19-04-2022
17.3 C
Шымкент

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімдігінде сыйбалас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар талқыланған жиын өтті. Оған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Өркен Балажанов және ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері және осы салаға қатысты коммуналдық кәсіпорын басшылары қатысты. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Басқарма басшысының айтуынша, басқармада былтыр сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмыс жүргізілген. Жалпы басқарма тарапынан 27 бюджеттік бағдарлама бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде, 10 бюджеттік бағдарлама бойынша шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау қарастырылған.
Электрондық портал арқылы 2021 жылы 25750 (2020 жылы 31359) мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызметкерлер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және кәсіпкерлер арасында тікелей байланысты болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне итермелейтін іс-әрекеттің жолын кесу мақсатында 2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметтер толық «Qoldau KZ», «Plem KZ» электрондық порталдары арқылы жүргізілуде. Бұрын ауыл кәсіпкерлер субсидия алуға құжаттарды бірінші аудандық немесе қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне жолдайтын. Одан кейін аудандық ведомствааралық комиссия өтінімдерді тексеріп көріп, оны аудан, қала әкімі бекітіп, ауыл шаруашылығы басқармасына жолдап, басқарма жиынтық тізім жасап болған соң ғана субсидия төленетін еді. Бұл кемінде 2-3 апта уақытты алып, шаруаларды әуреге салатын.
Қазіргі таңда жеке және заңды тұлғалардың электрондық портал арқылы субсидиялау бойынша өтінімдері тікелей басқармаға келіп түскен соң құжаттары 1 күн мерзімінде заң талаптарына сәйкестігі тексеріліп, тиісті төлем жүргізуге жиынтық тізім дайындалады.
— Субсидияның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс тобын қажет ететін бюджеттік бағдарламаларға қоғамдық ұйымдар, мүдделі органдардың қызметкерлерін енгізіп отырмыз. Мысалы «Инвестициялық субсидия» бағдарламасы бойынша алдынғы жылдары тек екі адамнан құрылған жұмыс тобы іске асырылған жобалардың нақтысын тексеріп көретін. Ал қазіргі таңда жұмыс тобына ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен жұмыс тобына аудан, қалаларда құрылған арнайы мониторинг топ мүшелері, «Nur otan» партиясы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізілді, — дейді басқарма басшысы.
Жиында диқандар мен малшыларға, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету, бюрократиялық кедергілерді тоқтату, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде ұсыныстар беріліп, жоспарлар талқыланды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР