06-04-2022
29.3 C
Шымкент

Жергілікті полиция қызметінің атқарған жұмысы талқыланды

ОҚО Кентау қаласы әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев төрағалық еткен жиынның күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Яғни, әкімдік мүшелері Кентау қаласының 2017 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы индикаторларының орындалуын, қалалық ішкі істер бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарын талқылады.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Илхам Азизбаев мәлімет берді. Қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ерлан Аширов жарыссөзге шығып атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Жиында Жергілік полиция қызметінің жұмысы да жан жақты сараланды.
Мамандарды мұқият тыңдаған қала басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы индикаторларының орындалуы бойынша берілген тапсырмалардың мерзімінде орындалуы керектігі жөнінде сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.
Ал, жергілікті полиция қызметіне базардағы ретсіз сауда мен жол-көлік қозғалысын реттеу қажеттігін айтты. Мал ұрлығы мен пәтер ұрлығын, құқықбұзушылықты, жастар арасындағы қылмысты ауыздықтау және өзге де жайттар бойынша нақты міндеттер жүктеді. Әкімдік мүшелері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исахан Жұмабаев пен қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев пәтер ұрлығы орын алған қала аумағына сараптау жасау қажеттігін, құқықбұзушылықты болдырмау және көшедегі қараусыз жүрген иттердің иелеріне айыппұл салу жайында сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.
Мәжілісті қорытындылаған қала басшысы жұмыстардың жоспарлы түрде жүзеге асуы және тапсырмалардың мерзімінде орындалуы қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР