17-04-2024
9.3 C
Шымкент

Түркістанда әлеуметтік базар ашылды

ОҚО Түркістанда әлеуметтік базар ашылды. Қала орталығында бой тіктеген сауда қатары облыс әкімінің тапсырмасына сай жұмыс істейді. Бұған тапқаны талғажаудан артылмайтын тұрмысы төмен отбасылар ерекше қуанды. Әрі дихандар да жаз бойы жиған-тергенін сатуға мүмкіндік алмақ. Бақша, егістік өнімдерінің қолжетімді әрі арзан бағада болуы ең алдымен, әлеуметтің әл-ауқатының артуына оң ықпал ететіні сөзсіз. Осыны екшеген шаһар басшысы әлеуметтік сауда орнының алдағы уақытта халық игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді. Айтып өтейік, жыл басынан бері Түркістанда 31 миллиард 600 мың теңгенің өнімі өндірілген. Ол — жалпы ішкі өнім көлемінің 30 пайызы. 6,5 миллиард теңгенің өнімі Солтүстік аймақ пен Ресейге экспортталды. Дәл қазір тарихи мекен шаруалары ел нарығын 10 тонна ет және 50 тонна сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде. Ал, жаңадан ашылған базар қала орталығында орналасқан. 100-ден астам сауда нүктесі бар. Ондағы нарыққа тек жергілікті тауарлар шығарылды.  Ендігі жерде картоп, пияз, сәбіз сынды көкөністер мен бақша дақылдарын егетін шаруаларды осы базарға тарту көзделіп отыр. Қазір Түркістанда 5 базар жұмыс істейды. Киім-кешек, азық-түліктен бөлек, көкөніс сататын арнайы сауда орындары да бар. Ал, әлеуметтік сауда қатары бұрынсоңды болмаған. Сондықтан да «Жібек жолы» базары жергілікті халыққа тиімді қызмет көрсететін бірден-бір орталыққа айналып отыр.

ПЕРИЗАТ Биназарқызы 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР