test
10-07-2024
29.3 C
Шымкент

«ТҮРКІСТАН АРУЫ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауына іріктеу аясында Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Түркістан аруы» конкурсы өтті.
Биыл ұлттық байқаудың ресми сайтына облыстың түкпір-түкпірінен 100-ге жуық өтінім келген. Үміткерлермен 3 бірдей кастинг өткізіліп, ақтық сайысқа 9 ару жолдама алған. Сайыста арулар өзін таныстыру, шығармашылық бағыттағы өнер, қазақша ұлттық көйлектермен дефиле көрсету бойынша сайысқа түсті.
Әділ-қазылар алқасының шешімімен Ербосын Диана «Түркістан аруы-2023» атанды. Жеңімпаз алдағы уақытта Алматы қаласында өтетін «Қазақстан аруы» байқауында өңірдің намысын қорғауға аттанады.
Сондай-ақ, 3 қатысушы «Түркістан вице-аруы» номинациясын иемденді. Атап айтсақ, Түркістан Жоғары Медицина колледжінің түлегі Нұрила Кұрбанғалиева І-«Түркістан вице-аруы» номинациясын алса, ІІ-вице-мисс номинациясы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 4 курс студенті Гулжайна Анвароваға бұйырды. Ал ІІІ-вице-мисс номинациясын Сымбат Боранбай алды. Сонымен қатар, байқаудың «Instagram» әлеуметтік желідегі ресми парақшасында дауыс беру арқылы «Түркістан Интернет аруы» атағының иегері де анықталды. Ол Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкері — Нұрғайша Жұмахан.
Еске сала кетейік, 2022 жылы «Қазақстан аруы» финалына облыс атынан Абылайхан Назерке қатысқан болатын.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР