01-09-2021
30.3 C
Шымкент

Түркістан облысында 6 мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегін күтуде

Түркістан облысында 6 мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегін күтуде.

Бұл мәселе облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің жиынында сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР 1919 жылы Бродвейде хит болған Turkestan әнінің пластинкасы табылды Арыста ардагерлерге арналған белсенді өмір сүру орталығы ашылды Түлкібас ауданының тұрғыны газ ұрлаймын деп істі болды Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Қайнар Абасовтың төрағалығымен өткен басқосуға облыстық мәслихат депутаттары мен Адами капиталды дамыту басқармасы басшылығы мен аудан кәсіпкерлері де қатысты. Кездесуде білім беру саласындағы кәсіпкерлер мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында нормативке сай төлем жүргізуге қаржының жетіспеушілігі мәселесін көтерді. Айтуларынша, жан басына шаққандағы қаржыландырудың төленетін сомасы облыста республика бойынша белгіленген нормативтен әлдеқайда аз төленуде. Яғни, өткен жылы облыста тиісті сома 31 010 теңгеден болса, өңірдегі балабақшаларға орташа есеппен 20 988 теңге төленген. Биыл жан басына қаржыландыру әдістемесі бойынша бір балабақша баласына қала бойынша -37 527 теңгеден, ауылдық жерлерде -41 053 теңгеден төленуі тиіс. Алайда бюджетте қаражат жеткіліксіз болғандықтан, жан басына шаққанда қаржыландыру нормативке сай толық көлемде төлем жүргізу проблемасы тағы да туындауда. Мәселені шешу үшін облыс әкімнің тиісті орынбасарлары атынан Білім министрлігіне республикалық бюджеттен жетіспейтін қаражатты бөлуді мақұлдау үшін хат жолданған болатын. Хатқа қол қойылғаннан кейін білім министрлігі Қаржы министрлігіне 23 493 633,0 мың теңге сомасына сұрау салған. Мәселе әлі оң шешімін таппай келеді. Облыс бойынша қазіргі таңда 1424 мектепке дейінгі мекеме бар болса, оның 1024-і жекеменшік балабақша. Тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің жалпы саны 155 мыңды құраса, жеке балабақшада 115 мыңнан асады. «Бұл мәселелер балаларымыздың тәрбиесі мен білімінің сапасына де әсер ететіні анық. Адами капиталды дамыту басқармасының мәліметінше қаражаттың жетіспеушілігі 5500 бүлдіршіннің балабақша кезегінде тұруына мәжбүр етуде. Бұл мүлдем ақылға сыймайтын жағдай»,- деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков. Өңірлік кеңес төрағасы мәселенің маңыздылығын ескеріп, Мәжіліс депутаттары атынан тиісті министрліктерге ұсыныстармен шығып, Республикалық бюджетке өзгертулер енгізу бағытында жұмыс жасайтынын жеткізді.

Дерек көзі: https://www.inform.kz/

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР