15-04-2022
21.3 C
Шымкент

«Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды

ОҚО әкімдігінде өткен мәжіліс барысында облыс әкімі Ж.Түймебаев салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен облыстық мәслихаттың депутаттары Серікжан Сейтжановты, Дәурен Ахметовты, Жамалбек Шәріпбек пен Нұралы Әбішевті, Талғат Баймаханов және Уалихан Рахиеваларды марапаттады. Осындай төсбелгіні мәслихат хатшысы Қ.Балабиев облыс әкіміне тақты. Бұдан бөлек, облыстың дамуына ерекше сіңірген еңбегі мен қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен және өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына сіңірген еңбегі үшін облыстық мәслихатының Грамотасымен жалпы  жеті азамат марапатталды. Сессия жұмысын қорытындылаған Ж.Түймебаев барша депутаттарды жаңаша бағытпен, жаңаша көзқараспен жұмыс істеуге шақырды.  «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен халыққа арнаған Жолдауын халыққа түсіндіретін Сіздерсіздер. Сондықтан әрбіріңіз аталған құжатты қайта қарап, талдап шығыңыздар. Қазіргі экономикалық дамудың нәтижесіне байланысты біз жаңаша бағытпен, жаңаша көзқараспен жұмыс істеуіміз қажет»,-деді облыс әкімі. Он айдың қорытындысы бойынша өңірде ауыл шаруашылық, өндіріс саласы мен кооперативтердің ашылуы және инвестиция тарту, құрылыс пен мемлекеттік жекешілік әріптестік бойынша облысымыз республикада көш ілгері екенін айтқан өңір басшысы, бірлескен жүйелі жұмыстардың арқасында осы жылды жақсы көрсеткішпен аяқтайтынымызға сенімдімін деді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР