20-04-2024
13.3 C
Шымкент

Міндеттерді өңірде орындау — басты мақсат

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды орындау бүгінгі өзекті мәселе. Бұл тұрғыда аймақ басшылары бағдарламаны басшылыққа алып, міндеттерді орындауға кірісіп кетті. ОҚО Түркістан қаласы әкімі Ә.Өсербаев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындаған міндеттерді Түркістан қаласында қалай іске асыру қажет? Осы мәселеге орай қала әкімі бағдарламаны өңірде іске асыру барысымен танысты. Қала әкімдігіне қарасты ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім басшыларының қатысуымен өткен жиында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Букебаев баяндама жасады. Баяндамада аталған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар атап өтіліп, алдағы межелі міндеттер жайын рет-ретімен сөз етті. Бағдарламалық мақаладан туындайтын жұмыстарды асқан жауапкершілікпен іске асыруды тапсырған қала әкімі Ә.Өсербаев бұл мақсаттағы әрбір іс қатаң бақылауда болатынын жеткізді. Енді бекітілген тапсырмаға сәйкес қала әкімдігіне қарасты бөлімдер басшылық алдында тиісті мерзіміне сай есеп беріп отырмақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР