03-09-2021
23.3 C
Шымкент

Ауыл еңбеккерлері марапатталды

ОҚО Отырар ауданында дәстүрлі «Алтын күз» жәрмеңкесі болып өтті. Шаруа қауым ала жаздай еткен еңбегінің есебін беріп, жергілікті тұрғындарға азық-түлік өнімдерін арзан бағада ұсынды. Салтанатты жиында бас қосқандар жылдың үздік еңбеккерлерін арнайы марапаттады. Маңдайын күнге күйдіріп, облыстың агросаладағы жетістігін еселегендер ерекше әспеттелді.  Айтулы шараға шаруалар мен дихандардан бөлек, ауыл шаруашылық саласының ардагерлері, еңбек озаттары қатысты. Жиында сөз алғандар ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жолында егістік пен мал шаруашылығының үлесі ерек екенін екшеді.  Биыл отырарлық шаруалардың «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша асығы алшысынан түскен. Сол үшін де облысымызда тұңғыш рет ұйымдастырылған «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалінде бірінші орынды иемденді. Осыны ескерген аудан басшысы бірқатар шаруаларға арнайы Алғыс хат табыс етті. Бірқатар ауылдық округ әкімдеріне сертификат берді. Бұл күні жылдағы үрдіске сай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аудан еңбеккерлері өз өнімдерін арзан бағада ұсынып, көптің ықыласына бөленді. Алдағы уақытта мұндай жәрмеңкелер ауыл округтерінде де өтетін болады. Онда халық сұранысына ие өнімдер делдалсыз төмен бағамен ұсынылмақ. Бұл өз кезегінде бағаны тұрақтандырудың төте жолы, — дейді шараны ұйымдастырушылар.

ПЕРИЗАТ Бинаазарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР