Блогтар — OKnews.kz

Арыста ауқымды істер атқарылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Арыс қаласына БАҚ өкілдерінің ақпараттық туры ұйымдастырылды. Журналистер тобы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай атсалысып, үлес қосып жүрген бірқатар серіктестіктерді аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Ең алдымен, тілшілер тобы Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округіндегі «Жаңа Ақдала» Агрофирмасы» ЖШС-де болып, облыста алғаш рет қолданылып отырған, Германиядан әкелінген жаңа технология жаңбырлатып суғару әдісімен 600 га егістік жерге егілетін жоңышқа алқабында болды.  Мұнан соң, қаламыздағы әскери гарнизонда 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне орай «Ерлік тағлымы-урок мужество» тақырыбында жастар арасында қазақ әскерін насихаттау, аға ұрпақтың ерлігін жалғастыруға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысып, Арыс гарнизонының күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Аталған іс-шараға қала аумағындағы білім мекемелері мен колледждердің 180 студент пен оқушылар қатысты. Шара барысында әскери ойын түрлері мен техникалар таныстырылды.

Одан соң, БАҚ өкілдері әулеттің темір жол саласындағы еңбек өтілі 450 жылдан асатын теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан 85 жасқа толған Жаңабай ақсақалдың отбасында болды.

Қарт теміржолшы құдай қосқан қосағы Райхан анамен бірге 7 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде байырғы теміржолшының 7 ұлы мен екі келіні және 5 немересі барлығы 17 адам атакәсіпті меңгеріп, ел экономикасына елеулі үлестерін қосуда.

Тілшілер өзекті мәселе зиянкес шегірткелерді залалсыздандыру бойынша атқарылып отырған жұмыстардың барысымен танысты.

Арыс қаласының еншісіндегі 56,3 мың гектар жерге шегірткеге қарсы дәрілер себілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарға зиянкестерге дәрі шашатын 2 ұшақ пен дәрі шашатын қондырғылармен жабдықталған 4-трактор, 6-ГАЗ-66 жүк көлігі, 9-уазик, барлығы 21 техника мен 100-ге жуық адам жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде.

Мұнан кейін журналистер тобы Байырқұм ауылдық округіндегі «Байырқұм-Агро» ЖШС-нің қаракөл қой шаруашылығының жұмысымен танысты. Бүгінде жеке кәсіпкер Фархат Әбдірашұлы өз қаражат есебінен Өзбекстан Республикасынан 2000 бас қаракөл тұқымын әкеліп, өсіруде. Жыл соңына дейін қой басын 20000 басқа жеткізу көзделген. Келер жылдан бастап, қаракөл елтірісін жақын және алыс шет елдерге экспорттау үшін қазіргі таңда келіссөздер жүргізіліп, Италия мемлекетімен келісім-шарт түзіліп, жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Ақпараттық турға қатысқан БАҚ өкілдері атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын таба беретін болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

«Астанаға барғым келмейді» (Әңгіме)
«Ертең жолға шығыңдар» деген күйеуінің сөзіне соншалықты иліккісі келмесе де амал жоқ «жарайды» деп жауап берді. Төрт баласын түгендеп, оны-мұнысын жинастырып, ертесіне жолға шықты. Әсем қала Астананы тек теледидардан немесе кітаптағы түрлі-түсті суреттерден көрген қара домалақ балалар үлкен қалаға бара жатқанына мәз. «Астанаға барамыз, Бәйтерекке шығамыз» десіп бір-бірімен қуаныштарын бөлісуде. Мұны байқап отырған Ұлпан Астанаға қарай аяғы тартпаса да «тек жақсылық болғай» деп ойлап қойды.

Жазғы демалыстары әсем қалада өтетініне қуанып келе жатқан қарадомалақтарына қарап күлімсіреді. Ал Астана бұларды қалай қарсы алады екен?

Пойыздан түскенде өңменге жеткен салқын жел денесін тітіркендірді. Тұла бойын тінтіп шыққан мына жағымсыз желді бұл да жатырқады шамасы. Әкелерін көріп мәз болған ұлдары етегіне жармасып әлек. Әсем десе әсем ақ қала екен. Ұшы-қиыры жоқ алып қаланың қай бұрышы бұйырады, ол жағы бұған белгісіз? Автобусқа шуылдай мінген бұларға кондуктор да жатырқай қараған сыңайлы. Көз қиығын салды да «Келесі аялдама…» деп алдына қарап тұра берді. Бірінші рет Астана болғалы  көріп тұрған шаһары шынында сөз жеткізгісіз көрікті екен. Балалары автобустың терезесін жарып жіберердей «Ананы қара, мынаны қара» деп бір-біріне әрнені сілтеп қуаныштарын жасыра алар емес.

-Қайда барамыз?- деп сұраған күйеуінен осы кезде барып Ұлпан.

-Жұмақ мекенге! – Күйеуі мына сөзді ризалықпен емес мысқылмен айтып отырғанын бірден сезді. Баяғы салмақты қалпына салып үндеген жоқ.

Бұлар мінген автобус қаланың шетінен бір-ақ шықты. Жаңа ғана көз алдында жалт-жұлт еткен әсем қала лезде ғайып болғандай. Қайда қалды? Өз көзіне өзі сенер емес. Мен шынымен де Астанадамын ба? Ұлпан ештеңені түсінер емес, күйеуі де мардымды жауап бермеді. Балаларына қарап еді, жүздерінде манағы қуаныштың табы байқалмайды.

Автобустан түсті де шаң топырақ жолға беттеді. Айнала толған жатаған үйлер. Биік көп қабатты үйлер мына жерден көрінбейді. Лашық тәрізді үйшіктен әлдібіреулер кіріп-шығып жүр. Апыр-ай мұнда да адамдар тұрады екен ау деп ойлады Ұлпан. Бұлар келген үй бір бөлмелі екен. Ішіне кірсең айнала алмайтын ұядай бөлмеге  алты адам жайғасты. Мына жерді көріп, таңқалып тұрғандарын байқаған күйеуі:

-Әзірге осында уақытша күнелте тұрамыз, жақсы пәтер іздеу үшін көп уақыт керек. Мүмкіндігінше тапқан баспана осы болды, — деді ақталғандай болып.

Ұлпан тағы да үндеген жоқ. Дереу бөлме ішін реттестіруге кірісті. Қайтпек керек, көнеді да, басқа амалы бар ма? Күнкөріс үшін күйеуі жұмыс істеп осында жүр, қарсыласуға тағы болмас.

Осылайша бұлар Астананың өміріне қойып кетті. Балаларын Бәйтерекке шығарды, әсем ғимараттарды аралатты. Бірақ, әлгі қала сыртындағы лашығына келгенде жаңағы әсердің ұшқыны да қалмайды. Таңертең күйеуін жұмысқа шығарып салады да, бөлмесін тазартып, сыпырғансиды. Оның үстіне үй қожайыны дәл іргесінде тұратын болып шықты. Балаларының у-шуы әлгі қожайынға жақпаған сыңайлы, енді бұларды аңдуға көшіпті. Сәл қаттырақ дауыстары шыға қалса, жетіп келеді де тұрады. Ұлпан амал жоқ, балаларын «тұсап» отыратын болды. Көрген күні құрсын мұндай, есік алдына шығып, отыруға да мұршасын келтірмейді, көп отырмаңдар деп кетеді әлгі қожайын тағы да. Мұндай өмір балаларын әбден жалықтырды ма, енді күн сайын ауылға қайтамыз деп қыңқылдайтын болды.  Ит байласа тұрмайтын жерде өзінің де қалғысы жоқ. Кешке күйеуіне айтып көрмек. Айтты да. Ол да осыны күткендей «жарайды, қайтыңдар» десті. Жазғы демалысының бір айға жетер жетпес уақытын Астананың лашығында өткізген балаларының көңілі жарымжан. Күйеуі пойызға шығарып салып жатып:

— Мен де көп ұзамай барып қалармын, — деді.

Пойыздан түсіп, күн шуақты туған жеріне аяғы тигенде бұрын-соңды мұндай рахатты сезінбеген шығар. Кең тыныс алып, қысылған жүрегі де жай тапқандай. Балалары есік алдында асыр салып ойнайтын өз үйінің маңына таянғанда Ұлпан оларды ұстап тұра алмады. Балалары алды артына қарамай зыр жүгіріп барады. Өз үйлерін енді көргендей, екі езулері екі құлаққа жеткен. Қараса үлкені Ұлпанның жанына кеп тұр екен.

-Апа, енді біздің Астанаға барғымыз келмейді, өз үйімізден ешқайда кетпейікші, — деді де Ұлпанның жауабын күтпестен бауырларының соңынан жүгіре жөнелді.

Ұлпан күлімсіреген күйі не жыларын не күлерін білер емес…

Раушан МАХЫМОВА,

Ауылдың ақ таңы… (НОВЕЛЛА)
Біз ол кезде он жасар бала едік… Әлі есімде, ауылға кіре беріс жерде орналасқан жазғы клубтың қақ маңдайына үлкен етіп «Егеменді ел болдық еңсемізді тіктейік!» деген жазу ілінді. Ол кезде бұл сөздің мәнін онша түсіне бермедік. «Бұрын қандай ел едік, қазір қандаймыз» деген сұрақтар мазалаған жоқ. Осы клубқа кино көруге не концерт тамашалауға келген сайын, әлгі сөз көп көзге шалынады. Содан ба жадымда жатталып қалыпты.

Біздің ауыл қаракөл қой  шаруашылығын дамытуды қолға алған  аудандағы белді совхоздардың бірі еді. Әкеміз де совхоз жұмысына белсенді араласып, қызмет атқарып, жекешелендіру басталғанда өз шаруасын күйттеп кетті. Ауылымыз түрленген, гүлденген, кішкентай болса да өзімізді кішігірім қалашықта тұрып жатқандай сезінетінбіз.

Күнде кешкісін ауыл тұрғындарына арналған клубта кино жүріп жатады. Ауылдың жас-кәрісі демей, түгел сонда жүгіреді. Біз клубқа бару үшін, кеш түскеннен әкеміздің жолын күтеміз. Тамақтанып, жайланып болған соң одан тықақтап тиын-тебен сұрай бастаймыз. Бізге кино көру емес, көппен бірге тығылысып клубқа кіру қызық сияқты еді… Үлкен әпкемнің үйден шыққан соң өзінің сыныбындағы жігітпен қатарласып кетіп баратыны, оны анама айтып келетінім қызық. Көршім әрі құрбым Айнаштың күнде клубқа әдемі көйлек киіп баратыны, сахнадағы әртістерге есігінің алдында өсіп тұрған гүлдерді жүгіріп беретіні, әртістердің оның бетінен шөпілдетіп сүйетіні одан сайын қызық болушы еді. Ал ертесіне Айнаш екеуміз клубты жағалап, жыртылған билеттердің арасынан табылмайтынын білсек те, бүтінін іздеп жүруші едік…

Алайда, біз жақсы көретін клубқа кино сол күйі келмей кетті. Концерт те қойылмайтын болды. Клубқа дәу қара құлып салынды. Біразға дейін осылай тұрды. Тек күнде маңдайшадағы бізге таныс емес «жазуды» оқумен шектелдік. Біз кино көрсететін клубқа кіруді қатты сағынатын болдық. «Кино қашан келеді» деп күнде шешеміздің құлақ етін жейміз. Ол қайдан білсін?

Бір күні біздің сүйікті клубымыз түгелдей бұзылып бітті. Жапырайған орнын көрген біздің кәдімгідей көңіліміз құлазыды. Біз енді ешқашан бұл жерге кино көруге келмейтінімізді, енді бұл жер қаңғырған мал паналайтын жер болатынын білсек те, мойындағымыз келмейтін. Солай болды да… қашқан, қаңғырған малды ауыл тұрғындары ескі клубтың орнынан табатын болды. Бұл ненің салқыны? Клубымыз не үшін бұзылды? Әкем неге жұмысынан шығып қалды? Ауылға үш мезгіл келетін сары автобус неге көрінбей кетті? Біздің бұл сұрағымызға ешкім жауап берген жоқ.

Әкем үйге келіп  теледидар қосқанда алдымен жаңалықтар тыңдаушы еді. Оны қызық көріп, біз де жанына қонжия қалатынбыз. Таң азаннан қара кешке дейін жұмыста жүретін әкемізді көріп, оның жанында отыру біз үшін бір мәртебе. Осы сәтті пайдаланып, біріміз дәптердегі алған бестігімізді, енді бірімізді күнделіктегі үздік бағаларымызды айтып мақтанып қаламыз. Енді бірде әкемнің киімін әкеп, аяғын-қолын уқалап, әйтеуір жағынудың амалын жасайтынбыз. Сонда әкемнің аузынан көп еститінім Горбочев туралы болатын. Ол кім, әкем оны неге көп айтады деп ойлаушы едім.

Клуб маңдайындағы жазу ілінгеннен кейінгі үш-төрт жылда әкем жеке шаруамен айналысты. Егістік жеріне жоспарлап түрлі өнімдер егіп, миллиондап пайда таптым ба деген  әкемнің бір күні салы суға кеткенін көріп  бала жүрегім сыздап қоя берген. Дәл сол сәтте әкемнің сабан ақшасы жаңа ақша — теңгеге теңелгенін, сол себепті сан соққанын мен кейінірек түсінгенмін. Десе де, менің балаң көңілім сол бір сәттердегі өзгерісті жақсы қабылдай алған жоқ. Мен түсінбеген клуб маңдайындағы жазу жүрегімде өшпестей жазылып қалса да, мен оны сол кезде жек көріп кеткем. Сүйікті клубымыздың сүрілгеніне, әкемнің жұмыстан шыққанына, сары автобустың кешігуіне сол жазу кінәлідей көрінетін маған.

Сөйтіп, әкемнің миллион сомы түрлі-түсті теңгелерге ауысты.

Үйге жаңа ақшаны әкелген күні әкемнің жүзінен біртүрлі қуанышты сездім. Әл-Фараби, Абылай, Абай, Сүйінбай, Құрманғазы секілді өзіме таныс  бейнелер бар қағаз ақшаны әкеліп, бізге көрсетті.

— Өзіміздің ақша! – деген әкем біздің қолымызға Әл-фарабидің суреті бар бір теңгеліктерді ұстатып. Біз мәз-мейрамбыз. Қолымызға тиген ақшаны алып, көшеге тұра жүгіреміз.

— Ей, Айнаш, көкем үйге жаңа ақша әкелді, — деген мен не тапсам да алдымен құрбыма барып мақтанатын әдетімді бұл жолы да ұмытпаймын.

-Қане, көрейінші! – деп Айнаш та жабыса кетеді. – Мынау кімнің суреті?

-Соны да білмейсің бе, көкем айтты бұл Әл-Фараби деген ақша, — деймін өзімше көп білетіндігімді білдіріп.

-Сонда мұның аты әл-Фараби ма?

-Иә.

-Бұған не келеді?

-Көкем айтты бұл ақшаға енді көп нәрсе алуға болады?

Айнаш екеуміз дүкенге қарай тұра жүгіреміз. Күнде ығы-жығы адам таусылмайтын біздің ауылдың дүкеніне бұл күні қара құлып салыныпты. Айнаш екеуміз иініміз салбырап кері қайтамыз. Жаңа ақшаның еш кәдеге жарамағанына екеуміз де қапалымыз. Сытырлаған су жаңа бір теңге умаждалып, сол күйі қалтаның түбіне кетеді.

Ақшамыз теңгеге ауысқаннан кейін бір жылдан соң біздің үйде ұлан-асыр той болды. Үлкен ағам келіншек әкеліп, әке-шешемді қуанышқа бөледі. Әкем бар жиған тергенін шашып, той жасады. Шешем бақыттан басы айналды ма, той болған күні төсек тартып жатып қалды. Мұны бәрі қуанышқа деп жорыды. Үйге бір жаңа адамның қосылғаны біз үшін қызық. Кішкентайлар жаңа келіншектің артынан қалмаймыз. Жұмсай қалса, жарысып жүгіреміз. Анамның да қолы ұзарып қалды. Келін жұмсап, бір уақыт үйді қалдырып қыдырып кете беретін болды.

Дегенмен, ағамның үйге келін түсіргенін жақсыға баланғанымен, бұл уақыт елді қысып тұрған дағдарыс кезеңімен дөп келген еді. Біз ондай қиын-қыстау кезең екенін қайдан білейік?  Біз түгілі әкем де болжай алған жоқ. Тек жиғанын баласының жолына шашты.

Сол кезде нан, ұн тапшы кез-тұғын. Нанды дүкеннен кезекпен аламыз. Күнде таңертең анам мені түрткілеп оятады. Менің міндетім – ерте барып, нанның кезегіне жазылып қою. Менен басқа ешкім бармайтынын біліп, дүкенге қарай жүгіремін. Адамдармен тартысып жүріп, нан алатыным есіме түссе жүгірісімді одан сайын үдете түсем. Бүгін бірінші болып жазыламын деген үмітімді менен де пысық біреулер сөндіріп тастайды. Әйтеуір соңы болып қайтпайтыныма қуанамын. Түс әлетінде нан таситын мәшиненің төбесі көрінгеннен дүкеннің есігі жабылады да, кезекпен шақырып, нан беріле бастайды. Тіпті кезекпен де жетпей, нансыз қайтатындарды көргенде бүгін нансыз қалай болар екен деп оларды іштей аяп кетемін. Қолымдағы бес тандыр нан мен екі бөлке біз үшін ертең түске дейін таусылатынын, сол үшін бөліп бере алмайтынымды білгенде шарасыздық танытамын.

Иә, қайта құру, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауыл халқына оңай соққан жоқ.  Совхоз дәуіріндегі ауылға сән беріп тұратын еңселі ғимараттар біртіндеп қирай бастады. Тіпті ауылдың медпункті де жекешеленіп кете барды. Ауыл адамдары бірауық ауырса жетіп баратын медициналық ғимараттың осылайша «жаназасы» шығарылды. Екі қабатты ауыл кеңсесі адамдар тұратын үйге айналды. Есік алдында сарылдап ағып тұратын ауыз су тоқтады.  Арық-атызды қуалай ағып келетін ағын судың да күні бітті. Осындай тұрпайы көріністердің бәрі біздің бала жүрегімізге жуалдыздай қадалып, санамыздағы сансыз сұрақтар көкейімізді тілгіледі…

Есейдік…Ел де еңсесін тіктеді…

Ауыл халқы үшін мемлекеттің  әлемдік ұйымдарға мүше болып немесе әлемдік хал-ахуалға үн қатып жатқаны қызық емес… Олар үшін  есігінің алдында сарылдап суы ағып тұрса, жүріп өтетін жолы бүтін болса, бала-шағасы барып келетін мектебі жақын болса, түтіні түзу шықса, азанда өріске айдаған қорадағы малы кешке басы бүтін оралса сол ғана маңызды сияқты…

Иә, еліміз еңсесін тіктеді… Жиырма төрт жылдан соң ауылымызға баяғы тоқтап қалған ауыз су қайта келді…

Раушан МАХЫМОВА

Фото nur.kz сайтынан алынды

Интернет журналистке қажетті кеңестер
Қазақстанда күн сайын интернет сайттардың саны артып келеді. Алайда интернет-журналистиканың бірізділікке түспегенін байқауға болды. Нназарларыңызға белгілі медиа тренер Александр Амзиннің «Новостная интернет-журналистика» кітабында келтірілген «Интернет журналистің 140 ережесін» ұсынамыз.

Жаңалықтардың құрылымы

Тақырыпты немесе шамамен болашақ тақырыбыңызды жаңалықты жазып болған соң емес, жаңалық жазғанға дейін ойластырыңыз.

Тақырыбыңызда етістік болсын

Тақырыптағы етістік осы шақта болуы мүмкін емес. Жаңалық – болған нәрсе немесе болашақта болатын оқиғалардың хабарландыруы түрінде таралады.

Интрига жасаудың қажеті жоқ. Анық болғаны дұрыс. «Президент өлді» деген жаңалық Зимбавенің президентіне қатысты болса, сіздің ел үшін маңызды емес.

Тақырыпты нақты берген дұрыс. Сәл өткір қылып беремін деп мағынасын өзгертуге тырыспаңыз.

Басқалардың тақырыптарын көшірмеңіз. Өз ойыңызды басқалардың ойына қарағанда жеткізу оңай.

Дереккөзінің хабарламасын оқыңыз. Хаттағы мәтінді түсініп алған соң, жаңалықты хаттан көшірместен жазып шығыңыз.

Бір мәтінде бірнеше дерек айтуға тырысқыңыз келсе, тақырыпта ең негізгі жаңалық туралы айтыңыз.

Жаңалықта кем дегенде екі дереккөзді пайдалануға тырысыңыз.

Мәтінде бір фактіні екі рет қайталамаңыз

Жаңалықты жазып болып, оқып шығыңыз. Егер түсініксіз болса, көңіліңізде сұрақ туындаса, қайта жазыңыз.

Мәтінде жауабы жоқ сұрақтар болса, ол туралы айтып көрсеткен дұрыс

Егер сұраққа жауапты телефон арқылы алу мүмкін болса, телефон шалғаныңыз дұрыс.

Жаңалықтың құрылымын жаңалықты жазып болғаннан кейін емес, ақпарат жинау барысында ойластырыңыз.

Оқырманның басты сұрақтарына жауап берген дұрыс: кім, не, қайда, қашан, не үшін, неге?

Жаңалық бір оқиғаның жалғасы болса, оқырманға түсінікті болуы үшін алдындағы тарихын айта кеткен дұрыс.

Жаңалық мәтінінде жеке көзқарасыңыз көрсетілмеуі керек. Эмоцияға жол бермеңіз.

Жазған жаңалығыңыз өзіңізге ұнауы керек. Ұнамаса халтура.

Өзіңізге ұнамаған мәтін оқырманға да ұнамайды.

Мәтінде әрнәрсені орнымен атаңыз. Саястакерді саясаткер, кинопродюсерді кинопродюсер.

Барлық ақпаратты 4-6 абзацқа сыйдыруға тырысыңыз. Сыйдыра алмасаңыз мақала жазыңыз.

Сіз мәтін емес, гипермәтін жазып отырсыз. Мәтінде оқырманға түсіндіру қажет жерлердің бәріне сілтеме қоюды ұмытпаңыз.

Жаңалық оқырман сайтты бір шолып шыққанда-ақ ұнауы керек. Өйткені жаңалық бір-ақ рет оқылады.

Жаңалықты шындық іздеумен шатастырып алмаңыз. Сіздің мәтініңіз нақты жағдайда суреттеуші емес, дереккөздерінің ақпаратын жеткізуші ғана.

Аударма және шет тілдері

Ешқашан автоматты (онлайн) аудармашының көмегіне жүгінбеңіз

Онлайн аудармашының көмегіне тек бір ғана жағдайда: қасыңызда жазылған мәтінді түсіндіретін адам болмаса, ондай жалпы не жазылғанын түсіну үшін ғана жүгінсеңіз болады.

Ағылшын және басқа тілдердегі «калькадан» қашыңыз.

Сөздіктен іздегенде баламасын іздеген ең бірінші сөзді пайдаланудан қашыңыз.

Сөздердің баламасын оқып, іздеп, нақты баламасын беруге тырысыңыз.

Таныс емес сөздердің мағынасын сөздіктен іздеңіз.

Сіздің іскери ағылшын тілін білетіндігіңіз, мәдени терминдерді білетіндігіңізді білдірмейді. Әрқашан таныс емес сөздердің мағынасын түсініп алыңыз.

Шетелдіктермен мүмкіндігінше көбірек сөйлесіңіз. Бұл сіз үшін тегін сабақ.

Көптеген әріптестеріміз өз ана тіліндегі ғана дерекөздерді оқиды. Шетелдік дереккөздер бәсекелестікте басымдылық береді.

Баспасөз-қызметімен қарым-қатынас және этика

Баспаөз мәслихатына редакцияға пайда әкелетін материал табу үшін ғана барыңыз.

Уақытты фуршетке емес сұрақтарға жұмсау керек.

PR-қызметкерлері қолда бар материалдарын жібере берсін, қажеттісін өзіңіз таңдап аласыз.

Ақпаратты тексеру немесе нақтылау үшін баспасөз хатшысына хабарласуға ерінбеңіз.

Баспасөз баяндамасының өзін басқа дереккөздерін тексеру артық етпейді.

Әрдайым тікелей дереккөзді іздеуге үйреніңіз.

Байланыс номерлеріңізді PR-мамандарынан жасырмаңыз, олардың айтары көп.

Қандай жағдай болмасын PR-қызметінің эмбаргосын сақтау қажет.

Бірақ ақпарат бәсекелестер тарапынан келсе, алдыңғы пункттегі ережені бұзуға да болады.

Құпия болып қалғысы келген дереккөзіңіз туралы ақпаратты бөтен ешкімге айтпаңыз.

Мақала жазбастан бұрын пікір білдіру туралы өтініш хат жазып жіберіңіз. 40 минут ішінде жауап болмаса, өзіңіз хабарласыңыз.

Пошта арқылы өтініш жібергенде сізге толық мәтін келуі мүмкін. Ал телефон арқылы сөйлескенде жылдам ақпаратқа ие боласыз.

Баспасөз қызметі телефон арқылы пікір білдірмейтін компанияларды да біле жүріңіз.

Өтінішсіз жіберген ешқандай бағалы сыйлықты қабылдамай, кері жіберіңіз.

Өз құқығыңызды біліңіз, материалды жөндеу туралы кез-келген талаптарға көне бермеңіз.

Кімнен болмасын мәтінді көшіріп баспаңыз.

Корректура

Бастауыш пен баяндауыштың арасына үтір қойылмайды

Редактор мен корректорға сенбеңіз. Олар сіздің кемшіліктеріңізді жасырмауы қажет.

Фактілер мен арифметикалық есептерді тексеріңіз. Әсіресе есептерді. Өзіңіздікі де, өзгенікін де.

Жазғаныңызды қайталап оқыңыз.

Мәтініңізді түзетіп отырған әріптестерге ашуланудың қажеті жоқ. Олардан зиян шекпейсіз.

Орфографияны автоматты тексеруге  сенудің қажеті жоқ.

Граммантиканы автоматты түрде тексеретін «жасыл сызықтарды» да ұмытыңыз.

Қандай сөзді жиі қайталап айтасыз. Жаңалық жазу кезінде олардан құтылыңыз.

2 жолдан артық сөйлемдерді бірнеше бөлімге бөліп көруге тырысыңыз. Үтірлерді нүктеге алмастырыңыз.

Азат жол бірден көрінуі қажет. Әр азат жолдағы ой 3-4 сөйлемге сыйып тұрсын.

Жаңалығыңызды дауыстап оқып көріңіз. Жаңылып кеткен жерді қайта жазып шығыңыз.

Оқып түзету кезінде сөздерді сөйлемнің соңынан бастап оқып көріңіз. Мәтінді жұтып қою доғарылады.

«-лық», «-лік», «-ды», «-ді» жұрнақтарын барынша сызып тастап отырыңыз.

Да, де-ні қай уақытта бірге, қай уақытта бөлек жазуды білмесеңіз, басқа мамандық жайын ойлай берсеңіз болады.

Мәтіннің құрылымынан «мүмкін», «осы арқылы», «дегенмен», «алайда», «сондай-ақ», «айтқандай», «жекелей алғанда», «мысалы», «солай» дген сөздерді алып тастаңыз.

Түзету үшін мәтінді сізбен жақсы таныс емес адамға жіберсеңіз, мәтіннің сыртқы құрылымына да мән беріңіз.

Келісу үшін жіберілген сұбат та оқуға жағымды болу қажет.

Ешқашан төл сөзді қолданбаңыз. Егер жалпы мағынаны беру қажет болса төлеу сөзді пайдалану қажет.

Корректордың басты қағидасы: мәтінде қанша қате табылса да, тағы біреуі болады. Мысалы, алдыңғы пунктте. Байқадыңыз ба?

Өз стиліңізбен жұмыс істеңіз. Норы Гальдың «Өлі және тірі сөз» кітабын оқудан бастауға болады.

Сала құлаш тіркестерден арылыңыз.

Лауазымдарды қысқартып отырыңыз.

Ал синонимдерді кеңінен пайдаланыңыз.

Грамматикалық нұсқаулықтарды жиі оқып тұруға ерінбеңіз.

Стилистикалық тұрғыда барынша нейтральды жазыңыз.

Көп нүкте мен леп белгісінен құтылыңыз.

Сөздерді барынша жартылай қалың, курсив, сызылған түрінде аз беруге тырысыңыз.

Географиялық атаулар мен есімдерге мұқият мән беріңіз. «Гонг Конг», «Беджинг», «Мумбай» екендігіне сенімдісіз бе?

Блогосфера және басқа да әлеуметтік медиа

Қолжетімді деген барлық әлеуметтік желілер мен блогхостингерге тіркеліңіз.

Блогтар оқыңыз. Бұл адамдардың орын алған оқиғаға шынайы көзқарасын білдіреді.

Бірақ блогерлерге сенбеңіз, олар бір жақты қарайды.

Ең танымал блогерлер — ең коммерциялық және көп сатылатын блогтар.

Блогтарда сіз көрген даулы хабарламалардың жартысы арнайы тапсырыспен жазылған. Дереккөз ретінде сілтеме жасағанда ескеріңіз.

Барлық ірі блогдауларынан хабардар болыңыз.

Басылымды шолу, блог жазу — қайсысы болмасын ресми құжат емес. Оқырманыңыздың зерігуіне жол бермеңіз.

Богтарға шолу жасағанда көбірек сілтеме беріңіз. Сіздің пікіріңіз ең соңынан қызықтырады.

Шолуға негіз болатындай сюжет дайындап алыңыз.

Біржақты шолудан аулақ болыңыз, бірден байқалады.

Әлеуметтік парақшадағы жазбалардың өзі жаңалыққа себепші болады.

Тіпті олардың өшірілуі де.

Кез-келген ресурстардың сленгтерін үйреніп алыңыз. «Ретвит», «парақша,», «репостың» не екенін нақты біліп тұруыңыз қажет.

Мемлекеттік шенеуніктердің блогтары мен микроблогтарын жиі шолып тұрыңыз, ол жақта да қызық көп.

Бірақ бұл блогтарды олардың көмекшілері мен арнайы мамандар тікелей тапсырма немесе өздіктерінен жазып отыратындығын ұмытпаңыз.

Қабілет, қулық, өнімділік.

Іздеу жүйелері мен интерфейстердің тілін үйреніңіз. Алған біліміңізді жиі пайдаланып отырыңыз.

Тек бір ғана іздеу жүйесімен шектеліп қалмаңыз.

HTML-ді үйреніңіз. Қандай мамандықта болмасын қажет болады.

Операциялық жүйедегі клавиштердің үйлесімділігін білу артық етпейді.

Күніңізді мәтіндік редактор мен электронды кестедегі қосымша мүмкіндіктерді пайдалануға жұмсаңыз. Көп қызықтар табасыз.

Күрделі бағдарламалық қамсыздандыруды пайдаланбауға тырысыңыз. Өзіңіз білгенмен, өзгелер браузерде құжат оқып, Microsoft Word-да жазуға үйреніп қалған.

Мессенджердегі ең пайдалы статус- «қолым бос емес».

Тақырыпты бекіте салысымен бильд-редакторға иллюстрация жасауды өтініңіз. Оның жақсы жұмысқа уақыты көп болады.

Максималды өнімділік үздіксіз 15 минуттық жұмыстан кейін пайда болады. Сізді бөгеуге жол бермеңіз.

Мәтінге тек материалдың құндылығын арттыратын мәліметтерді қосыңыз.

Егер компьютеріңізде белгілі бір сайт ашылмаса, жаңалық жазуға асықпаңыз. Мүмкін ол басқаларда жұмыс істеп тұр.

Ең жылдам браузерді таңдаңыз.

Браузердің қосымша парақтарын жиі пайдаланыңыз. Бірнеше веб-парақшаларды ашып қойып, салыстыру жасап көруге де болады.

Егер жиі бірнеше құжатпен жұмыс істейтін болсаңыз, екі немесе үлкен бір монитор пайдаланыңыз.

Сыртқы шуға көңіл бөлуге мүмкіндік бермейтіндей және еңбек өнімділігін арттыратындай музыка таңдаңыз.

Жұмыс орныңызды барынша жинақы ұстаңыз. Сіздің миыңыз еркіңізден тыс алаңдай береді.

Ірі тапсырмаларды ұсақ өтініштермен алмастырып отырыңыз. Күрделі істі аяқтаған соң қарапайым нәрсеге көңіл бөлу керек.

Уақытты есептей біліңіз. Нақты қанша сағат ішінде бітіретіндігіңізді білмей жатып, материалды уақытында тапсыруға уәде бермеңіз.

Сіз өзіңіз қсынған мәліметтерге жауап бересіз. Сондықтан даулы мәселелерде Википедияға жүгінбеген абзал.

Орындайтын істердің тізімін жасап, сізге ең ұнамайтынынан бастаңыз.

Барлық айлдар мен мақалалар қол астыңызда болу үшін  Dropbox (http://www.dropbox.com) тәрізді бағдарламаларды пайдаланған жөн.

Егер жиі жазбалар жазып қалдыратын болсаңыз,  Evernote (http://www.evernote.com) тәрізді бағдарламалар көмекке келеді.

Флеша мен дискілерге сенбеу қажет.

Егер нақты тақырыпты жазбайтыныңызды білетін болсаңыз, «біздің форматымыз емес» деген сөз көмекке келеді.

Мәтін жазу кезінде жанр ауыстырмаңыз. Соңы жақсылыққа апармайды.

Мониторинг және жаңалық

Сіздің тақырыбыңзыға қатысты ең ірі басылымдар мен блогтарға жазылып, оларды әр күн сайын оқып отырыңыз.

Әрі таңыңызды газеттермен бастап, кешіңізді қортынды жаңалықтармен аяқтаңыз.

Көңіліңізге жақпаған тақырыптарға кейде зер салып қарап, жазуға байқап көріңіз. Сіз ойлағаннан да басқаша болу мүмкін.

Арнайы тақырып жазып отырсаңыз, күнделікті жаңалықтарды оқып отыруды ұмытпаңыз.

Өзіңіз үшін RSS-ридер, жекелей алғанда Google Reader ашып қойыңыз.

Дереккөздеріңізді тақырыбы, маңыздылығы бойынша сұрыптап қойыңыз. Аймақтық жаңалықтар оқып отырып, Bloomberg агенттігінің хабарламаларын қараудың қажеті жоқ.

Жаңалықтан агенттік жазғаннан да бөлек ойды байқауға тырысыңыз.

Кейде «шұғыл, маңызды» деген жаңалықтардың салмағы статусынан да аз болуы мүмкін.

Мониторинг кезінде сізге емес аудиторяға қызықты жаңалықтарға аса назар аударыңыз.

Жаңалықтың салмағы көп жағдайда ньюсмейкерге байланысты. Әскери қылмыскерді орденмен марапаттау кез-келген басқа марапаттаудан маңыздырақ.

Бірінші дереккөз- сіз бірінші оқыған емес жаңалықты бірінші хабарлаған ресурс.

Агрегаторларда жиі-жиі ең қызықты жаңалықтар шығады, бірақ бірнеше сағат кешірек.

Егер шетелдік жаңалық қазақстандық агенттіктен алынса, онда 99  пайыз оның дереккөзі болады.

Өзіңізді қызықтырған саладағы компаниялар мен ұйымдардың баспасөз қызметімен байланыс орнатыңыз.

Аптасына бір рет таныс емес сайттарды аралып шығыңыз.

Достарыңыз бен әріптестеріңіз жіберген сілтемелерге назар аударыңыздар. Олардың дереккөздері де маңыздылыққа ие болуы мүмкін.

Өмірлік ережелер

Егер көмекшіңіз болса, оны бақылаңыз, бірақ оның орнына жұмыс істемеңіз.

Күшіңізді есептеңіз. Жүйке жүйелеріңіз бен жүрегіңіз «мәңгілік қозғалтқыш» емес.

Бірақ өзіңізді аяудың да қажет жоқ , бұл еңбек өнімділігін азайта түседі.

Соңғы шыққан фильмдер көріп, кітап оқыңыз. Әрдайым керек болады.

Оқырмандармен қарым-қатынас кезінде ашық түрдегі дөрекілікке жол бермеңіз.

Қоқан-лоққыларға атүсті қараға болмайды.

Қандай-да бір әрекетті не үшін істейтініңізді білмесеңіз, ол қадамға бармаңыз.

Дерек көзі: 7kun.kz

Beeline Қазақстан ішкі корпоративтік әлеуметтік желінің ашылғанын жариялайды
Beeline Қазақстан Beelife – ішкі әлеуметтік желісін 2015 жылы қазанда іске қосты. Ішкі коммуникацияны түрлендіру идеясы қаңтарда туған, қыркүйекте 2700 қызметкер желіге қосылды.  Ішкі әлеуемтеттік желіні енгізудің негізгі мақсаттары: тиімділікті, еліктірушілікті, корпоративтік мәдениетті және айқындылықты арттыру, сондай-ақ «ақылды үдерістерді» енгізу.

Beelife – компанияның жаһандық стратегиясына толықтай сай келеді, ол ыңғайлы сандық шешімдердің арқасында көрсеткіштерді көтеруге және коммуникацияны оңайлатуға, ақпаратты іздеуді жеңілдетуге және әріптестермен күнделікті қарым-қатынастан ләззат алуға, лайктар басып, посттармен бөлісуге және пікір білдіруге бағытталған.  Beelife қызметкерлерді сандық әлемге аудару және өсіп келе жатқан білім негізін толықтыру үшін жасалған – бұл өз-өзіне қызмет көрсетуге арналған тамаша алаң. Бүгінгі таңда әрбір қызметкер «есеп парағын» оп-оңай ала алады, өз бонустарын есептеп, медициналық сақтандырудың егжей-тегжейін біле алады және іссапарын жоспарлап, компания ішіндегі бос жұмыс орындары туралы ақпаратқа қол жеткізіп, жеке кабинетті қолдана алады. Егер қандай да бір қиындықтар туындаса, қызметкерлер кез келген уақытта қолдау орталығына хабарласса болады. Тағы бір артықшылық – бұл кросс алаңдық қызмет, кез келген қызметкер әлеуметтік желіге компьютерден, смартфоннан немесе планшеттен қол жеткізе алады.

«Негізгі мәселе барлық қызметкерлерді жұмылдыру және біріккен кеңістіктегі күн сайынғы қатынасты өзгерту, сұлулық пен digital технологияның артықшылықтарын көрсету болды» — деп Beeline Қазақстан компаниясының Ұйымдық даму және қызметкерлермен жұмыс істеу бойынша бас директоры Ольга Бережная өз пікірін білдірді. Beelife қызметкерлердің өзін өзі көрсетуіне, басшылардың көзіне түсуіне, компания ішіндегі қатынасты күшейтуге және тамаша нәтижелер көрсетуге мүмкіндік береді.

Үшінші қалада медиа-нарықты дамыту өзекті
Уақыт шіркін бір орнында тұрмайды. Қоғам алға жылжыған сайын, өмір де өзгеріске ұшырап, жаңару үрдісімен үйлесім құрып жатады. Күллі әлем ақпараттық қоғамға шындап бет бұрған қазіргі заманда ақпараттық мәдениеттің маңыздылығы тіпті арта түсті деуге болады. Осы орайда қаламын қару еткен бүгінгі журналистер қандай болуы тиіс? Олар ақпараттық майданның қан базарында емін-еркін пікір алмасып, замана көшінен кейін қалмас үшін нендей күшке ие болуы керек? Осындай мазмұндағы сұрақтар «Шымкент қаласында медиа-нарықтың дамуы және ақпараттық саясаттың өзектілігі» тақырыбында өткен семинарда кеңінен талқыланды.

Шымкенттегі «Жастар орталығы» ғимаратында шымылдығын түрген семинар «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігі мен ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалының ұйымдастыруымен өтті. Аталмыш шараға 30-ға жуық жергілікті БАҚ тілшілері қатысты. Семинардың ашылуында ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалының төрайымы А.Қапбарова, «Жаңа дәуір» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Т.Молдахметова сөз сөйлеп, аймақтағы журналистиканың қазіргі жай-күйіне тоқталды.

– Қоғамда жиі айтылатын «Ақпарат кімнің қолында болса, сол әлемді билейді» деген тәмсіл қазір күшіне мініп тұр. Шын мәнінде жаһандану дәуірінде ақпаратсыз күніміз қараң екендігіне ешкім де талас тудыра қоймайды, – дейді ҚР Журналистер Одағы ОҚО филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова .–Бұл семинардың мақсаты — журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдау, ақпараттық саясаттың өзектілігін жеткізу, әрине, ең бастысы, аймақ журналистерінің арасындағы кәсіби қарым-қатынасты барынша нығайту.

Бүгінде Шымкент қаласы еліміздегі ірі медиа орталықтың бірі ретінде жалпақ жұртқа танымал. Нақты айтар болсақ, қазіргі таңда облыс орталығынан 200-ге жуық газет-журнал жарыққа шығады. Демек, еліміздің үшінші мегаполисінде медиа-нарықты заман талабына сай дамыту қажеттіліктен туындайды. Қаламгерлердің басын қосқан шарада филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Сейдолла Садықов, медиа-заңгер Ләззат Қыдырова, IT-маманы, блоггер Ұлықбек Әлиакбарұлы шеберлік сабақтарын өткізді. Семинарда Интернет туралы заңнамалық актілер жайында сөз қозғай отырып, құқықтық, журналистік этикалық тәжірибелік сабақтар өткізілді. Бұл ретте заңнамалық актілердің халықаралық стандарттары жайында да арнайы лекция ұйымдастырылды. Қазіргі ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында әлеуметтік желілердің рөлі мен ондағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, БАҚ-тағы маркетинг, PR, жарнама орналастыру мәселелері сөз болды.

Пікірлер не дейді?

Семинар барысында өткір-өткір ойлар айтылып, жиынға қатысушылар пікірталастың көрігін қыздырды. Он жылдан бері БАҚ саласы өкілдерінің құқықтары төңірегінде жүйелі зерттеулер жасап жүрген медиа-заңгер Ләззат Қыдырова журналистердің өз міндеттері мен заңдық құқықтарына мұқият болу керектігін айтады. Құқықтанушы маман өз сөзінде қаламгерлер әрқашан да этикалық нормалар мен заң принциптеріне иек артып, кәсіби біліктілігіне нұқсан келтірмеуі керек деген ұстанымын жеткізді.

– Журналистер көбіне-көп криминалды тақырыптарға, жемқорлыққа қатысты дау-дамайға қызығушылық танытып жатады, – дейді  медиа-заңгер Л. Қыдырова. – Алайда, бұл ретте журналистер артық қылам деп тыртық қылып алатын жағдайлар ұшарысады. Неге десеңіз, жоғарыдағы тақырыптарға қалам тербеген журналистер істің байыбына бармай жатып азаматтардың аты-жөндерін жариялап, оларды күдікті немесе жемқор ретінде бейнелеп жатады. Бұл —  заң шеңберінде өте сорақы нәрсе. Мұның бәрін анықтайтын құқыққорғаушы органдар бар емес пе? Соттың нәтижелі шешімі болмаса, әлгіндей долбармен айтылған әңгімелер қауесет, жаңсақ пікір, яғни заңсыз болып саналады.

Басқосуда филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Сейдолла Садықов журналистік тәжірибесіне қатысты өнегелі ойларымен бөлісті. Білікті ұстаз Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы төңірегінде жүйелі сөз сабақтап, бұл жолда жастарды Отанға қамқор болуға шақырды. «Жастар жалынды, өр рухты болуы керек. Ғылымы мен өнері кеңге қанат жайған Батыс елдерінде «Не шықса да жастардан шығады» деген сөз ауызға жиі алынады. Демек, кеудесiнде ұлттық рухы лаулаған жастар ғана елдiң көшiн өрге сүйрей алады», – деді С. Садықов.

Сондай-ақ, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Бақтияр Тайжан орайлы сәтті пайдаланып, журналистерге қарата салмақты ойы мен тағылымды кеңесін айтты. «Қалам ұстаған әріптестерім мемлекеттік мүдде дегенде әрдайым ауызбіршілік танытуы тиіс. Кейде журналистердің жазбаларынан тәуелсіздігімізге қауіп төндіріп, ынтымақ-бірлігімізге ши жүгіртетін мақалалар кездеседі. Бізге тәуелсіздік қашанда қымбат, бұл біздің қастерлі құндылығымыз. Журналистер дәлел-дәйексіз айтылған сынға тойтарыс беріп, бұл бағытта елдің еңсесін көтеретін өрелі, салиқалы пікірлерлерімен үн қоса білуі керек», – деді Б. Тайжан.

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрлыбек Жеңісбек қаламыздың бүгінгі баспасөз алаңындағы тыныс-тіршілігін, ертеңгі даму болашағын өз әңгімесіне арқау етті.

– Бүгінгі семинарда журналистер ойларын ірікпей, нақты ой-ұсыныстарын ортаға салып жатыр. Тіпті бір-бірінің «жағасынан алған» көкейкесті пікірлер мен сұрақ-жауаптар да болды. Мұны медиа кеңістіктегі демократияның көріністері деп бағалауға болады, – дейді Н. Жеңісбек. – Журналистер тарапынан осы семинарда маған «Шымкентке қосылып жатқан елдімекендердің болашағы қалай болмақ?» деген сауал қойылды. Мен айтар едім, қала маңындағы елдімекендердің шаһар аумағына қосылып жатқанына үрке қараудың қажеті жоқ. Агломерациялық өзгерістің қаланың дамуына оң ықпал етері сөзсіз. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар үрдіс. Мәселен, Гонконг қаласы маңындағы халық үлкен мегаполистің маңына шоғырлануда. Сол сияқты өз елімізде Алматыға жақын 27 елдімекен қалаға бірігіп жатыр. Меніңше, журналист әріптестерім озық мәдениетке қадам басқан мемлекетіміздің ұстанған саясатын мейлінше қолдап, шынайы көзқарас тұрғысынан зерделесе екен деймін.

Әлеуметтік желілер әлемді биледі

Семинарда әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны да талқыға түсті. Шындығында ит кірмейтін жерге интернет кіріп тұрған мынадай заманда ғаламтор деген ғажайып талай журналистің қолын ұзартып отырғаны рас. Бұл орайда IT-маманы, блоггер Ұлықбек Әлиакбарұлы журналистер үшін ғаламтор ақпарат алудың ең тиімді тетік екеніне тоқталып өтті.

– Ақпараттық қоғамда мақалаңыздың жеделдігі өте маңызды, – дейді блоггер. – Қазіргі таңда телеарналар ақпаратты 3-4 сағаттан кейін, газеттер мен журналдар болса арада бірнеше тәулік өткен соң барып хабарлап жатады. Ал, Facebook, Twitter, Mail.Ru, В Контакте және басқа да әлеуметтік желілері арқылы ақпаратты қас қағым сәтте жер жүзінің кез келген жеріне жеткізуге болады. Интернеттің тиімділігі, міне, осында.  Әрине, журналистердің жұмысына сын айтудан аулақпын, дегенмен кәсіби журналистер жаңа заманның технологиясын барынша меңгеріп жатса, ақпараттың қолжетімділігіде артар еді.

Семинарда салиқалы сөздер легі мұнымен тоқтап қалмады. Журналистер өздерін алаңдатқан сауалдар бойынша өзара пікір алмасып, өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Автор: Сәбит ТАСТАНБЕК.

СЕРГЕЛДЕҢ (новелла)
Ол мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түскенде өзін сондай бақытты  сезінген. Алдында күтіп тұрған қиыншылықты талай рет бастан өткеретінін  сезініп жатпады. Бүкіл өмірі бір күнгі бақыты сияқты өтетіндей көрінді оған. Тек оқысам, білім алсам, мамандық алып, жұмыс істесем, сөйтіп бірер биікке көтеріліп, өзімнің неге қабілетті екенімді жұртқа көрсетсем деп алып ұшқан  алапат сезімнің ғана құшағында жүрді. Сөйтсе, ол айналасына да көз тастауды ұмытқан екен. Топтастарына,  курстастарына, танитын-танымайтын адамдарға күннен-күнге зер сала қарауды әдетке айналдыра бастады. Тіпті күн өткен сайын олардың басына түскен қиыншылықтарына алаңдауды да, қуанышына ортақтасуды да  үйренді.  Адам өмірі қызық пен қиыншылыққа толы екенін, сол үшін кеудесінде  жаны бардың бәрі күресу керек екенін есі кіргеннен санасына жатттап өссе  де, өзіне келгенде бұл қағида жүрмейтін сияқты. Балалық өмірден жастық  шаққа енді ғана адымдай бастағанда оның ойына мұндай бәзбіреулердің  бәлдір-батпағы кіріп шықпады. Тек түсінбейтіні, өзі әу баста пәк сезім деп бағалайтын мәңгілік махаббаттың құнын кейбіреулердің арзандатып жібергені. Кітаптағы махаббаттың құдіреттілігі көңіліне жатталып  қалғандықтан болар ол махаббат туралы пікірталас туа қалса табан астында  мәңгілік сезімнің қорғаушысы болып шыға келеді. Мұнысын өзгелер де  басқаша түсінер, бірақ мұның пәк түсінігін кейін өмірдің өзі өзгертіп жіберетін қайдан білсін?!

…Кенеттен дүние аударылып төңкерілгендей болды ма? Әне-міне оқуын тәмамдап, бір жапырақ дипломын қолына алармын деп жүргенде бұл өзі  білмейтін, жан дүниесі түсініксіз біреудің жары болып шыға келгені. Өңі ме, түсі ме мұны айыра алар емес. Сонда бұған дейінгі өзі мойындаған махаббаттың құдіреттілігі қайда қалды? Өзі сүймеген, білмеген жанның құшағына өзін лақтырып тастау, сонда өзі қорғаған махаббат болғаны ғой… Иә, солай… Адамдар не деген ақымақ еді…өмірдің күнделікті күйбең тіршілігін махаббаттың биік тұғырымен алмастырып қоятын. Жақсы болсын, жаман болсын, бас қосқан екі жұп қалайда өмір сүруі керек деген жабайы түсініктің ушыққаны соншалықты жаны нәзік әйел затының соңғы уақытта өз еркінсіз әлдебіреудің қол астында жүріп- тұратыны өкінішті ақ…Бұл да соның бірі болғаны ма? Тек өзі мойындаған махаббаттың бар-жоғына бас қатырып, өзгелер секілді оны жалғанға шығаруға дәті шыдамады. Ішкі түйсігі жібермеді ме, өзі де білмейді, әйтеуір бір керемет күш мұны алға талпындырғандай. Әлде өзін-өзі солай алдады ма екен? Онысы тым түсініксіз. Сөйтті де өзі сүймеген адамға еріксіз берілудің асқан қасірет екенін сезініп, мұнысын ешкімге түсіндіріп жатпастан басын алып қашты. Мұның не деп сұраған ешкім де болмады. Арадағы ырың-жырың қарым- қатынастың ешбіріне мән бермеді. Ешкімді де әуре-сарсаңға салмаған күйі өзіне белгілі бағытқа бет алды. Ішкі дүниесін өрттей шарпыған көлеңкелі күйіктің тым ауырлығы жанына батса да, өз-өзін зорлықпен өткенді ұмытуға көндірген. Бірақ өткенді өткінші өмір дегенмен санасында қалған оның іздерін қайда жасырмақ? Осыған қарап көбесі біртіндеп сөгіле бастаған өмірінің мағыналы шағы біткен шығар деп ойлап еді…бірақ тырбаңдатқан тіршілігінің тынысы түгесілмепті. Кеудесінде шырамытқан үміт шырағы алға жетелей берді. Өткеннің жарасы жазылса да, оның ешбірін де санасынан сыза алған жоқ. Сергелдең сезіммен күй кешіп жүргенде қым-қуыт қаланың  қиюласқан тіршілігі Оны жолықтырды. Әлдебіреудің жүзіне тік қарауынан   секем алып, өзіне жылы сөз арнауынан қорқатыны әдетіне айналып, оны көргенде де сезімнің сиқырынан шошыңқырап, алысырақ жүруді мұрат тұтып еді. Бірақ бұлар бір-біріне тез арада үйренісіп кетті. Кездесіп жүріп,  арадан біршама уақыт өткенде бұл бармағын тістеген. Енді не істемек… Оның жібі түзу, басы бос екенін біледі, бірақ ол бұл туралы ешнәрсе білмейді ғой. Бұл не сонда? Өткенін алға тартып, жігіттің өзіне деген жанашырлық сезімін тартып алмақ па? Әлде осылай өзін де өзгені де алдай тұрмақ па? Мұнысы несі? Ұлы сезімге табынып келіп, енді өзгенің  махаббатын мазақ еткені қалай өзі? Жігіт жүрегін ұсынып, сөз салғанда бұл  іштей өксіп, өткеніне лағынет айтқан. Өйткені бұл жігітті шын сүйіп қалып  еді… Бұл махаббат дегеннің тек азаптан ғана тұратынын сонда түсініп еді. Өзі туралы оның еш жамандыққа бармайтыны жанына батады. Егер бар шындықты айтып салса, бұдан теріс айналса, дүниенің астаң-кестеңі шықпай  ма? Іштей өзін жегідей жеген сан түрлі сұрақтардың біріне де жауап таппастан, ақыры ашығын айтудан өзге амал таппаған. Өзін қадірлейтін, өзі сүйген адамды алдаудың құрбанына айналдырудан асқан қорқыныш жоқ екенін ұққан. Айтты да…Мең-зең күй кешіп, есеңгіреп қалған жігіт тез арада бойын жиып ала қойды. Бәлкім тағдырына мойынұсынғаны болар… Бәлкім ұлы сезімнен туған махаббатты уысына ұстап қалғысы келгендіктен, өткеннің бәріне қол сілтеген болар… Бұл үшін оның не ойлағаны, нені ойына алғаны белгісіз. Қуанатыны жігіт бұдан теріс айналған жоқ Өмірінің қалғанын өзімен бірге өткізуге уәде етті. Бірақ… арадан қанша уақыт өтсе де, ол нақты бір шешімге келе алмай шарқ ұрып жүргенін бұл аңғарады. Соңғы кездері бұл орын алған жағдайдың бәріне өзін кінәлайтынды шығарып жүр. Сөйтпегенде ше, өмірдің өзі білмейтін алып толқындарына қарсы тұрамын дегенде, шиыршық атқан асау толқындардың шапшуы мұны жағаға қарай  лақтырып, махаббаттың ми батпағынан бір-ақ шығармады ма? Егер қолынан келсе, жанын қажытқан махаббаттың азабынан мәңгілікке арылып, баяғы алапат сезімнің құдіреттілігіне табынған есерсоқ, ессіз шағына қайта оралар еді ау… Егер қолынан келсе шырмауықтай сезімнің шырмауынан, тағдыр тәлкегі тоғыстырған тасадан оны да өзін де құтқарып алар еді ау… Пендесінің тағдырын пешенесіне жазып қоятын Жаратқанның шеберлігі-ай  десейші…