Дін — OKnews.kz

Адасудың ақыры…
Құндылықтары өзгеріңкіреп тұрған күрделі кезеңде пиғылы теріс жат ағымдар қауіп бұлтын қоюлатып тұр. Дегенмен оларға қарсы жұмыстар жүргізілмей жатқан жоқ. Ақпараттық насихат топтары, үкіметтік емес ұйымдар, жалпы алғанда қоғамға ықпалы бар жауаптылар жұмыс қарқынын үдетуде. Оларға қарсы майдан ашқанмен, бұл бір күнде, бір айда ауыздықтала салатын мәселе емес. Әсіресе ақпарат тасқыны мол кезеңде тойтарыс беру оңайға соқпайтыны  белгілі.

Бүгінде жастар, жалпы қоғам мүшелері жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін алдын алу жұмыстары қарқын алып келеді. Жуырда ғана Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұйымдастырған еліміздің әр өңірінде ақпараттық-насихаттық топ жұмысын бастады. Облысымызға келген жұмыс тобы білім, спорт, денсаулық сақтау, қылмыстық атқару жүйесі салаларында болып түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Талқы таразысына салынған мәселенің күрмеуі шешілер күн де алыс емес деген сенім басым.

Бүгінде жастардың басым бөлігі салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысатындары көп. Осыны бағамдаған қара ниеттілер енді спорт мектептерін де торуылдай бастапты. Жасырары жоқ спортшылардың арасында қылмыс әлеміне бет бұрып кететіндері де жоқ емес. Соларды да, желкілдеп өсіп келе жатқан жас өскіндерді де тұзағына түсіруге талпынуда. Әсіресе бокспен, күреспен айналысатын жастар теріс ағымдардың жетегіне тез берілгіш келеді  дейді мамандар. Спортшылардың таңдалып алуы да тегін емес екен.

Руслан САМАТАЕВ, теолог:

Белгілісі барлық спорт мектептерінде — спортшылардың 15-20 пайызы ғана спортты «қуады, 40 пайыздан астамы қылмыс әлеміне «қызмет» етіп кетеді. Ал қалғандары басқа жолды таңдап кетеді. Жетістікке жете алмағандарды олар құрықтарына оңай іліндіреді. Қолдарынан келгенше уыстарынан шығармауға тырысады. Жаттығу залдарының құнын түсіріп, бар жағдайды жасап бағады. «Намазхан» болсаң, «брат» болсаң, «ақи» болсаң 1-1,5 теңге төлейсің. Көптеген жеңілдіктдан кейін уағыз тыңдайды. Осындай комбинациямен олар «торға түсіреді». Жас спортшыларымызды осындай қақпандардан барынша сақтандыруымыз керек.

….. Теологтар, дін өкілдері өздерінің біраз спортшыларды райынан қайтаруға сеп болғанын айтады. Бірақ бұл жолдан қайтарып алу қиынның қиыны екенін де жасырмайды. Бұрын қылмыс әлеміне қызмет еткен спортшылар теріс ағымдардың  арасында да көп дейді.

… Бұдан бөлек еліміздегі діни ахуалдың аужайына байланысты алдын алу мақсатында түрлі деректі фильмдер түсіріліп көпшіліктің назарына ұсынылуда. Бұл да болса санасы солқылдақ жастардың ойлануына, райынан қайтуына сеп болары сөзсіз. Алдын «Тұсау», «Арылу» деректі фильмдері көпшілік назарына ұсынылса, жуырда ғана Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға байланысты түсірілген «Ақиданың ақыры» атты деректі фильм экранға жол тартты. Ой саларлық дүние. Ойы бұзылып жүргендерді райынан қайтаруға септесетіні анық. Бұл жолға түскендердің барар жері қара түнек екендігі нақты дәлелдермен, басты «геройлардың» өздерін сөйлете отырып түсірілгенімен ұтып тұр. Өздерін «тура» жолда жүрміз деп, тыныш күнде топалаң салғандардың өмір бойына бас бостандығынан айырылып, өзектері өртене отырып өкініштен қан жылаған сәттері кадрдың ар жағында болса да жаныңды түршіктіреді…

Қоғам қайраткерлерінің айтуынша «қазақтың бір біріне қару кезенуі, өлтіруі қасірет». Рас. Жетекке ерген жастар бейбіт күннің берекесін қашырды. Радикал ағымдардың кесірі. Жастардың санасын «Ақиқа» деп адастырып, тура жолдан тайдырғандарға тосқауыл қойылатыны анық. «Сирияға келіп жиһад жасай алмасаңдар да өз елдеріңде соған лайық әрекет жасаңдар» деген ауыр уағыздарға уланғандар лаңкестік әрекетке барып, қаншама адамның қанын арқалады… Бәрі де өзіміздің қаракөздер. Араларында өздерінің не істеп, кімнің соңынан еріп жүргендерін білмейтін сары ауыз балапан бозбалалар да бар. Өз қателіктерін өзгелер қайталамаса екен деп ащы шындықты айтып отыр. Жат ағымның қолжаулығы, құрбандары болғандарын енді түсініпті олар. Бұл жастарды райынан қайтаруға таптырмас фильм. Араларында мектепті «Алтын белгімен», Жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен бітіргендері де бар екен. Сыпайы балалардың сойқанға айналуына не себеп? Радикал ағым басында тұрғандар «Ақидамен» алдап, жұмақты айту арқылы жүректерін жаулапты. «Өлімнен қорықпа, ол бар болғаны ұйқы ғана» деп санасын улапты. Ата-аналарының жанайқайына құлақ түрсең, тіптен жаның шошиды… Тәртіпті, тәрбиелі балаларын айналдырған екі айдың ішінде 180 градусқа өзгертіп жіберетіндей олардың «мықты» болғаны ғой. Расында олар бүгінгі заманның зомбилері. «Интернет- имам»-нан алыпты сабақты. Әлеуметтік желінің әлеуеті де орасан болып тұрғаны ғой. Қалың тұманның жетегіне ерген, діни сауатсыз жастар ашық күнде адасып жүр. Деректі фильмнің кейіпкерлері яғни, бүгінде жазасын алып темір тордың ар жағында отырған жандардың жан жараларын аршып өкіне сөйлеуі де көп адамға ой салары анық.

«Ақиданың ақыры», «Тұсау», «Арылу» деректі фильмдерін қаладағы барлық мектептерге апарып көрсетсе жөн болар еді. Тіпті шалғай шетте жатқан алыс ауылдардағы ағайынға апарып көрсетудің де артықтығы жоқ. Қаншама адам ойланып, ақиқатқа көз жеткізіп, адасудың ақыры неге апарып соқтыратынын бағамдар еді.

Бұдан шығатын қорытынды: Балаларды жастайынан тура жолдан ауытқымауын аңдауымыз қажет екен. Ұлттық салт дәстүрлерді дәріптеп, хақ дінімізді ұстануды бала жастан құлағына құю керек.  Сосынғысын ұйықтататын жиналыстар мен есінететін ұзын сонар баяндамалардың берері аз. Ойлы адамға ой салар-ау. Алайда мына фильмдер көп адамды райынан қайтаруға сеп болары анық енді.

Қоғамды теріс ағымнан сақтандыру үшін, ізгі жолдан айнымауы үшін де бір сәт түсіндірме жұмыстары керек-ақ. Қанша жерден діни ахуал тұрақты дегенімізбен де алаңдауға негіз болатын жәйттер де жоқ емес. Көбіне жастарды құрдымына тартатын жат ағымдармен күресетін мамандар соңғы әлетте сол топтарды анықтаудың қиындап бара жатқанын айтып отыр. Олар жасырын жұмыс істеуге көшіпті. Бұрын сақалын сәусілдетіп, балағын кесіп тайтаңдайтындар бүгінде сырт келбеттерін өзгерткен. Тіпті осы жолда адасып жүргендердің де нақты саны белгілі емес екен. Қоғамға қауіп төндірген қара бұлтты сейілтетін де күн алыс емес құсайды. Өйткені оларға тосқауыл қою үшін енді елімізде арнайы тұжырымдама қабылданып, заңға өзгеріс енгізілмек.  Бейбіт елдің бесігін тербетіп, тыныштық пен татулықта тұрғанға не жетсін, шіркін?! Берік іргемізді шайқалтуға ниет еткендердің шеңбері тарылып келеді. Діни сауатты ұрпақ оларға дес бермесі анық. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі бұл…

Оқу далалық жиыны өтті
Бүгінгі жас сарбаз -ертеңгі ел қорғаушы. Олардың Қарулы күштер қатарында қызмет атқаруы барлығына да парыз. Бүігнде аудандарда далалық оқу жиындары өткізілуде. Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында аудандық білім беру бөлімінің бекітілген бағдарламасына сай алғашқы әскери дайындық пәні бойынша оқу-далалық жиыны өтті. Аудан аумағындағы барлық білім ұяларының 10-сынып оқушылары қатысқан жиынды аудандық білім беру бөлімінің басшысы О.Қолдасова, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің өкілі Қ.Қалқожа алғысөзбен ашып, өрендерге жылы лебізін білдірді. Шараға аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ж.Бектасов қатысты. 15-20 адамнан тұратын оқушылар роталары мен взводтары құрылды. Рота және взвод командирлігіне алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушылары, ал взводтың бөлім командирлігіне әскери дайындығы мықты оқушылар тағайындалды. Жиын барысында ҚР Қарулы Күштері қолбасшысының жарлығының талаптарына сәйкес тәртіп өте қатаң есепке алынды. Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдерімен жаттығуларды ұйымдастырып өткізуде қауіпсіздік шаралары толықтай қамтамасыз етілді. Қорыта келе, мамырдың 15-інен бастап бес күндік оқу-дала жаттығулар жиыны жоғары дәрежеде өтті. Оқушылар шара барысында автоматтарды шашып, қайта жинады, әскери техника, қару-жарақ түрлерімен жақынырақ танысты, рота бойынша тәуліктік кезекшілік міндеттерін атқарып, нағыз сарбаздарға тән ептілік пен батылдықтың алғашқы баспалдағынан өтуді жүзеге асырды.

ОҚО-да Даңқ мемориалы ашылды
Шымкенттегі Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ғимаратының ауласында «Даңқ» мемориалының ашылу салтанатты өтті. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, сала мамандары мерейлі мерекемен құттықтады. «Ұлттық Қауіпсіздік органдары бүгінгі таңда мемлекет саясатын ұлттық қауіпсіздік саласында, террористік және экстремистік іс-әрекеттердің алдын алу мен жою бойынша   өз міндеттерін ойдағыдай атқаруда.  Бүгінгі «Даңқ» мемориалының ашылуы – жас ұрпаққа өзінің өмірін қиын да қауіпті қызметке арнаған ардагерлердің даңқты дәстүрлерін мирас етуде тарихи  маңызы бар іс-шара деп санаймын», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Құрғақ сүт пен сары май өндіреді
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында осы жылы майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіретін зауыт іске қосылады. Аудандағы индустриалды аймақта салынып жатқан кәсіпорын биылғы жылдың күз айында іске қосылып, жиырмадан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтымақ.

Жоба құны 602,7 млн. теңге болатын кәсіпорын жылына 1500 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт пен 500 тонна сары май шығаратын болады.

«Асыл Бастау КZ» ЖШС-гі шикізатты аудандағы жанұялық сүт фермаларынан алуды жоспарласа, алдағы уақытта серіктестік өз тауарлы сүт фермасын ашуды көздеп отыр.

Қазығұрт ауданында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында жалпы 2,8 млрд. теңге болатын  8  жоба енгізілген. Бүгінде бұлардың ішінде индустриалды аймақта 5 жоба іске қосылса, қалған 3 жоба 2017-2018 жылдары іске асырылады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, облыстың аудан, қалаларында құрылған индустриалды аймақтарда  37 млрд. теңге болатын 66 жоба іске асырылып, 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінгі жас – ертеңгі сарбаз
Ел мен жердің, мемлекеттің қауіпсіздігі мен мызғымас тыныштығын күзету бүгінгі жас ұрпақтың басты борышы. Мұндай азаматтық әрі патриоттық тәрбие мектеп қабырғасында жүрген әрбір жастың санасына сіңірілуі тиіс. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы бойынша əскери оқу дала жиынының ашылу салтанаты өтті. Көксарай ауыл округіне қарасты Шеңгелді елдімекенінде өткен жиынның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов қатысып, болашақ сарбаздарға сәттілік тіледі. Биылғы əскери оқу дала жиынына ауданымыздағы 23 мектептен 288 оқушы қатысуда. Елінің ертеңі болар болашақ сарбаздарға әскери қимыл жаттығулар мен түрлі ойындар, сайыстар өткізіліп, дала жиынының маңыздылығы түсіндіріледі. Осылайша сарбаздар ел қорғаудың оңай жолмен келмейтінін ұғынып, тиісті тапсырмаларды өз деңгейінде орындауға талпынады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары осы кезге дейін алған білімдерін іс жүзінде шыңдап, 5 күн әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысады. Әскери дайындық пәнінен үйренгендерін практикада жүзеге асырып, психологиялық және физикалық сынақтардан өтетін болады. Шара барысында жастарға жігер беретін патриоттық әндер шырқалды. Қаз-қатар тізілген оқушы сарбаздар сап құрап, жаттығу алаңына аттанды.

Жаңа балабақша ел игілігіне берілді
ОҚО-дағы Қазығұрттағы Көкібел елдімекенінде жаңа балабақша ел игілігіне берілді. «Айзере» атты бөбекжай 140 орынға лайықталған. Мектепке дейінгі мекеме «Балапан» бағдарламасымен  жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында ашылып отыр. Бұрын бұл ауылда балабақша атымен болмаған. Жұмысбасты ата-ана бала бағатын адам іздеп, әуре-сарсаңға түсетін. Енді көкібелдік көптің қолы ұзарып отыр. Балабақшаның ашылуына кәсіпкер Азиз Қуашов демеушілік еткен. Бөбекжайдың ашылуына аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысты. Өз сөзінде ол бүлдіршіндерге құтты қадам тіледі. Немересін жетектеп, бақшаға ертіп келген Қалбүбі апаның да қуанышында шек жоқ. «Балабақшада балалар таза болады. Ас суын уақтылы ішіп, өз уақытында ұйықтап та алады. Алғашқы жазу сызуды да бала осы жерде үйренеді. Оқып, білім алады. Сондықтан балабақшаның ауылды жерлерде де ашылуы бізді қуантады. Ауыл балаларының да бір уақыт балабақшаға баруына ел ағалары жақсы жағдай жасап отыр»-, дейді әжей.

Қазығұртта 13 мемлекеттік, 23 жекеменшік-мемлекеттік әріптестік аясында жұмыс істейтін балабақша бар. Мектеп жасына дейінгі балалардың 83, 5 пайызы бөбекжаймен қамтылған. Аудан билігі жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 90 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Г.Қалмырзақызы

ЭКСПО-ға ОҚО-дан 4-мыңға жуық оқушы барады
Елордамыз Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 3750 оқушы барады.

Өңірдегі әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан және білімі мен өнегелі тәрбиесі үшін оқушыларға мемлекет және демеушілер есебінен ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама берілуде.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Ж.Түймебаев  халықаралық мамандандырылған көрмесіне баратын мектеп оқушыларымен Шымкент қаласындағы «Оқушылар сарайында» арнайы кездесіп, олардың дайындаған көрмесі мен концерттік бағдарламасын тамашалады.

Ең алдымен әкім «ЭКСПО-2017 — Оқушылар көзімен» тақырыбындағы көрмені аралап көріп, «ЭКСПО-2017 — Қазақстанның болашағы» атты салтанатты шараға қатысты.

Тарихи оқиғаның куәсі болғалы отырған оқушыларға сәттілік тілеген аймақ басшысы мұндай мүмкіндіктер, егеменді еліміздің жастарға деген үміті мен қолдауы екенін атап өтті.

«Бұл көрменің сіздер үшін  ұмытылмас әрі пайдалы естелік болатынына және көрмеден алған әсерлеріңіз шығармашылықтарыңыздың шыңдалуы мен болашақта ғылыми жаңалықтардың ашылуына сеп болады деп сенемін. Сіздер Тәуелсіз еліміздің тірегісіздер. Сондықтан да әрбіріңіз Мәңгілік еліміздің беделін асыратын намысты әрі білімді және білікті азамат болып өсіп, елдің мақтанышы болуларыңызға тілектеспін»,-деді облыс әкімі.

Мұнан соң, қонақтар «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017» тақырыбында оқушылардың қатысуымен өткен флешмобты, «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі – балалар әлемінде» атты сахналық көріністі тамашалады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

«Барыс 2007» өнімдері ЭКСПО-ға жол тартпақ
Халықаралық көрмеге өз өнімдерін дайындап жатқан тағы бір кәсіпорын  Шымкент қаласындағы «Барыс 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан серіктестікте жылына 27 мың тонна макарон өнімдері мен 3600 тонна кондитерлік өнімдер өндіріледі.  Сапасы  жоғары,  бағасы  төмен  болғандықтан өнімге деген сұраныс аса жоғары. ЭКСПО көрмесіне орай, бүгінде кәсіпорын өнім  көлемін 20 пайызға  ұлғайтқан. Көрме қонақтарын  тәттілермен тамсандыру  үшін  аянбай еңбек етіп жүрген зауыт жұмысшылары Астанаға 1070 тонна ұн мен нан өнімдерін жөнелтпек. Ұйымдастырушылардың шешімімен ЭКСПО-2017 көрмесінде Оңтүстік Қазақстаннан жеткен ауыл шаруашылығы өнімдері қонақтарға жәрмеңке түрінде алты рет ұсынылатынын айта кеткен жөн. Яғни, алғашқы лек – Оңтүстіктің тіл үйірер тәттілерінің жәрмеңкесі елордада 13-14 мамыр күндері ұйымдастырылады. Өнімдерді Астана қаласына тасымалдауға 25 автокөлік дайындалып, арнайы кесте түзіліп отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген алғашқы керуен Шымкенттен Астанаға 10 мамыр күні жолға шығатын болады.

Сарбаздарды мерекемен құттықтады
Жыл сайынғы дәстүр бойынша ОҚО -дағы  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдері мен шығармашылық ұжымдары 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай 27943 әскери бөлімінің ұжымы мен сарбаздарын мерекемен құттықтап тамаша көңіл күй сыйлады.

Мерекелік шара барысында Отан қорғаушыларға арналып патриоттық әндер мен қоса лирикалық әндер де шырқалды. Сонымен қатар жиында сөз алған ҚХА мүшесі Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Л. Б. Шик сардарлар мен сарбаздарды алдағы мерекелерімен құттықтап, елімізде әрқашан береке-бірлік, тыныштық пен бейбітшілік болсын деген ізгі тілегін жеткізді.

Айта кетейік, 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

ОҚО тұрғындары сапалы электр энергиясымен қамтылады
2020 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы электр жарығына тәуелділіктен толықтай  арылатын болады. Іс-шара жоспарына сай биылдың өзінде 87 елді мекен тұрғындары сапалы электр энергиясымен қамтылмақ.

Бұл мақсатқа биылдың өзінде облыстық және республикалық бюджет есебінен 11,3 млрд теңге қарастырылып отыр.

Айта кетейік, бүгінде облыс бойынша электр қуатына жалпы қажеттілік орташа 400 МВт сағатты құрайды. Оның 30 пайызы  ішкі көздер есебінен өндірілсе, 70 пайызы еліміздің солтүстік өңірлерінен тасымалданады.

Ағымдағы жылы  Шымкент қаласында «Бозарық», «Астана 1,2» қосалқы станцияларының құрылысы аяқталады деп күтілуде.  Нәтижесінде  қаладағы өнеркәсіп орындары мен 430 мың тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілмек.

Бұдан бөлек,  7 қосалқы станциялардың (Акжар, 1М1, 1М2, 2М1, 2М2, Новостройка 1, 2) құрылысы жоспарланып отыр.

Биыл сондай-ақ  Сарыағаш ауданында 220/100/10 кВ «Қызыләскер» қосалқы станциясының құрылысын бастау алмақ. Бұл мақсатқа 7,8 млрд. теңге бағытталатын болады. Егер жоба толығымен іске асса, Сарыағаш, Мақтаарал, Шардара аудандарындағы 705 мың тұрғын мен ауылшаруашылық нысандары, өнеркәсіп орындарын үзіліссіз, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Яғни, Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара аудандары экономикасының әрі қарай дамуына қосымша 50 МВт электр энергиясы пайда болады.

Сонымен қатар, Ордабасы, Отырар аудандары мен Арыс қаласының аумағында  орналасатын кәсіпорындар мен 244 мың тұрғынды тұрақты электр энергиясымен қамту мақсатында «Бадам» қосалқы станциясының жобасы әзірленуде. Аталған станцияның құрылысы 2018 жылы басталады.

2018 жылы бастау алатын Төлеби ауданындағы  «Алатау» қосалқы станциясының құрылысына 938,9 млн теңге бөлініп отыр.

2017 жылы қуаттылығы 3,5 МВт-ты құрайтын Қазығұрт және Сайрам аудандарындағы 2 шағын су электр станцияларының құрылысы аяқталып, іске қосылады деп күтілуде.

Осы жобаларды іске асыру арқылы  электр желілерінің тозу деңгейін 2017 жылы 55,7 пайыздан  54,8 пайызға,  2021 жылы 52,4 пайызға  төмендету көзделуде.

ОҚО әкімінің баспаөз қызметі