03-09-2021
28.3 C
Шымкент

50-ден астам компания өз өнімдерін ұсынды

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен AgriTek Shymkent’2017 ауыл шашуашылығы көрмесінде Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия, Өзбекстан сынды шетелдік 50-ден астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынып отыр. Онда келушілер ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарын, қосалқы бөлшектерді, суару және тыңайту технологияларын, жылыжайларды, тұқымдар мен екпелерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, мал шаруашылығына арналған технологияларды, ветеринарлық технологияларды көре алады.Сонымен қатар, халықаралық көрмеде отандық және шетелдік компаниялар мен кәсіпорындар облыстың аграрлық саладағы жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, олармен іскерлік байланысты нығайтып, озық технологиялар туралы пайдалы мағлұматтар ала алады. Дәстүрге айналған AgriTek Shymkent – 2017 көрмесі Қазақстан мен шет мемлекеттердің аграрлық саладағы жетістіктерін одан әрі молайта түсетінін ескере кеткен жөн.  Айта кетейік, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнім көлемін арттыру үшін биыл Оңтүстіктің шаруалары 900-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР