20-04-2024
24.3 C
Шымкент

Рухани жаңғыруға бастайды

Елімізге белгілі қаламгерлер Жолтай Әлмашұлы мен Жарылқап Бейсенбайұлы Түркістан қаласының зиялыларымен кездесті. Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде өткен жиынға аталған оқу орнының ұстаздары, ғалымдар мен қаламгерлер және қала жастары қатысты.
Басқосуды басқарған профессор Хазіретәлі Тұрсын қос қаламгердің шығармашылығына кеңінен тоқтала келе, Ж.Бейсенбайұлының шоқантанушы, ал Ж.Әлмашұлының драматург-жазушылығанан бөлек тұңғыш дипломат нәзіртанушы екенін тілге тиек етті.
Жиын барысында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков өз сөзін мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласымен байланыстырып, құрметті меймандардың шығармашылық еңбектерін рухани жаңғыруға бастар жол екендігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар Мәдениет қайраткері, ақын Нұрмахан Назаров шығармашылық адамдарымен болған мұндай кездесулердің жастарға рухани берері мол екенін айта келе, қалам иелеріне шығармашылық табыс тіледі.
Кездесу барысында қаламгерлер жиналғандарға Қазақстан Республикасы Президентінің рухани жаңғыруға бастар бағдарлы қадамын сөз етіп, жастарға болашақ мамандықтарының шын иесі болуларына тілектестіктерін білдірді. Шара соңында Ж.Бейсенбайұлы мен Ж.Әлмашұлының иықтарына шапан жабылып, арнайы сый құрмет көрсетілді. Сондай-ақ белгілі әнші-сазгер, Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері Сауранбек Елеуов әннен шашу шашты.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР