08-04-2022
21.3 C
Шымкент

Армысың, Алтын күз!

Күз дегеніміз – байлық, молшылық, жазира даланың дархан дастарханы екені белгілі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын» — деп барша елімізді ынтымаққа шақырғанындай біздің күшіміз бен сеніміміз халықтың бірлігі мен жарасымды жарастығында.
Халқымызда «Еңбек етпесең елге өкпелеме, егін екпесең жерге өкпелеме» деген нақыл сөз бар.
Елдің де, жердің де атақ абыройын еңбек адамдары шығаратындығы белгілі. Нағыз еңбек адамы елдің баянды бағы.
Еңбегінің жемісін көріп отырған қаламыздың еңбек озаттары да Елбасының тапсырмалары мен мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру мақсатында тынымсыз және тыңғылықты жұмыстар жүргізіп, өзіндік жақсы көрсеткіштерімен қарсы алуда.
Осы орайда, бүгін дәстүрге айналған «Алтын күз» жәрмеңкесі орталық Әл-Фараби алаңында ұйымдастырылды.
Қала әкімі М.Қадырбек, қала әкімінің орынбасарлары, зиялы қауым өкілдері шаруалардың өндірген өнімдерімен танысып, жәрмеңкені аралап, тұтынушылармен жүздесті. Аталған жәрмеңкеде ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, ауыл еңбеккерлері өндірген өнімдерден ұлттық тағамдар әзірленді.
Жәрмеңке қалалық мәдениет үйінде салтанатты жиынға ұласты.
Салтанатты шара барысында шаһар басшысы Мұрат Болатұлы мерекеге орай тұрғындарға ізгі тілегін білдіріп, Елбасының тапсырмаларымен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда, қаламыздың жаңарып, гүлденуіне, әлеуметтік экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға, еліміздің ен байлығын тасқындатуға ерен еңбектің үлгісін көрсеткен дала еңбеккерлеріне «Еңбек даңқы» белгісімен, «Алғыс хат» және «Құрмет грамотасымен» марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Алтын күз-2017» жеңімпазы Ақдала ауылдық округ әкімдігіне су жаңа «Нива» автокөлігінің кілті салтанатты жағдайда табыс етті.
Арыс аспанын әнге бөлеген мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, қаламыздың әншілері жиналған қауымға өнер көрсетіп, ән-биден шашу шашты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР