15-04-2024
14.3 C
Шымкент

ТҮЛКІБАСТА ТАУ ПІСТЕСІ ЖАЙҚАЛЫП ТҰР

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы таулы аймақтарда тау пістесі пісіп, жайқалып тұр. Тау пістесі өзге дәнді дақылдардан алғашқы жемісін 30 жылдан кейін беретінімен ерекшеленеді.
Қазақ халқы тау пістесінің пісіп, өнім бергенін қашанда жақсылыққа балаған. Көпшілікке фисташка деген атпен таныс тау пістесі жайлы тарихта көптеген деректер бар. Мамандардың сөзінше, қазақ халқы ежелден бұл жеміс ағашын киелі деп қадыр тұтқан. Оның бірден-бір себебін адамдардың ашаршылық кезеңде осы тау пістесін талғажау еткенімен байланыстырады. Тіпті, соғыс кезінде де қалың болып өсетін ағаш көпшілікке пана болған деседі.
Тау пістесінен көшет алып, өндіріп өсіру өте қиын шаруа екенін айтады мамандар. Бұл ағаш аталық және аналық бұтақтары қатар тұрғанда ғана гүлдеп, жеміс береді. Қарапайым жаңғақ іспетті жеміс беретін ағаштан шамамен екі-үш келі ғана өнім алуға болады.
Тау пістесі тамыз айының соңы мен қыркүйектің орта тұсында піседі. Түлкібастық тау пістесінің орта Азия елдерінде өсетін пістеден ерекшелігі көлемі кішірек келеді. Ал, құрамы 2 есе майлы яғни, құнарлы. Дәмі тіл үйіреді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР