18-04-2024
14.3 C
Шымкент

4 әлеуметтік дүкен ашылды

ОҚО Түлкібас ауданында базар бағасын реттеу үшін 4 бірдей әлеуметтік дүкен ашылып, ел игілігіне жұмыс істеп тұр. Бұл сауда нүктелері аудандағы халық көп шоғырланған аумақтарда орналасқан. Және мұнда тұрмысы төмен отбасыларға кез-келген азық-түлік тауары базар бағасынан 20-30 пайызға дейін арзан сатылады. Тегін киім де үлестіріледі. Түлкібас ауданының орталығы Рысқұлов ауылында әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген 165 отбасы бар. Ауыл орталығындағы мына әлеуметтік дүкен сол жандардың қажеттілігін өтеу үшін ашылған. Мұнда күнделікті тұрмыста керек 50 түрлі өнім бар. Барлығының да бағасы базар құнынан айтарлықтай төмен. Бұл мемлекеттік көмекпен күнелтіп жүрген азаматтарға тағы бір мүмкіндік болып отыр.  Нұргүл Қамысбаева –Т. Рысқұлов ауылының тұрғыны: Негізі ашылғаны дұрыс болды. Базарда бәрі қымбат болып кетті ғой. Осындай дүкендердің ашылғанына өте қуаныштымыз. Қай өнімдер қымбаттап кеткен еді? Май, картоп өте қымбат еді.

Бағаны тұрақтандырып, тұрмысы төмен отбасыларды арзан өніммен қамтамасыз ету үшін ашылған мұндай дүкендер Балықты, Рысқұлов ауылдары мен  Састөбе, Түлкібас поселкелерінде де бар. Аталған сауда орындарын тауармен қамтамасыз етү үшін билік аудандағы өнім өндірушілермен үшжақты келісімге келген. Ол бойынша жақында дүкен жанынан қосымша әлеуметтік қызмет түрлері көрсетілмек.

Бауыржан Ахметов –Түлкібас поселкесі әкімінің міндетін атқарушы: Мынау әлеуметтік дүкеннің ғимараты мемлекеттік меншікте болғаннан кейін біз шаштаразшы, етік тігуші, киім тігуші азаматтарға аренданы тегін қылып, есесіне, олар біздің әлеуметтік топтағы отбасыларымызға тегін қызмет жасап беретін болады.

Айтып өту керек, әлеуметтік дүкеннен тек мемлекет көмегіне мұқтаж отбасылар ғана төмен бағада азық-түлік ала алады. Өзге жандар үшін де бұл сауда қатарында 10 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР