18-04-2024
17.3 C
Шымкент

Жылыжай егіп, мол табысқа кенелуге болады

Кәсіптің көзін тауып, құпиясына қаныққан қазығұрттық дихандардың пікірі осындай. Мемлекет те шаруаны демеп, несие беріп, субсидия төлеп отыр. Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп, өз ісін дөңгелетіп отырған  азаматтардың бірі — Қызылқия ауылының тұрғыны Ермек Балтаев.  Тірлігі тиянақты, бағдары бекем шаруа алғашқы өнімдерін Астана жұртына жеткізуде. Қызанақтан түсетін табысы жаман емес. Жылыжайдың аумағын кеңейтіп жатыр. Жаз, күз мезгілдерінде өнімдер Астана қаласына 2-3 реттен жіберіледі. Қалғаны Қазығұрт ауданы халқының игілігіне жарап тұр. Әр ай сайын ауданда ұйымдастырылатын жәрмеңкеде саудаланды. Шаруаның айтуынша, ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің қолдауы мен жәрдемі осы қарқынмен жалғаса берсе, бұдан да үлкен табыстарға жетуге болады . Кәсiбiнiң нәсiбiн көрiп отырған келесi кәсiпкер – Ербол Әбенов. 8-соттық жерге жылыжай салған. Тауардың сапасы жоғары. Өнімдері экологиялық таза. Химиялық қоспасыз өсіріледі. Өйткені, биоқорғау жүйесі жұмыс істейді. Диханның алға қойған жоспарлары да ауқымды. Келер жылы өндіріс аумағын 1 гектарға дейін жеткізуді көздейді. Ал, биыл өнімділікті мың тоннадан асыру межеленген. Біз шаруасын бағамдаған екі кейіпкер де «Ырыс» МҚҰ-нан  несие алған. Біле жүргеніңіз абзал. Жұмыссыз немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз етiп отырғандар аталған ұйым арқылы 6 миллион теңгеге дейiн қаржы ала алады. Несиенiң сыйақы мөлшерi 7 пайыздан аспайды. Өтеу мерзiмi – 5 жыл. Ең бастысы, қаражатты алған кәсiпкер 60 күн iшiнде несиенi мақсатты пайдаланғаны туралы  құжаттарын өткiзуi тиiс.

ГҮЛЖАУХАР Ахметқызы  

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР