ардагері 94 жасқа келген Нарбаев Абылай ақсақалдың тұрмыс тіршілігімен танысып, қал-жағдайын біліп қайтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР