Экономика — OKnews.kz

Тойсұлу Нартай: Басты мақсат — заңдылық пен қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Әдетте учаскелік инспектор қызметінде ер азаматтардың күнделікті жұмысын дамылсыз атқарып жүргеніне көпшілігіміздің көзіміз үйренген. Ал Түркістан облысы Сауран ауданында учаскелік инспектор болып Тойсұлу Мұратқызының қызмет ететін естігенде елең ете қалғанбыз. Әрине, жүктемесі ауыр, жауапкершілігі мол полиция қызметінің үдесінен шығу оңай емес. Полиция лейтенанты Тойсұлу тәулік бойы өзінің әкімшілік аумағында тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.  Жас та болса, бас болып, әріптестері арасында өзін жақсы жағынан танытып та үлгерген. Осы салада ер азаматтармен бірдей қызмет атқарып жүрген Тойсұлу Нартаймен әңгімелесудің сәті түсіп еді.

— Тойсұлу ханым, ішкі істер саласында қызмет етіп жүргеніңізге қанша уақыт болды? Бұл салаға кездейсоқ келмеген боларсыз?

— Ішкі істер органдарында 2021 жылдан бері қарай қызмет атқарып келемін. Негізі менің бірінші мамандығым — тарих пәнінің мұғалімі. Осы мамандық бойынша мектепте оқушыларға білім беріп, тәжірибе қалыптастырғаным бар. Алайда осы мамандықпен шектелмей, құқық қорғау саласында да өз бағымды сынап көргім келген. Иә, әрине, өмірде түрлі жағдай болып жатады. Қоғамда орын алатын түрлі келеңсіздіктер мен заңсыздықтарды көргенде тілмен ғана емес, оны іспен дәлелдегің келетін кездер болады. Ішкі істер органдарына заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесімді қосу мақсатында келгенмін.

— Сіз учаскелік инспекторсыз. Бұл жауапкершілігі мол жұмысты әйел адамның алып жүруі қиындық тудырмайды ма? Әдетте учаскелік инспектор десе ер азаматтар еске түседі ғой.

— Бәлкім, солай шығар. Бірақ ішкі істер органдарындағы әйел адамдардың да ерлермен бірдей қызмет атқаратынын ұмытпауымыз керек. «Сен әйел, сен ер адамсың» деп қызмет бөлінбейді. Қай жерге, қай орынға жібереді, бұйрықты орындауға тиіспіз. Қазіргі таңда Сауран аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы болып қызмет етіп жүрмін. Басты мақсат — бекітіліп берілген аумақтағы тұрғындармен жылы мәміледе болып, қай кезде болсын тұрғындарға таза, ашық және заңды көмек көрсету ғой. Осы үдеден шықсақ, біздің жоспардағы жұмысымыздың көп

— Учаскелік инспектор халықпен тығыз жұмыс істейтін полиция өкілі ғой. Мұндайда нені ескеру керек деп ойлайсыз?

— Иә, учаскелік инспекторлар қарапайым халықтың қайнаған тіршілігінің ортасында жүретіндіктен, оларға таяқ та бірінші тиеді, алғыс та арқалап жатады. Полицияға қатысты сын мен мін тағылса да, соның көбі осы қызмет өкілдеріне қарата айтылады. Қарауындағы үйлердің қақпасын қағып, әр отбасының сыры мен мұңына еріксіз куә болып жүретіндер де сол учаскелік инспекторлар. Ішімдікке салынып, шаңырағының берекесін алған маскүнеммен, есірткіге есі кеткен нашақормен, отбасының ойранын шығарып жүрген озбырмен, түзеу мекемесінен шықса да түзу жолға түсе қоймаған есерсоқпен бетпе-бет келетіндер де учаскелік инспекторлар. Сырт көзге оңай көрінгенімен, бұл қызметтің көпке біліне бермейтін ауыртпалығы көп, жауапкершілігі мол, қиындығы да жетіп артылады. Мұның сыртында күнделікті жұмысында сан қилы адаммен жолықтыратын қызметтің қаупі мен қатері тағы бар. Шындығында, учаскелік полиция инспекторлары – ішкі істер органдары жүйесіндегі ең көп функциялы институт. Азаматтардың құқықтарын қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон, қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру, сондай-ақ есірткі пайдалану, жануарларға қатыгездік таныту, заңсыз аң аулау және ағаштарды жою – учаскелік полицияға жүктелген мәселелер тізбегі осылай жалғаса береді. Бұл тізімде кәмелетке толмаған жеткіншектердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болмауын қадағалау, темекі өнімдерін тұтынуына тыйым салу да бар. Олардың мойнына есепте тұрған азаматтар мен пробацияда жүргендерді бақылау, нашақор және бұрын сотталған азаматтардың тәртібін қадағалау міндеті де жүктелген. Қазіргі таңда барлық салада ашықтық пен жариялылық ұстаным болып қалыптасып жатыр ғой. Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған «Жұртқа жақын полиция» қағидаты жергілікті полиция қызметінің жұмысына жаңа серпін берері анық. Қоғаммен ашық тіл табысу, азаматтардың сеніміне ие болу, атқарылған жұмыстарды ашық көрсету және көпшілікпен бірлесе қылмыстың алдын алу жұмыстары әрбір учаскелік полиция инспекторының басты мақсаты.

— Сіз жұбайыңызбен бірге бір салада қызмет етесіздер, яғни үйде де, түзде де біргесіздер. Жұбайыңыз қазір ішкі істер саласының қай бөлімінде?

— Жолдасым Асылхан Қайсарұлы Әлібай — ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы  Қарағанды академиясының түлегі. Алғашқы еңбек жолын 2021 жылы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы лауазымынан бастаған. Бүгінде Сауран ауданының полиция бөлімінде қызметін жалғастыруда. Тергеу бөлімшесінің анықтау тобының анықтаушысы лауазымында қызмет атқарады.

Рас,  үйде де, қызметте де біргеміз. Менің ойымша, ерлі-зайыптылардың бір салада қызмет жасағаны оңайырақ секілді. Бір-бірінің жұмысын жақсы түсіне алады. Таңертең ерте тұру, тәуліктің қандай уақытында болмасын, шақыртуларға бару, жиналыстарда, саптық жиындарда бірге жүру — екеумізге де ортақ іс. Бастаған қызметімізді аяғына дейін жеткізіп, абыроймен зейнетке шықсақ, көп балалы полицейлер отбасы болсақ дейтін арманымыз бар. Айта кететін бір нәрсе, біздің осылай бірге қол ұстасып, бір салада қызмет етіп жүргенімізге, әсіресе, жолдасымның осы мамандықты таңдап, білім алып, шыңдалуына да ата-аналарымыздың қосқан үлесі орасан. Сол кісілердің сенімін ақтап, халықтың ұл-қызы болсақ, арманымыз жоқ. Мұндай жауапкершілігі мол мамандықты таңдағанымызға еш өкінбейміз.

— Осы жылы сіз полиция аруы атандыңыз. Погонды нәзік жандылардың арасынан оқ бойы озық шығу оңай болмаған шығар?

— Иә, биыл наурыз айында Түркістан облысында «Полиция аруы» байқауы ұйымдастырылған болатын. Сауран ауданы атынан өз бағымды сынау үшін қатысуға келісімімді бердім. Мен айтар едім, ішкі істер органдарында жұмыс істейтін әрбір қыз-келіншек мықты, білікті, білімді жандар. Олардың әрқайсысы нәзік болуымен қатар, қайсар да батыл. Байқауға қатысқан қыздардың барлығы жоғарғы дайындықпен келгені көрініп тұрды. Өнерлі, білімді шетінен. Ән айтып, би билеп, өлең оқып, бір сәт нәзік әйел екенін де сахнадан көрсете білді. Әрине, жарыс болған соң, байқау шарттарын жоғары деңгейде орындауға барымызды салып, оның үстіне ауданның полиция бөлімінің атынан шығып тұрғасын, намысты қолдан бермеуге тырыстық. Әуелі Алланың, одан кейін жолдасымның қолдауының арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын. Маған көбінесе қолдау көрсететін жолдасым, білмегенімді үйретіп, бағыт-бағдар көрсетіп жүреді.

— Сіз сияқты полицияда қызмет еткісі келетін жас қыздарға, мектеп бітіріп, аттестат алып жатқан түлектерге қандай кеңес айтар едіңіз?

— Адамның өмірінде орын алатын барлық жәйттер оның ниетіне қарай іске асып жатады ғой. Жалпы, адал жүріп, анық басып, өз мақсаты үшін тынбай әрекеттенетін болса, адамның алмайтын қамалы, жетпейтін белесі болмайды. Қиындықтан ешқашан қашпау керек. Адамның өмірде болмайды дегенінің өзі бір күні орындалып жатса, оған таң қалудың қажеті жоқ. Иә, мен де арман қудым, ішкі істер саласында қызмет етсем деген арманым, мақсатқа айналды да, ол да бір күні орындалды. Мұның бәрі адамға таза еңбекпен келетін нәрсе. Мамандық таңдауда қателеспеу керек деген сөз жиі айтылады. Ол да рас. Әсіресе, жас түлектер, оның ішінде полиция болғысы келетін жас қыздар осы мамандықты таңдарда тағы бір рет ойланып алғаны дұрыс. Бұл менің қалауым ба, мақсатым ба деп ойланғанда ғана ішкі дүниеңде арман пайда болады. Ішкі істер органдарында қызмет ететін әйелдер көп. Сондықтан бұл да көп мамандықтың бірі, елге қызмет етудің тамаша бір мүмкіндігі. Жұмысың қағаз бетіндегі ғана емес, ел алдында, көзге көрінетін жұмыс. Жақсы жұмыс істесең, жетістігің болады.

— Сұхбатыңызға рахмет! Жұмысыңызға сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан Раушан ҚАНЫБЕК,

Түркістан облысы

ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, соғыс және тыл ардагерлері, әскерилер, жастар және қала тұрғындары қатысты. Саябақтағы мемориалдық кешені тақырыпқа сай безендіріліп, келушілерге Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған көрме ұсынылды.

Арнайы әскери оркестр сүймелдеуінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалған соң жиынға қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлерді, ел басына күн туған кезде өмірін құрбан еткен жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Ел азаматтары ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Түркістан облысының әкімі көпшілікті Жеңіс күнімен құттықтап, бұл мерекенің маңызына тоқталды.

– Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Ерлік – тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады» дей келе азаматтарды ерлік жасауға шақырған. Бұл ретте Қазақстанымыз ержүрек батырларымен мақтанады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауында «Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз»,-деді. Биыл Ұлы Жеңіске 79 жыл толып отыр. Адамзат тарихындағы ең алапат сол майданда қазақ халқы шешуші рөл атқарғаны белгілі. Еліміздің ержүрек жігіттері мен қайсар қыздары әлемде бейбітшілік туын желбірету үшін қан төкті. Ерлік көрсетіп, Ұлы Жеңіске үлес қосты. Тылда еңкейген қария мен балалардың өзі күндіз-түні еңбек етіп, жеңісті жақындатты. Сондықтан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерліктерін ұрпаққа дәріптеу – ортақ міндет. Өйткені, біз – жеңімпаз буынның ұрпағымыз! Ардагерлерімізге, олардың ұрпақтарына амандық, шаттық тілеймін! Биыл Кеңес одағының батыры, алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Қос қаһарманның ерлікке толы өмірі – ұрпақ үшін өнеге! Біз ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпаймыз және мәңгі есте сақтаймыз! Елімізде әрқашан бейбітшілік заман, ұрпағымыз аман болсын! Тәуелсіз еліміздің мәртебесі биіктей берсін! – деді Дархан Сатыбалды.

«Жеңіс» саябағындағы мазмұнды жиында түркістандық «Жаңа леп» ұжымы «Ер есімі – ел есінде» театрландырылған музыкалық қойылымын ұсынды. Облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов пен Түркістан облысының Қорғаныс істері бойынша департаментінің бастығы Нұрмаханбет Дүйсебаев жастарды отаншылдыққа бастайтын келелі ойлар айтты. Іс-шара «Семсер» тобының орындауындағы Бағдат Алтаевтың «Жеңіс күні» әнімен түйінделді.

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Дархан Сатыбалды 102 жастағы түркістандық ардагер Немет Әбдірасиловтың үйіне арнайы барып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. Екінші дүниежүзілік соғысының ардагеріне сый-құрмет көрсетті.

Немет Әбдірасилов 1922 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. І дәрежелі Отан соғысы, ІІ және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» және басқа да 24 медальмен наградталған. Соғыс аяқталған соң Түркістан қалалық милицияда және Түркістан қаласының автобазасында жүргізуші болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, Оңтүстік өңірінен Екінші дүниежүзілік соғысқа 140 мыңнан астам азамат аттанып, тең жартысы шейіт болды. Оның ішінде 51 жауынгер Кеңес одағының батыры атанса, 8 майдангер III дәрежелі «Даңқ» орденінің кавалері атағын алған.

Бүгінде өңірде Ұлы Отан соғысының 11 ардагері бар. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 176,5 млн. теңге қаржы бөлінді. ҰОС ардагерлеріне 1,5 млн. теңгеден үлестірілсе, 3600-ден астам тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне және басқа да санаттардағы ардагерлерге қаржылай көмек қарастырылды.

Облыстың барлық аудан, қалаларында Жеңіс күнінде отаншылдықты дәріптейтін іс-шаралар ұйымдастырылып, жауынгерлерге, қазіргі ардагерлерге құрмет көрсетілді. Отансүйгіштікті дәріптеу мақсатында алдағы уақытта жастардың қатысуымен іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

АТЫРАУҒА ТҮРКІСТАННАН 160 ТЕХНИКА ЖІБЕРІЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан аймақтарға жан-жақты қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта Түркістан өңірінде ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жауапты басқармалар керекті техникаларды үйлестіріп, Атырау облысына 160-қа жуық техника жолданды.

Аталған техникалар Дарбаза, Түркістан, Манкент, Арыс станцияларында вагондарға (платформа) тиеліп, Атырау станциясына «ҚТЖ» ҰК-ның белгіленген кестеге сәйкес жеткізіліп жатыр. Техникаларды арту жұмыстары 11 сәуірде жүргізілді.

119 техниканы облыстағы құрылыс компаниялары, «Тұран су» мекемесі ұсынды. Кәсіпкерлер осы әрекеті арқылы Атырау халқына қолдау көрсетті. Сонымен бірге «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы, «Қазавтожол» мекемесі атынан да ауыр көліктер жіберілді. Арнайы жүк артқыш және жүк тасымалдайтын, жер қазатын көліктер және өзге де техникалар су шайған аумақтарды тазалауға және бөгеттер салуға қолданылмақ.

Айта кетейік, Түркістан облысынан су басқан өңірлерге 600 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді. Ел жанашырлықпен үлес қосуда. Сондай-ақ 150-ден астам кәсіби құтқарушы мен төтенше жағдай қызметкерлері апат аймағында жұмыс істеп жатыр.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛАДЫ
Бір топ жастар еңбек адамдарына жылулық сыйлады. Киелі шаһардың тазалығына үлес қосып жүрген 100-ге жуық адамға тегін шәй мен ыстық нан таратты. Аталған іс-шараны Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған.

Орталық мамандары мен еріктілер қала көшелерінде, аялдамаларда және саябақтарда өткен шараға белсене қатысты. Осылайша тұрғындардың ақ батасын алып қайтты. «Волонтерлер үнемі келіп, көмектесіп тұрады. Қыз-жігіттерге алғысымызды білдіреміз. Мұндай аязды күндері бір шыны-аяқ шайдың өзі денеге де, жүрекке де жылу сыйлайды» деп қала тұрғыны өз тілегін жеткізді.

Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, қайырымдылықты насихаттау, жастарды үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Аяз уақытында қала тұрғындарына және қаланың көркеюіне өз үлестерін қосып, көше тазалығымен айналысып жүрген азаматтарға ыстық шәй ұсынып көңіл бөлу, қызметкерлердің жандарына жылу ұялату.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады
Президентке Түркістан облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді. Дархан Сатыбалдының баяндамасынан:

өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,5% өсіп, 1 трлн теңгеден асқан. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жалпы сомасы 30,2 млрд теңге болатын 20 жоба іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған;

алдағы 5 жылда өңірдің өз кірісін 100 млрд теңгеге арттыру жоспарланып отыр;

алдын ала есеп бойынша былтыр жалпы өңірлік өнім көлемі 3,8 трлн теңге болған. Ал ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 1,1 трлн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр;

cаланы әртараптандыру нәтижесінде 3,3 млн тонна көкөніс, бақша өнімдері жиналды. Бұл – рекордтық көрсеткіш;

ауыл шаруашылығында өнім көлемін арттыруға, суды үнемдеуге ықпал ететін жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар енгізіліп жатыр;

облыстағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 211 мыңға жетіп, 1,6 трлн теңгенің өнімі өндірілген;

облыста жалпы сомасы 407,5 млрд теңге болатын құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 898,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген;

үш мыңға жуық отбасы баспаналы болды;

былтыр бюджет есебінен 35 мектептің құрылысы жүргізіліп, 20 мектеп ашылды;

«Жайлы мектеп» жобасы аясында облыста үш жыл ішінде 49 мың оқушыға арналған 63 мектеп салынады;

өткен жылы облыстағы 20 елді мекенге жаңадан ауызсу құбыры тартылды. Тоғыз ауылдағы ескірген су тарту жүйелері жаңартылды;

62 газбен қамту нысанының құрылысы аяқталып, 48 елді мекенге көгілдір отын жеткізілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде берген тапсырмаларын жүйелі әрі сапалы орындау қажет екенін айтты. Сондай-ақ Түркістан өңірін дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

t.me/aqorda_resmi

«TURKISTAN» КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ 1200-ГЕ ЖУЫҚ БИЗНЕС ЖОБАНЫ СҮЙЕМЕЛДЕГЕН
Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының басшысы Сапаралы Құрбанов мәлімдеді.

— Орталық құрылғалы бері отандық бизнес үшін тиімді мүмкіндіктер ашылып келеді. Билік пен бизнес арасында, орталық пен кәсіпкерлер арасында диалог орнап, кәсіпкерлер үлкен қолдауға ие болды. Айта кетсем, өткен жылы орталық арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында 1 175 жоба сүйемелденіп қаржыландырылды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша — 770, егін шаруашылығы бойынша — 157, өндіріс саласы бойынша — 55, қызмет көрсету бойынша — 118 , айналым қаражаты — 75 жоба. Жалпы сүйемелденген жоба сомасы — 7 920 997 874 теңге. Одан бөлек, орталық мамандары тарапынан былтыр 1 862 құжат рәсімделіп, басқа да құжаттар бойынша 1 242 қызмет көрсетілді, — деді Сапаралы Әділханұлы.

Мекеме басшысының мәлімдеуінше, биыл орталық бизнес-қауымдастықтың негізгі қызметі кәсіпкерлікті дамыту мен ел ішіндегі бизнес-ахуалды одан әрі жақсарта түсуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырмақ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРДІҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясы Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келіп, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми әлеуметімен танысты. Алдымен академияның Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья университет ректоры Жанар Темірбекова және ректор өкілі Пеями Батталмен кездесті. Басқосуда өңірдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, екі тарап ғылымды дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар Түркия мемлекетінің TÜBİTAK ұйымына қарасты институттарға ҚР делегациясының, оның ішінде Түркістан облысы өкілдерін үйлестіру жөнінде айтылды.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Күнсұлу Закарья жұмыс сапарының негізгі мақсатына тоқталып, өңірлерді ғылымға үлкен назар аудару керектігін тілге тиек етті.

– Біз рухани астанаға Түркия мемлекетімен ынмытақтастықты нығайту мақсатында келіп отырмыз. Жақын арада Түркиядағы ірі ғылыми қор TÜBİTAK ұйымына қарасты институттарға қазақ ғалымдарының делегациясы барады. Ондағы негізгі мақсат – Қазақстан ғылымының басым бағыты бойынша Түркия мемлекетіндегі ірі ғылыми орталықтар мен университеттерінің арасындағы ғылыми ынтымақтастықты құру, ғалымдарды таныстыру және бірлесіп жобаларды өткізу. Бүгін осы мәселе бойынша дайындық жұмыстарын пысықтап, қажетті ғылыми бағыттарды анықтаймыз. Соның негізінде бағдарлама мен ірі ғылыми концепция дайындаймыз. Екінші мәселе ретінде өңірлік ғылымды қарастырдық. Әр өңірде өзінің ғылыми проблемалары бар, экономикаға қажетті бағыттары бар. Жергілікті әкімдіктер, бизнес және өнеркәсіп өкілдері ғылымға бет бұрып, оны дамытуға атсалысу керек. Осы бағытта өтінім беріп, ғылыми конкурстарды өткізсек дейміз. Үшінші мәселе – ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясында Жас ғалымдар кеңесі құрылмақ. Бүгінгі күні эксперттік жұмыс топтарына 1000-нан астам жас ғалымды тарттық. Соған осы аталмыш университеттің белсенді, дарынды ғалымдарын тартуды, жұмыстарды әрі қарай жалғыстыруды жоспарлап отырмыз, – деді Басқарма Президенті.

Делегация өкілдері университет аумағында орналасқан ботаникалық баққа барды.

– Өздеріңіз жақсы білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Жарлығымен ҚР Ұлттық академиясы бір жыл бұрын қайта құрылып, оған үлкен мәртебе берілді. Қазіргі таңда осы ғылыми академияның Президенті Күнсұлу Дальтонқызы бастаған үлкен делегация университеттің ғылыми әлеуетімен танысып, академиямен қандай жобалар атқара алатынымызды, оқу орнының жетістіктерін көрсету үшін осындай арнайы бағдарлама жасаған болатынбыз. Унверситетте ботаникалық бағымыздың құнды генофонын сақтап қалу, үлкен коммерциялық жобалар атқару үшін бөлінген арнайы мемлекеттік қаржыға, ғылым қорының қаржыландыруымен цех салынып жатыр. Ғылыми жобалардың нәтижелерімен бөлісіп, осы бағытта келешекте атқарылатын жоспарларды құрып жатырмыз. Өңірдегі ғылымды дамытуға, өңірдегі проблемаларды шешуге университет ғалымдары белсенді түрде атсалысады деп сенемін, – деген университет ректоры Жанар Темірбекова жаңа жоспарлармен бөлісті.

Мұнда «Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының құнды генофондын сақтау» атты коммерцияландыру жобасы аясында арнайы өндірістік цехі құрылуда. Жемістерді ғылыми зерттеумен және өндірістік қайта өңдеумен айналысатын шағын кәсіпорын алдағы уақытта тұрғындарды сапалы экологиялық таза жеміспен және кептірілген жеміс өнімдерімен қамтамасыз етпек.

Іссапар барысында академиясының делегациясы ХҚТУ-дың ғалымдарымен дөңгелек үстел өткізді. Басқосу барысында Түркия мемлекетінің TÜBİTAK ұйымына қарасты институттарға ҚР делегациясының іссапар жұмысын үйлестіру сұрақтары, университеттің жетекші және жас ғалымдарының қатысуымен Түркістан облысы бойынша өзекті мәселелерді талқылау, оның шешу жолдарын анықтау, ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландыру, өндіріске енгізу мәселелері қаралды. Нақтырақ айтқанда, «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеулер және перспективалар», «Аймақтың дамуына үлес қосу. Аймақтың проблемалары – өндірістік мақсаттағы коммерцияландыру жобасы», «Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды оңтайлы басқарудың кешенді жүйесі» тақырыптарында баяндама жасалды. Жиынға қатысушылар мәселелерді жан-жақты саралап, тиімді бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істеуге келісті.

Астаналық делегацияға оқу орнының материалдық-техникалық базасы көрсетілді. Одан бөлек, қысқы мектеп аясында өтетін ғылым апталықтың жұмысына қатысып, оң баға берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА «ВИНТАЖДЫ ЫДЫСТАР» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығында «Винтажды ыдыстар» көрмесі ашылды. Коллекция негізінен фарфор, 1960 жылдардағы кеңестік өндіріс үшін эксперименталды және жаңашыл саналған хрусталь ыдыстардан тұрады. Көрмеде жаппай өндіріс болса да қол еңбегімен жасалған ыдыстар ұсынылған. Бұл материалдық мәдениет тарихының бірегей айғағы ретінде кеңестік сервистерді ғана емес, сонымен қатар шай ішу – нағыз мәдени құбылыс екенін көрсетеді.

Винтажды фарфордан жасалған бұйымдардың пайда болу тарихы тым тереңде. Ол әртүрлі мәдениетпен, өндіріс технологиясымен байланысты. Фарфор өндірісінің тарихы Қытайда біздің заманмызға дейінгі VI-VII ғасырда басталды. Фарфордан жасалған бұйымдар өте құнды саналып, көптеген елге экспортталған. XVIII ғасырда Еуропа фарфор өндіру технологиясын белсенді түрде зерттей бастады. Еуропалықтардың арқасында фарфор ыдыстар корольдің дастарханына қызмет етудің ажырамас бөлігіне айналды. Көрмеге «Балықтар» сервизі, «Подмосковный» мүсіндері, «Гүлдер гирляндасы» шай жиынтығы, «Цветочная рапсодия» секілді дүниелер қойылған.

Айта кетейік, көрмені қала тұрғындары мен қонақтары ай соңына дейін тамашалай алады. Көрмеде ұсынылған, музей қорына енгізілген және де жеке коллекциялардан алынған заттар мен көрме коллекциялары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс көпшілік назарына ұсынылды. Каталогты жыл көлемінде толықтырылып, басылымға беру жоспарлануда.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі

​«Даму» Қоры кәсіпкерлерге тегін қызмет көрсетеді
Бұл – мемлекеттің экономиканың барлық бағыттары мен қызмет түрлеріне көңіл бөлетінін көрсетеді.

Арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы мемлекет отандық өндірістің дамуын ынталандырады. Ол мемлекеттік бағдарламалардың операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидия, кепілдік, сондай-ақ серіктес қаржы ұйымдары арқылы жеңілдікпен несиелеу құралдары арқылы қолдау көрсетеді. Қор кәсіпкерлерге республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қолдау көрсетеді. Қор қызметін бастаған күннен бүгінге дейін бағдарлама таңдаудан бастап, жоба жүзеге асқанға дейінгі сүйемелдеу көмегі тегін. Қор менеджерлері қолдау сұрап келген әр кәсіпкерге әрекет ету жоспарын қадам-қадаммен түсіндіреді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басталғалы бері «Даму» Қоры бүкіл Қазақстан бойынша жалпы несие сомасы 11,4 трлн теңге болатын 197 мыңға жуық бизнес-жобаға қолдау көрсетті. Жобалар әртүрлі салаларды қамтиды. Бұл – мемлекеттің экономиканың барлық бағыттары мен қызмет түрлеріне көңіл бөлетінін көрсетеді. Әсіресе отандық өнім шығарушылар, IT-технология, аграрлық және ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру саласына басымдық беріледі. Қор өндірілетін өнімі мен қызметін сапалы деңгейге көтеруге қабілетті кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Бұл – болашақта ол тауарлардың импортты алмастырып, бәсекеге түсе алуына оң әсер етеді, тіпті экспортқа шығуына мүмкіндік береді. Анықтама: мемлекеттік қолдауға өтінімді «Даму» Қоры онлайн ресурстар арқылы қабылдайды және ол қызмет тегін, қандай да бір сыйақыны талап етпейді. «Даму» Қоры мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде толық ақпарат алу үшін 1408 нөміріне (колл-орталыққа кез келген өңірден тегін қоңырау шалуға болады) немесе өз өңіріңіздегі Қор филиалына тікелей хабарласуды сұрайды.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ РЕСПУБЛИКАДА БІРКҮНДІК КЕЛУШІЛЕР АРАСЫНДА ТОП-3 БАҒЫТҚА КІРЕДІ
Түркістан облысы біркүндік келушілер арасында ТОП-3 бағытқа кіреді. Одан бөлек сауалнама нәтижелері тағы да қайтып келгісі келетін ТОП-5 бағыттың қатарына енгенін көрсетті. 2022 жылғы статистикаға сәйкес, ел ішінде ең көп саяхаттайтын аймақ ретінде Түркістан өңірі көш бастап, Алматы облысы мен Астана қаласын артта қалдырған. Бұл туралы бүгін TIF’2023 – «Түркістан: Туризм, Инвестиция, Экономика» халықаралық форумы аясында өткен салалық сессияда айтылды.

Туризм индустриясын дамыту жөніндегі панельдік сессияға алыс-жақын шетелден келген спикерлер баяндама жасап, талдауларын ұсынды. Саладағы тәжірибелі тұлғалар мен сарапшылар Қазақстандағы туризмді жан-жақты ілгерілету тәсілдерін талқылады. Сессияның модерторы әрі спикері DARS Consulting (Ұлыбритания) компаниясының директоры, Еуразиядағы BBC Global News коммерциялық өкілдігінің басшысы Сергей Становкин «Аймақтың туристік бренді» тақырыбында сөз қозғады. Контент пен коммуникацияның сапасы, әлеуметтік желімен жұмыс, жарнама жасау бойынша анализ жасалған презентациясын таныстырды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев өңірдің ерекшеліктеріне тоқталып, жоспарлармен бөлісті.

– Түркі халықтарының мәдени және рухани мекені, тарихтан келешекке бағыт алған Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Қазақ хандығының 200 жылдай астанасы болған Түркістанның тарихы 1500 жылдан астам уақытты қамтиды. Ал өңір экономикасындағы басым бағыттың бірі туризм саласы болып айқындалған. 2021 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII бейресми саммитінде тараптар Түркістанды түркі әлемінің рухани астанасы деп атау туралы декларацияға қол қойды. Бұл құжат – Түркістанның рухани-мәдени бағытта дамуына оң серпін беріп келеді. Биыл Түркі мемлекеттері ұйымының кеңесуімен Түркістан қаласы – 2024 жылы Түркі мемлекеттерінің туристік астанасы атанды. Бүгінгі мемлекеттік ұйымдардың, туристік қауымдастық өкілдерін, әлеуетті инвесторларды басын біріктірген туризм бағытындағы жоғары деңгейдегі кездесулер мен келісімдер Түркістанға тың серпін береді. Жаңа Түркістан туризм орталығына айналады деп сенемін, – деді Бейсен Дәулетұлы.

«Kazakh Tourism» ҰҚ Басқарушы директоры Даниел Сержанұлы «Туризмдегі коммуникация» тақырыбында пікір білдірді. Саланың мықты және әлсіз жақтарын талдау, мақсатты нарықтардың қолжетімділігі, Орталық Азиядағы тренд, туристік ағындардың алмасуы, әлемдегі жоғары бәсекелестік, елдер арасындағы логистиканың төмендігі, бірыңғай саясаттың болмауы туралы айтты. Спикердің айтуында киелі Түркістан өлкесінің танымалдылығы – Ұлы Жібек жолы турмаршруты негізінде артып келеді. Бұл тұста әлемдік тәжірибені бейімдеу, туристерді қабылдау жүйесін құру, бірыңғай навигация жүйесі, турмаршрут сертификаты, цифрландыру мен геймификация қызметтерін қолға алу қажет.

Сессия барысында YDA Group бас директоры және директорлар кеңесінің мүшесі Ахмет Хамди Гювенч, Халықаралық туризм және меймандостық университеті Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Аралбекова, кәсіпкер әрі инфлюенсер Омар Сабина, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, «Freedom Finance Global» талдаушысы, салалық зерттеулердің авторы Аңсар Әбуев, «Silk Road» жобасының жетекшісі Айнаш Ерімбетова туристік нарықтың зерттелуі, инфрақұрылым, көлік қатынасы, оқиғалық туризм, қазіргі сын қатерлер мен мүмкіндіктер, кадрлар даярлау жайында пікірлерін ортаға салды. Сессия спикерлер мен қатысушылар арасындағы талқылаумен қорытындыланды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі