01-09-2021
30.3 C
Шымкент

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 318 НЫСАНҒА ТЕКСЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына тұрақты бақылау жүргізілуде.
Өткен тәулікте 318 нысанға (311 кәсіпкерлік нысан, 7 жеке нысан) тексеру ұйымдастырылды. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, 11 мамыр күні қалада КВИ-дің 69 жағдайы тіркелді: 32 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 37 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы – 100, Шымкент клиникалық балалар ауруханасы – 10, Шымкент жүрек орталығы – 6). Төсек-орын толымдығы – 48 %, 729 төсек-орын бос.
Өткен тәулікте қалада 8 135 адам вакцина алды: I компонент – 2 835, II компонент – 5 300. Егу науқаны басталғалы барлығы 152 153 адам вакциналанды. Оның ішінде 58 581 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР