15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Әр сенбіде жәрмеңке

ОҚО Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Ауыл округтерінен жеткен шаруалар өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынды. Мәселен, картоп бағасы 70-90 теңгені, қырыққабаттың бағасы 40-50 теңгені, пияздың бағасы 60 теңгені, асқабақтың бағасы 40 теңгені құрады. Ал, қой еті тұтынушыларға 1200 теңгеден сатылды. Аудан әкімі Рашид Қайыпжанов мұндай жәрмеңкенің орталық алаңда әр сенбіде өтетінін мәлімдеді. Мақсат — аудандағы өндірілетін өнімдердің аудан тұрғындарына қолжетімділігін арттыру.
— Биылғы жылы аудан бойынша 7 мың тоннадан астам картоп, 59 мың тоннадан астам көкөніс, 50 мың тоннаға жуық бақша өнімдері жиналды. Жыл басынан бері 282 мал бордақылау алаңы, 60 шағын жанұялық сүт аулалары іске қосылды. Ауданда мал мен құс еті өндірісі 2017 жылдың тоғыз айында 16 996 тоннаға жетті. 34 426 тонна сүт, 7869 мың дана жұмыртқа өндірілді. Осы өнімдермен біз ЕҢ алдымен аудан тұрғындарын қамтамасыз етуіміз қажет, — деді аудан басшысы Рашид Үсіпханұлы өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР