Медиа — OKnews.kz

Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру мәселесі қарастырылады
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова биыл мектеп бітіру кештеру қандай форматта өтетінін түсіндірді.

«Мектеп біртірушілер үшін емтихандар аяқталғаннан кейін, 11-сынып оқушылары үшін 12-14 маусым аралығында мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру мәселесі қарастырылады. Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға байланысты іс-шаралар ашық, таза ауада өткізілуі Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген. Бұл тұрғыда оқушылары аз мектептер осы іс-шараны барлық сынып үшін өткізе алады. Ал мектеп бітіруші сыныптар көптеу болғанда, бірнеше кезеңге бөліп ұйымдастыру мүмкіндігі бар», — деді Ш. Каринова министрліктің аппарат жиналысында. Осы орайда ол бұл іс-шараның негізгі мақсаты мектеп түлектерінің жалпы орта білімді аяқтап, білімі туралы құжатты алуына арналғанын еске салды. «Сондықтан мектеп бітіру кешін өткізу кезінде әрбір мектептің ішінде ресми түрде аттестатты табыстау іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылады. Сонымен қатар, дастархан жаюға немесе басқа да көңіл көтеру орындарында (тойхана, мейрамхана, дәмхана) рұқсат етілмейді. Бұл іс-шара тек мектепте ресми түрде аттестат табыстауды ескереді», — деді вице-министр. Айта кетейік, мектеп бітіру кешін санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы өткізіледі. Осы орайда мерекелік аниматорларды, түрлі той ұйымдастыру агенттіктерін, жеке студияларды шақыртуға тыйым салынған. Бұдан бұрын хабарланғандай, соңғы қоңырау әдеттегідей 25 мамырда өткізіледі. Биылғы шектеу іс-шаралары ескеріліп, бірнеше формат ұсынылмақ. Біріншіден, дәстүрлі түрде ашық таза ауада 9 және 11-сынып оқушылары үшін, сондай-ақ 300-ге дейін оқушысы бар әрі осы уақытқа дейін штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізеді. Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауына қатысты түсінік берді.

«Мінбер» болашақ медиатренерлерді тренингке шақырады
Құрметті медиа мамандары, журналистер, жоғары оқу орнының ұстаздары, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Интерньюс-Қазақстан өкілдігінің ұйымдастыруымен MediaCamp бағдарламасы аясында «Медиа ақпараттық сауаттылық» тақырыбында тренерлерге арналған тренинг өткізуді жоспарлап отыр. Жобаны ЮСАИД қоры қолдап отыр.

Тренинг 29-30 маусым күндері Алматыда «Қазжол» қонақүйінде өтетін болады. Орын саны шектеулі болғандықтан, болашақ тренерлер арасында конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегі сауалнаманы толтырып, кері жолдасаңыздар болды. Орын саны шектеулі болғандықтан сауалнаманы тиянақты, әрі жақсы толтырғандардың ішінен 15 қатысушы іріктеліп алынады.

«Мінбер» тренингке қатысушылардың жол және қонақ үй шығындарын өз мойнына алады.

Тренингке қатысушыларға қойылатын талап – семинар-тренингтен алған білімдерін өз өңірлерінің медиа белсенділері мен студенттермен, журналистермен бөлісіп, 90 минуттық үш тренинг өткізу.

ЕСКЕРТУ: Төмендегі сауалнаманы толтыра отырып, өзіңіз жайлы ақпаратты тренингке қатысушыны іріктеуде қолдануға келісіміңізді бергеніңізді растайсыз. Сауалнамадағы ақпарат тек қана аталған тренингті ұйымдастыру барысында қолданылып, өзгелерге таратылмайды.

«Айбынның» айбынды ұланымен кездесу өтті
Өскелең ұрпақты Отанымыз – Қазақстан Республикасын сүюге, оларды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті қалыптастыру басты мақсат болып табылады. Соған орай жыл бойына дөңгелек үстелдер, тренинг-семинарлар, флешмобтар, патриоттық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіледі.

Мұндай  патриоттық іс-шараның негізгі идеясы – қазақстандық патриотизм мен ұлт бірлігін нығайту, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен құндылықтарын, ел рәміздеріне деген құрметті насихаттау болып табылады. Осыған орай жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс ауданындағы Ақдала ауылдық округі С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толуына орай ауыл жастары арасында «Ұрпақтар сабақтастығы» айдарымен «Рәміздерім мақтанышым» атты кездесу өткізілді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкі взвод командирі, аға лейтенант, 2015 жылғы Президентті ұлықтау рәсімінде Елбасымызға ту ұстап тұрған жерлесіміз, Ақдала ауылының мақтанышы Орынбасаров Жандос Айтбайұлы қатысты.

Кездесудің мақсаты — ұлттық бірлігіміз бен қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, өңіріміздің үлгі тұтар азаматтарын насихаттау, жастар бойында ұлтжандылық пен отансүйгіштік сезімдерін дамыту мен рухтандыру болып табылады.

Отырарлық генерал-майор
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында еліміздегі бірқатар әскери қызметшіге генерал шенін табыстаған болатын. Абыройлы құрметке ие болғандардың қатарында жерлесіміз ОҚО Отырар ауданының тумасы Дулат Темірғалиұлы Адырбеков те болды.

Даңқты жерлесіміз қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрлық әскерлері бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет етіп келеді.Бүгін генерал-майор Дулат Адырбеков өзі алғаш білім алған оқу ордасы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында болып, ұстаздармен, оқушылармен кездесті. Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов Генералдың иығына отырарлықтардың атынан зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті.

Жиын барысында Дулат Темірғалиұлының ұстаздары мен сыныптас достары балалық шақтағы естеліктерін айтып, жарқын әңгімелесті. Мұнан соң Дулат Адырбеков аудан әкімі Ерлан Айтахановтың жеке қабылдауында болды. Қабылдауда аудан басшысы бейбіт күннің батырын қызметтегі жетістігімен құттықтады.«Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз.

Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Отанымызды қорғап, Тәуелсіз еліміздің тыныштығын сақтауға айтулы үлес қосып жүрген сіздей жерлесін отырарлықтар әрқашанда мақтан тұтады. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметіңізге табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін»,-деді аудан басшысы.

Аудан әкімі мен аудан халқының ыстық ықыласы мен ізгі тілектеріне алғысын айтқан Генерал қасиетті Отырар ауданынан әлі талай генералдардың шығатынына сенім білдірді.

Отырар аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі

Шардара маңынан 60 нысан салынады
Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Шардара ауданының әкімі  Болатбек Қыстауов мәлім етті. Оның айтуынша, ауданда туризм саласын дамыту мақсатында Шардара су қоймасы жағалауынан 60 нысан іске қосылып, оған 6,7 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады деп жоспарлануда екен.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша баяндаған аудан басшысы бүгінде Шардарада 36 гектар аумақта индустриалды аймақ құрылып, онда кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Мұнан бөлек,  ол Шардара ауданы балық өңдеу бойынша облыс көлемінде көш бастаушы аймақ екенін айтып,  бұл бағытта өткен жылы жұмыс істеп тұрған 3 балық зауыты жалпы 4 мың тоннаға жуық балық өңдеп, 3,2 млрд. теңгенің өнімін өндіргенін мәлімдеді. Ал оның 80 пайыздан  астамы шет елдерге экспортталған. Сонымен қатар, биыл жылдық қуаттылығы 600 тоннаны құрайтын тағы бір балық өңдеу зауыты іске қосылып, 30 адамды жұмыспен қамтыған.

Алдағы уақытта жаңадан ашылған кәсіпорындар есебінен балық өнімдерінің көлемін 30%-ға арттыру жоспарлануда екен. Брифингте Болатбек Қыстауов сонымен қоса, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы  аясында Шардара қаласындағы  Астана және Әл-Фараби көшелерінен 40 пәтерлі көпқабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы басталатынын жеткізді.

«Бұл бойынша бүгіні таңда жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Ал биылғы жылы үш ауылдық округте, яғни, Сүткент, Ақшеңгелді, Егізқұм ауылдарында  жергілікті бюджеттен бөлінген 64 млн. теңгеге бір пәтерлі 9 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға береміз деп отырмыз. Жалпы Шардара ауданында бүгінгі таңда  996 отбасы тұрғын үй кезегінде тіркелген. Олардың ішінде 126-сы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар»,-деді аудан әкімі.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанда халықаралық медиафорум басталды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты тақырыпта халықаралық медиафорум өз жұмысын бастады. Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Башқұртстан елдерінің ірі бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары келіп отыр. Олардың арасында «Анадолы» агенттігінің, NTV, «TRT Avaz», «Атаюрт», «ҚазАқпарат» ХАА, Қазақ радиосы секілді түркітілдес мемлекеттердің ірі БАҚ өкілдері де бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. Тоқтала кететін жайт, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның киелі жерлер географиясы туралы айтылған болатын. Осыған байланысты ұйымдастырушылар форумды Елбасының мақаласындағы осы мәселемен де ұштастырып, бауырлас елдерден келген азаматтарды оңтүстіктің киелі, тарихи жерлерімен таныстыруды ниет еткен. Жиынның алғашқы күнінде медиафорумға қатысушылар Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам, Отырар, Арыстан Баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі секілді бірқатар киелі жерлерді аралады. Ертең медиафорум өз жұмысын Түркістан қаласында жалғастыратын болады. Шараны Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Халықаралық Түркі академиясымен бірлесіп өткізуде. Еске сала кетейік, 2017 жыл «Түркістан — Түркі әлемінің мәдени астанасы» ретінде жарияланған болатын. Ал түркі әлемінің мәдени астаналары аясында түркі әлемінің ортақ ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мәселесі де ұдайы көтеріліп келеді. Бұл жоба түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтып, халықтарды жақындастырып, ортақ мәдениет пен өркениет қалыптастыруға ықпалын тигізері сөзсіз.

Сарбаздарды мерекемен құттықтады
Жыл сайынғы дәстүр бойынша ОҚО -дағы  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдері мен шығармашылық ұжымдары 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай 27943 әскери бөлімінің ұжымы мен сарбаздарын мерекемен құттықтап тамаша көңіл күй сыйлады.

Мерекелік шара барысында Отан қорғаушыларға арналып патриоттық әндер мен қоса лирикалық әндер де шырқалды. Сонымен қатар жиында сөз алған ҚХА мүшесі Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Л. Б. Шик сардарлар мен сарбаздарды алдағы мерекелерімен құттықтап, елімізде әрқашан береке-бірлік, тыныштық пен бейбітшілік болсын деген ізгі тілегін жеткізді.

Айта кетейік, 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

Арыста ауқымды істер атқарылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен Арыс қаласына БАҚ өкілдерінің ақпараттық туры ұйымдастырылды. Журналистер тобы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай атсалысып, үлес қосып жүрген бірқатар серіктестіктерді аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Ең алдымен, тілшілер тобы Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округіндегі «Жаңа Ақдала» Агрофирмасы» ЖШС-де болып, облыста алғаш рет қолданылып отырған, Германиядан әкелінген жаңа технология жаңбырлатып суғару әдісімен 600 га егістік жерге егілетін жоңышқа алқабында болды.  Мұнан соң, қаламыздағы әскери гарнизонда 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне орай «Ерлік тағлымы-урок мужество» тақырыбында жастар арасында қазақ әскерін насихаттау, аға ұрпақтың ерлігін жалғастыруға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысып, Арыс гарнизонының күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Аталған іс-шараға қала аумағындағы білім мекемелері мен колледждердің 180 студент пен оқушылар қатысты. Шара барысында әскери ойын түрлері мен техникалар таныстырылды.

Одан соң, БАҚ өкілдері әулеттің темір жол саласындағы еңбек өтілі 450 жылдан асатын теміржол саласында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып еңбек етіп келе жатқан 85 жасқа толған Жаңабай ақсақалдың отбасында болды.

Қарт теміржолшы құдай қосқан қосағы Райхан анамен бірге 7 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде байырғы теміржолшының 7 ұлы мен екі келіні және 5 немересі барлығы 17 адам атакәсіпті меңгеріп, ел экономикасына елеулі үлестерін қосуда.

Тілшілер өзекті мәселе зиянкес шегірткелерді залалсыздандыру бойынша атқарылып отырған жұмыстардың барысымен танысты.

Арыс қаласының еншісіндегі 56,3 мың гектар жерге шегірткеге қарсы дәрілер себілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарға зиянкестерге дәрі шашатын 2 ұшақ пен дәрі шашатын қондырғылармен жабдықталған 4-трактор, 6-ГАЗ-66 жүк көлігі, 9-уазик, барлығы 21 техника мен 100-ге жуық адам жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде.

Мұнан кейін журналистер тобы Байырқұм ауылдық округіндегі «Байырқұм-Агро» ЖШС-нің қаракөл қой шаруашылығының жұмысымен танысты. Бүгінде жеке кәсіпкер Фархат Әбдірашұлы өз қаражат есебінен Өзбекстан Республикасынан 2000 бас қаракөл тұқымын әкеліп, өсіруде. Жыл соңына дейін қой басын 20000 басқа жеткізу көзделген. Келер жылдан бастап, қаракөл елтірісін жақын және алыс шет елдерге экспорттау үшін қазіргі таңда келіссөздер жүргізіліп, Италия мемлекетімен келісім-шарт түзіліп, жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Ақпараттық турға қатысқан БАҚ өкілдері атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын таба беретін болады.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мерекеде мың домбырашы күй тартты
Оңтүстік Қазақстан облысында бір мезетте 1 мың домбырашының күйі күмбірледі. Бірлік мерекесіне арналған жиында жергілікті домбырашылар Құрмағазының күйі «Балбырауынды» бір ырғақпен тамаша орындап шықты. Күйді орындауға өңірдің мәдениет қызметкерлерімен бірге мектеп оқушылары да тартылған. Олар екі апта уақыт аралығында алаңға жиналып, дайындық жүргізіпті. Домбырашылардың басын қосқан режиссер Жұмабек Есімовтың айтуынша, бұл идеяның авторы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев болған екен.

«Күй тартуға қаладағы әр мектептен 15 оқушыдан қатысады деп жоспарлағанбыз. Кейін солардың ішінен іріктеп алып, әр білім ошағынан 10 балаға дейін қатыстырдық. Оқушылардың басым көпшілігі – облыстық «Өнер» мектебінің шәкірттері. Ал қалғаны – мәдениет саласында еңбек ететін қызметкерлер. Домбыраның күмбірі халық мүддесін бір арнаға бұрып, ортақ ойға ұйыстыратын рухани күшке айналатынына сеніміміз мол. Бұл шара жастарымыздың ұлттық сезімін, халқымыздың отаншылдық рухын нығайтуды көздейді», – дейді режиссер.

Татулықты тұмар еткен көпұлтты отбасы
ОҚО-да тұратын көпұлтты отбасылардың бірі Темировтар әулеті – татулықты тұмар еткен жанұя. Олар бірлік пен берекеге бастайтын мерекені атап өтуді елден ерте бастапты. Шымкенттегі Интернационал көшесінде тұратын Темировтер отбасы үшін мереке жексенбіден басталды. Үй иесі Гузаль Темирова әулеттегі абыз аналарды дастарқан басына жинауды ұйғарыпты. «Қазақтың ортасында өскендіктен бе, ет асу жанымызға жақын», – дейді Гузаль. Бұл отбасының бірнеше ұлтпен құда болғандығын біреу білсе, біреу білмейді. Гузаль Темирова, Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы:

-Менде өзбектен де, қазақтан да, орыстан да келін бар. Ешкім оларды ұлтына байланысты бөлмейді. Себебі біздің қыздар да қазаққа шыққан. Олардың барлығы тағамды бірдей пісіреді. 1962 жылы Қытайдан қазақ жеріне қоныс аударған ұйғыр ұлтының өкілдері оңтүстікке 1975 жылы көшіп келіпті.

«Содан бері қазақ халқының шексіз шарапатына бөленіп келеміз, айтарым тек мың алғыс», – дейді Зәйтуна әже.

Айта кетейік, Темировтер ұйғыр ұлтынан болғанымен, отбасында қазақша сөйлеседі.

-Қазақ ұлтына ризамыз. Қазақ ұлтымен еш уақытта ренжіскен емеспіз. Мен өзім бұрыннан қазақ ішінде өскендіктен бе, тіл жағынан қысылғаным жоқ. Үйімізде ұйғыр тілінде емес, қазақша сөйлейміз, – дейді Зәйтуна әже.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов