22-09-2021
16.3 C
Шымкент

Мәдени мұраны сақтау — парыз

ОҚО Отырар ауданында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәслелері» тақырыбында республикалық ғылыми- тәжірбиелік семинары өтті.
Семинарға еліміздің түкпір-түкпірінен 120-дан астам ғалымдар мен ізденіс жолындағы ғылыми қызметкерлер қатысып, Отырар өңірінің тарихынан сыр шертетін көрмемен танысты.
Мұражайдағы жәдігерлердің сақталуы, қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы тәжірбие алмасу мақсатында өткен басқосуды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Әбіл Жоламанов ашып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтауын жеткізді. Мұнан соң сөз алған ҚР Ұлттық мұражайы директорының орынбасары Дәулеткерей Құсайынов пен аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш Отырар тарихындағы мұражай саласының жетістіктерін атап өтіп, келген қонақтарға сәттіліктер тіледі.
Семинардың пленарлық отырысында ғалымдар мен ізденушілер өздерінің ғылыми ізденісі мен бағыттары бойынша баяндамаларын жасаса, ұйымдастырушылар тарапынан семинарда ұсынылған баяндамалардың барлығы жинақталып, арнайы кітап болып шығатындығын айтып өтті.
Пленарлық мәжіліс соңында жақында ғана ашылған Ұлттық қол жазбалар және сирек кітаптар орталығы директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы Әмірқұл Әбуов Сауд Арабиянан жеткізілген кітаптардың ішінен 9 кітап Әбу Насыр әл-Фарабидың қолжазбалары бар екенін сүйіншілей айтып, әулиелігі мен кереметтері арқылы көпшілікке танылған тұлғалар жайлы «Рашахат Айн Әл-Хаят» атты кітапты мұражайға табыстады.
Өлкенің тылсым тарихына бойлап, өскелең ұрпақ үшін маңызы ерекше мағлұматтар айтылған республикалық семинар ертең жалғасын табатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР