19-04-2024
18.3 C
Шымкент

Қоғамдық көлікті смартфон арқылы біле алады

Жаңа технология дамыған кезеңде мұны әсіресе мегаполс қалаларға ендіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.Сондай технологины Шымкентке тиімді болмақ. Енді қала халқы мен қонақтары өзіне қажет қоғамдық көліктің қай жерде келе жатқанын, тиісті аялдамаға қанша уақытта жететінін қолындағы смартфон арқылы біле алады. Ол үшін қоғамдық көліктерді бақылауға арналған мобильді қосымша іске қосылады. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың қоғамдық көлік компанияларының басшыларымен кездесуінде мәлім болды.

Жиында қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қуатжан Жұматаев қоғамдық көлік мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Оның айтуынша, бірқатар компанияларда қоғамдық көліктерді бақылап отыратын GPS орнатылмаған. Аталған мәселеге жауапты компания басшылары бір апта ішінде олқылықтардың орнын толтыруға уәде берді. Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай GPS құрылғысын барлық автобустарға тездетіп орнатуды тапсырды. Ал, бұзылғандары болса, жөндеп, жаңасын сатып алуға бір апта уақыт берді.

АЙЖАН Әшірхан

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР