Салт-дәстүр — OKnews.kz

«ЭКСПО-2017»–ге тарту
«ЭКСПО-2017»–ге ақ алтынды аймақтан тарту». 19 жылдан бері Мақтарал ауданының айбынын асқақтатқан «Аққу» халықтық ән-би ансамблі шығармашылық кешін осы тақырыпта өткізді. Әр ұлттың биін нақышына келтіре орындаған бишілер ынтымағы ұйыған елдің көрінісін бейнеледі. Мақталы аймақта 1998 жылы құрылған «Аққу» халықтық ән-би ансамблінің бүгінге дейін жеткен жетістіктері аз емес. Облыстық, республикалық байқауларда шығармашылық топтың шоқтығы биік көрініп жүр. Бишілерге рухани қолдау көрсетіп жүрген ұлағатты ұстаз, Елбасымыздың сыныптасы Роза Төлемісова мәдениет майталмандарымен мақтанады.

-Би – ырғақ ырқына ғана көнетін өнер. Әр халықтың тұрмысын, салт-дәстүрі  мен  мінез-құлқын әсем қимылмен де  көрерменге ұғындыруға болады. «Аққу» бишілері патриоттық тақырыптарға қойылған хореографиялық композициялары мен түрлі ұлт өкілдерінің би өнерін дамытуда аянбай еңбек етіп келеді, — дейді ұлағатты ұстаз.

Ақ алтынды аймақтың «ЭКСПО-2017»-ге тартуы» атты  өнер кешіне аудандағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық ұжымдары да атсалысты.  Өнерін ортаға салып, көрерменнің көңілін жадыратты.

К. Дүйсенбі

«Мәңгілік Ел» Күлтегіннен басталады
Күні кеше Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Мемлекет басшысының идеялары мен ел дамуының болашақ бағдары «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштасып жатыр.

«Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді» деп Президент Н. Назарбаев өз жолдауында айтқан болатын.

Тарихи кезең мен мемлекетшілдік сипаттарын білдіретін ұғымдар Күлтегін жырларында, Әл-Фарабидің философиялық шығармаларында және Жүсіп Баласағұн дастанында кездеседі. Мәңгілік Ел ұғымы, Қазақ хандығы тарихы жөнінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Сағынғали Әбубәкіровтің сұхбатын ықшамдап беріп отырмыз.

– «Мәңгілік Ел» идеясына қалай қарайсыз? Ұлттық идея бола ала ма?

– Алғаш рет «Мәңгі Ел» идеясы Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы Күлтегінге бағышталған бітіктаста жария етілген. Күлтегін ескерткішіндегі жазудың сол жақ бетінде: «Мәңгі ел тұтып отырар ең» деп айтылған. Тура осы сөздер Білге қаған ескерткішінің оң жақ бетінде қайталанған. Ескерткіште «мәңгі ел», яғни, түркі мемлекетінің бас ордасымен бірге айтылған.

Белгілі бір дәрежеде «мәңгі» сөзі мен «ел» атауының мән-мағынасында сәйкестік аңғарылады. Мысалы, қазақта бұрыннан айтылып жүрген «Ел болайын десең…» деген аталы сөз бар. Бұл сөзді тереңінен ойлап қараса: «тұрақты» немесе «мәңгіге» ел-жұрт болайын десең… деген түсінікті аңғаруға болады. Мысалы, Күлтегінмен замандас үш қағанның ақылшысы, кей жорықтарда қолбасшы да болған Тоныкөк бітіктасында «ел де ел болды» деген тіркесінде «ел» сөзінің қайталануы елдің мәңгілік болуын меңзейді. Тіпті Абылай хан дүниеден озарында Бұқар жыраумен қоштасып жатып: «Қанша жыл өмір сүріп, жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға сүйегенім жоқ, бұл бір. Ақбоз аттың құнын ер құнына теңегенім жоқ. Мылтығымның құнын екі ердің құны дегенім жоқ, ұста мен етікшінің құнын қыз құнымен бір бәс қылып, жарты құн дегізіп кесім кестіргенім жоқ, мұным үш. Осы арманым бойымда кетті» деген екен. Абылайдың осы үш арманының ар жағында үлкен философиялық ой, даналық тұжырым бар. Бұл оның қазақтың басын біріктірсем, яғни «Мәңгілік Ел» етсем, ел болашағын тереңнен ойлағанын көрсетеді. Біз бәріміз қазақстандық екенімізді түсінуіміз керек. Біздің басты құндылығымыз – осы. Бірлікті нығайту – Президент айтқан «Мәңгілік Ел» идеясының айналасына топтасу бағытындағы қажетті қадам. Әрқайсымыз жиырма бес жылда иеленген Тәуелсіздігімізді мәңгілік етуге жауапты екенімізді сезінуге тиіспіз. Қуатты мемлекет құру мүмкіндігі бір-ақ рет беріледі, мүмкін жүз емес, мың жылда бірақ рет. Біз осы мүмкіндікті барынша пайдалануымыз керек.

– Елбасы тарихи фильмдер түсірудің патриоттық тәрбиеге ықпалдылығы жөнінде жиі айтып жүр. Алайда, тарихи фильмде жоңғарлармен арадағы қырғынды төңіректей беретініміз рас. Тарихшы ретінде бұған сіз не айтасыз?

– Ел тарихы ЖОО-да, мектептерде өз деңгейінде насихатталып жатыр деп ойлайсыз ба?

– Бұл әлі түйінді мәселе. «Мәңгілік Елдің» шығу тарихы түрік қағандығынан, Күлтегіннен басталады. Осы атауды жастарға, жоғары оқу орындарындағы білім алушы студенттерге кеңінен насихаттаса қандай?! Бұрын ЖОО-да тарих мамандығынан басқа мамандықтарда да Қазақ елінің тарихы ежелгі дәуірден басталатын. Қазір оқу бағдарламасы өзгерді. Жоғары оқу орындарының тарих мамандығынан басқа мамандықтарда 20 ғасырдың басынан, яғни 1900 жылдан бастап Қазақ тарихы оқытылады. Тарихшы ретінде бұл менің көңіліме қонбайды. Жастарға патриоттық тәрбие беруде, ұлттық сананы қалыптастыруға бұл жеткіліксіз. Елбасы айтқандай «Тарихты білмей, тарихи сана қалыптаспайды. Қ.Нұрғабыл.

ОҚО-дағы иран этномәдени бірлестігіне 20 жыл толды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Иран этномәдени бірлестігіне — 20 жыл толады.  Бүгінде Оңтүстікте 5 мыңға жуық иран халқы бар. Олардың көбісі Бәйдібек, Сарыағаш, Төлеби, Қазығұрт аудандарында шоғырланған. Иран этномәдени бірлестігіне Нұрсбек Капар Пур 2000 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Қазіргі таңда бірлестікте 34 мүшесі бар. Осы орайда, этномәдени бірлестіктердің жанынан құрылған жексенбілік мектептердің маңызы зор. Діндері мен салт-дәстүрлерін ұстануға мол мүмкіндік қарастырылған.

– Кеңестік дәуірде өзгелердің тіліне мән берген ешкім болмады. Содан болар, кейінгі ұрпақ парсы тілін білмей өсті. Бір қуантарлығы, этномәдени бірлестіктердің жанынан жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Мектепте оқулықтардың көбісі елшілік арқылы алынған. Кішігірім кітапхана қажетті оқулық, керекті құралдармен қамтылған. Қазір иран ұлтының өкілдері ана тілінде сөйлей бастады және 90-95 пайызы мемлекеттік тілді біледі. Ана тілінің жоғалуына жол бермеген Қазақ еліне мұнда тұратын өзге ұлттар құрметпен қарауы тиіс, – дейді бірлестік жетекшісі.

Көршілерімізге бауыр басып кеткеніміз сонша, олар біздің ұлтымыздың иран екенін ұмытып кететін. Кейбір этностардың тіл үйрену қиын дегеніне сенбеймін. Біз қазақ халқының ортасында ана тілін тез үйрендік. Әкем үнемі, татулық, көрші парызы, елдің қадірі жөнінде айтып отыратын. Қазақтың қасиетін бойларыңа сіңіріп, бауырмалдығы мен дархан мінезінен үлгі алыңдар дейтін. Қазір әкемнің әлі күнге өсиетін орындап, берік ұстанып келемін. Қазақ ағайынның ортасында қалаған кәсібімізді өркендетіп, өсіп-өніп отырмыз. Мен ынтымағы мен бірлігі жарасқан, Қазақстанда оның ішінде салт-дәстүрі сақталған Оңтүстікте тұрып жатқанымды мақтан етемін, – дейді Нұрсбек Капар-Пур.

1946 жылы соғыстан кейін 600-ге жуық иран жігіті Қазақстанның оңтүстігіне, Бәйдібек ауданына жер аударады. Осы өңірге қоныстанған ұлттар өзге ұлттың қыздарымен отбасын құрады. Әкесінің айтуынша, қиын кезеңде жер аударылғандардың көпшілігі суық климаттық жағдайларға, аштыққа шыдамай, қазақтардың кең пейілі мен бауырмалдық қасиеті болмағанда бүгінгідей халге жетулері беймәлім екен.  Сондықтан Нұрсбек Капар-Пур үшін ұшы-қиыры жоқ көсіліп жатқан қазақтың кең даласынан қымбат мекен жоқ. Иә, қилы-қилы замандарда түрлі тағдырмен қазақ еліне қоныс аударған ирандықтарды қазақ халқы жатсынған жоқ. Құшақ жая қарсы алды. Қысылтаяң шақта шынайы жанашырлық танытты. Қазақстанға Иран ұлты өкілдері үш толқынмен келген. Алғашқы толқыны төӊкеріс кезеӊінде, екінші толқыны 30-шы жылдардағы аштық дәуірінде мал айдап келіп, саудалап жүріп тұрақтап қалады. Ал үшінші толқыны Ұлы Отан соғысынан кейін келгендер екен.

Оңтүстікке жүз сурет!
«Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы». Айтулы жоба аясында бүгін Шымкентке Алты Алаштың «мен» деген фотосуретшілері жиналды. Қасиетті мекенге келіп, кең жазира даланы ерекше фотоға түсірген шығармашылық иелеріне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев құрмет көрсетіп, арнайы сертификат табыс етті. Озат ой, ұшқыр қиял иелеріне  шалқар шабыт сыйлайтын бұл көрме осымен 14-ші рет өтуде. Ауқымды жоба – халықаралық «Түрксой» ұйымына тиесілі. Бүгінгі салтанатты рәсімге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысты. Ен дала кереметін ерекше көзбен көре білетіндер түстік облыс басшылығының  шараны қолдаудағы  бұл ықыласына разы.

Жансейіт Түймебаев, облыс әкімі: — Бүгінгі ұсынылған 100 сурет бұл жәй фотосурет емес, ол — өнер. Олар творчестволық қырынан қарап, біздің облысымызды жаңа қырынан танытуда. Сондықтан облысымызға келген қонақтарға үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Көрмеге түркі тілдес 7 мемлекеттің және Қазақстанның Астана, Алматы қалаларынан келген кәсіби, халықаралық дәрежедегі фототілшілер қатысты.

Бұл іс-шараны негізі «Түрксойл» халықаралық ұйымы ұйымдастырды. Бұл іс-шараға 7 мемлекеттен 14 суретші қатысты. Ол Түркия, Татарстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр елдерінің фотосуретшілері. Олар Оңтүстік Қазақстан облысының бүкіл аудандарында болып, суретке түсіріп, бүгін көрмеге қатысып отыр, — дейді «Түркісой» халықаралық ұйымының қызметкері Шахноза Бурханидинова.

Шараның мақсаты — Тәуелсіз еліміздің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ұлттық өнерімізді насихаттау. Сондай-ақ, түркітілдес елдердің фотосуретшілерімен  тәжірибе алмасу еді.

— Мен көптен бері Түркістанға келуді армандайтынмын. Бүгін сол сәт туып тұр. Біз фотосурет көрмесіне қуана қатысып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен шара. Мұнда біз тек Қазақстандықтармен ғана емес, басқа да түркі тілдес фотосуретшілермен тәжірибе алмасқаныма ерекше ризамын, — Түркиядан келген фотосуретші Айкут Фырт.

Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи ажарын, бүгінгі сән-салтанат базарын көрсететін бұл 100 туынды – облыс шежіресі үшін аса құнды. Оны топтап, үлкен фотоөнер жинағын шығару  үлкен жоспарға арқау болып отыр.

С. Құттыбайұлы

Оңтүстік Қазақстан облысына – 85 жыл!
Биыл  Оңтүстік Қазақстан облысына – 85 жыл! Осыған орай Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Оңтүстік тарихынан сыр» атты тарихи конференция болып өтті. Жиында  өңірдің зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ғалымдар туған өлкенің өткені мен бүгіні туралы ой бөлісті. 1927 жылы Сырдария губерниясы, 28-де Сырдария округі аталып келген өлке 1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы болып бекітілген. Ең ірісі Шымкент және одан басқа Сайрам, Түлкібас, Ақсу, Манкент, Леңгір сияқты аудандар басы бірігіп, бір ортада түйісті. Әрине, бұл кеңестік облыстың құрылған уақыты еді. Содан бері бұл мекенде өткен қаншама оқиға тарих қойнауында ашылмаған, айтылмаған сыр болып қала берді.

«85 жыл ішінде оңтүстік облыс соғыс жылдарындағы небір қиын-қысталаңды, ғасырға бергісіз тарихи сәттерді де бастан өткерді. Қандай жағдай болмасын, даму биігінен түскен жоқ. Әсіресе, еліміз Тәуелсіздік тұғырына шыққалы бұл өңірдің экономикасы да, әлеуеті де қарыштап өсті»- дейді тарихшы Момбек Әбдіәкім.

Шарбану Динасилова, Пушкин атындағы кітапхана директоры: Бүгінде облысымыз – Қазақстанның бір бүйірін тіреген, әл-ауқат таразысында салмағы басым, халқының рухы биік өнегелі өңір. Шыбық ексе, шынар өсетін топырағының өзі береке бұл жердің.  Қасиетті мекеннің әрбір тұрғыны дәл осында тұратынын мақтанышпен айтады.

А. Әшірхан

«Шатқал» бағдарламасы ОҚО аудандарында да жүзеге асуда
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қолға алынған «Шатқал» бағдарламасы Отырар ауданында да жалғасын табуда. Экологиялық ақуалды оңалтатын іс-шара 13 ауыл округінде жүзеге асып, бүгінге дейін 33 516 түп ағаш көшеттері отырғызылды.

Мұнан бөлек отырарлықтар 21 279 түп жаңа көшеттер отырғызып, аудан көркіне көрік қосуда. Осындай ауқымды істі атқару үшін сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбіліктен бөлек көпқабатты үйлердің тұрғындары мен әр мекеменің қызметкерлері өз аулаларын көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысуда.

– Ертең алдымызда шіліңгір шілде, жаздың аптап ыстығы келе жатыр. Әсіресе жаз мезгілінде экологиялық ахуал тіпті қиындай түседі. Сондықтан «Шатқал» бағдарламасын жедел іске асырып, көктемнің керемет шағын пайдаланып, ағаш отырғызу ісін тездетуіміз керек,–деген аймақ басшысының тапсырмасы ауданымызда қолдау тауып, жүйелі жүргізілуде.

«Сырт көз – сыншы» демекші, ауданымыздағы көгалдандыру жұмыстары өзге аудандардағы кәсіпкерлердің де назарынан тыс қалмады. Отырардың гүлденуіне үлес қосу үшін ордабасылық «Бақытты ана» кооперативінің төрағасы Мәлік Айтуғанұлы Оразбековтің ыстық ықыласқа толы керуенін жөнелткен. Жаны жайсаң, өзі жомарт М.Оразбеков өз есебінен 400 дана шырша көшеттерін отырарлықтарға сыйға тартты. Бұл көшеттер саябақтар мен мектеп аулаларына және орталық көшелердің бойына отырғызылды.

Тек Отырар ауданы ғана емес облысымыздың өзге де аудандарына тегін көшеттерді тарту еткен абзал азаматқа отырарлықтар атынан аудан әкімі Ерлан Айтаханов алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Н.Назарбаев: Оңтүстік — қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке
Елбасы кездесуде өңірдің бірегей тарихына және мәдени ерекшелігіне тоқталды, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

– Оңтүстік Қазақстан – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бұл – абыздар мен әулиелердің қасиеті дарыған, Қожа Ахмет Яссауи мен Әл-Фарабидің ізі қалған, көне мәдени мұраға бай киелі жер. Қазір бұл өңірде бүкіл ел халқының 16%-ы тұрады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті оңтүстік өңірдің тарихын тұтас Қазақстанның тарихы деуге болатынын атап өтті.

– Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде 800-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш бар. Әлемге әйгілі жәдігерлеріміздің көпшілігі осында. Түркістан, Отырар, Сайрам, Сауран қалалары, Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелері – біздің мақтанышымыз. Осындағы әрбір төбе мен қырқаның, өзен мен көлдің аттары – тұнып тұрған тарих. Мәртөбе, Күлтөбе және Ордабасы – халқымыздың сақталуына әсер еткен қазақтың бірлігі мен тұтастығының қасиетті символы. Біз осының бәрін ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек. Жастарды патриотизмге, отаншылдыққа, туған жерді сүюге баулу қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев елде үштілділікті толыққанды енгізудің өзектілігіне тағы да тоқталып, әліпбиді ауыстыруға қатысты күмәнді сейілтті.

– Ағылшын тілін оқытуды жандандыру қажет, ол іскерлік ортаның барлық саласында қолданылатын болады. Бұл – заман талабы, тек бізге байланысты емес, – деді Елбасы.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті облыстың дамуындағы бірқатар проблемалық мәселелерге тоқталды.

– Бұл өңір әлі де дотациялы аумақ болып отыр. Облыс бюджетінде өткен жылы меншік табыстары небәрі бестен бір бөлікті құрады. Республикалық бюджеттен келіп түсетін түсімдер 80 пайыздан асты. Бюджетке түсетін салмақты азайту, меншік табыстарының үлесін ұлғайту жөнінде шара қабылданбай отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы бизнеске әрдайым қолдау көрсету қажет екеніне назар аударды.

– Биылғы жолдауда бизнес ортасының жағдайын жақсарту жөнінде шаралар әзірлеуді тапсырдым. Қосымша жер учаскесін бөлу, жалға беру мерзімін ұзарту, оны пайдалану мақсатын өзгерту туралы рұқсат алу құжаттарын қарастыру мерзімінің ұзақтығына байланысты мәселелерді шешу керек. Бұл рәсімдерді жария түрде жүзеге асырып, қағазбастылыққа салынуға жол бермеген жөн. Кәсіпкерлікті дамыту қаржылық тұрақтылықты сақтап, өңірдің өз-өзін қамтамасыз ету қабілетін арттыратын маңызды тетікке айналуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге Қазақстан Президенті инвестиция тарту бағытында жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

– 2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы инвестиция көлемі төмендеген. Өңірде ауыл шаруашылығын, өңдеу өнеркәсібін, туризмді дамытуға барлық мүмкіндік бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өңірдің туристік әлеуетін дамытудың маңыздылығына арнайы тоқталды.

– Мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламда «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын әзірлеуді тапсырдым. Бұл орайда біз Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын негізге алуымыз керек. Оңтүстік Қазақстан облысы қайталанбас әрі бүлінбеген табиғи және ірі мәдени-тарихи құндылықтары бар орасан зор туристік әлеуетке ие. Сондықтан тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым түзу керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті халықты, соның ішінде жастарды жұмыспен қамтуды жақсарту үшін түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

– Беделді жоғары оқу орнын бітіру әрдайым маңызды бола бермейді. Ең бастысы – еңбек нарығында сұраныс бар мамандыққа ие болу. Бұл, әсіресе, ақпараттық технологиялар, өндірісті цифрландыру және компьютерлендіру дәуірінде өзекті болмақ. Таяу болашақта қазіргі мамандықтардың 50%-на сұраныс болмайды. Сондықтан уақыт талабына сай болу керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда, Қазақстан Президенті тұрғындарды еңбек ресурсы көп өңірден жұмыс күші жетіспейтін өңірге көшіру жөніндегі бағдарлама бар екенін еске салды.

– Бағдарлама сіздердің де облыстарыңызда қолданылады. Мен сіздердің еңбекқор халық екендеріңізді жақсы білемін. Солтүстік, шығыс өңірлерге қоныс аударып, еліміздің дамуы мен болашағына зор үлес қосып келесіздер. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Облыс әкіміне Үкіметпен бірлесіп, халықты жұмыспен қамту және оны қоныстандыру деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті облыста құрылыс, фармацевтика және көлік-логистика кластерлері қалыптасып, жеңіл өнеркәсіп саласындағы  кәсіпорындар дамып келе жатқанын атап өтті.

– Өңірдің ерекшелігін ескеріп, Үшінші жаңғыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу ісін, өңдеу өнеркәсібінің экспорттық өндірістерін дамыту қажет. Жаңа өсім нүктелерін – тірек жобаларды алдымен облыс орталығында дамыту керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

– Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының мүмкіндіктерін толық пайдалана білу керек. Ең басты бағыттар – ауыл шаруашылығы өнімінің шығымдылығын арттыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, заманауи агротехниканы қолдану, – деді Қазақстан Президенті.

Оңтүстікқазақстандықтар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ой-пікірлерін толық қолдайтындықтарын айтып, Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге деген қамқорлығы үшін ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ, кездесу аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және оны дамыту перспективалары туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы қатысушыларға зор табыс және береке-бірлік тіледі.

Елбасы Оңтүстіктегі «Қазақ еліне мың алғыс!» монументін ашты
Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының алдынан бой көтерген «Қазақ еліне мың алғыс!» монументінің ашылу салтанатына қатысты.

1 мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні мерекесі қарсаңында шымылдығы түрілген нысанның құрылысы өңірдегі 20 этномәдени бірлестіктің бастамасымен жүргізілген. Кезінде жүргізілген солақай саясаттың салдарынан ата-бабалары Қазақстанға күштеп қоныстанған этностардың өсіп-өнген ұрпақтары бүгінгі бейбітшіл, берекелі заманға аман-есен жетуін, Қазақстандағы жергілікті халықтың бауырмалдығының арқасы деп біледі. Осыған орай, өңіріміздегі түрлі ұлт пен ұлыстың қазақ еліне деген кіршіксіз ризалығы пен еқеділ шынайы алғысының символикалық көрінісі іспетті бой түзеген нысан ұлтымызға деген зор құрметтің белгісі деуге болады. Өңірдегі этнос өкілдерінің қаржылай демеуімен бой көтерген монументтің биіктігі 7,5 метрді құрайды. Алдағы уақытта осы нысан елді берекелі бірлікке ұйыстыратын маңызды іс-шаралар өтетін еңселі ғимаратпен бірге оңтүстік жұртшылығының патриоттық алаңшасы ретінде ел игілігіне жұмыс істейтін болады. Оңтүстіктегі осынау бірлігі жарасқан тірлікке риза болған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы көп ұлтты мемлекетіміздегі ұлттар мен ұлыстар татулығы Тәуелсіз Қазақстанның басты байлықтарының бірі екенін атап өтті. Мұнан соң, Елбасы Н.Назарбаев қайта жөндеуден өткен «Қазақстан халқы Ассамблеясының» (бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры) ғимаратын аралап көрді. Облыстық бюджет есебінен жөнге келтірілген 3 қабатты нысанда «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері мен өңірдегі этномәдени бірлестіктердің кеңселері, 800 орынға арналған көрермен залы бар. Сонымен бірге, мұнда үрлі үйірмелер мен жексенбілік мектептердің тұрақты әрекет етуіне жағдай жасалған. Алда бұл ғимаратта оңтүстік жұртшылығын берекелі бірлік пен ырысты ынтымаққа үндейтін іс-шаралар мен форумдар, кездесулер, семинарлар, түрлі конкурстар және өзге де басқосулар ұйымдастырылып, мақсатты жұмыс жүргізетін болады. Еске сала кетейік, бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры кезінде жекенің қолына беріліп, нәтижесінде ғимарат банктің құзырына да өтіп кеткен-ді. Тиісті келіссөздердің нәтижесінде, нысан мемлекет меншігіне қайтарылып, бүгінгідей жаңарған ғимаратқа айналып отыр.

Оңтүстікте «Сырғалым» іскер әйелдер клубы жұмыс істей бастады
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында іскер әйелдердің «Сырғалым» көшбасшы қоғамдық қоры құрылды. Бұл елімізде алғаш рет ашылған ұйым ретінде облыстың әлеуметтік дамуына үлес қосып отыр.

Бизнес бастағысы келген әйелдерге көмек көрсетіп, отбасылық тәрбие мәселелерін қолға алған клуб мүшелері ашылған аз уақыттың ішінде 20-дан астам әйелге заңдық кеңестер мен психологиялық қолдау білдірген. Сонымен қатар, мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болып, ұрпақтар сабақтастығын жандандыруда.

Мәселен, іскер ханымдар «Әйелге сүйіспеншілікпен» атты акция ұйымдастырып, онда мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген әйел азаматтарына дастархан жайып сый-сияпат жасады және 30 анаға Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалап қайту үшін билеттер тарту етті. Бұл шараны тағдырдың тауқыметін тартқан нәзік жандыларға қуаныш, әйел бақытын сыйлау мақсатында ұйымдастырып отырмыз, дейді қоғамдық ұйым мүшелері.

«Сырғалым» көшбасшы қоғамдық қоры алдағы уақытта  ерлер мен әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығында гендерлік алшақтықтарды жою, отбасын жоспарлауды қоса алғанда, олардың денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, қыз-келіншектер мен аналардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру және өскелең ұрпақ тәрбиесін күшейту сынды міндеттерді қойып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

ОҚО-да ерекше акция бастау алды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Ғасыр жасаған ана» акциясы бастау алды. Сайрам ауданының жастары осы шара аясында аудандағы ұзақ жасаған аналардың барлығына құрмет көрсетпек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Анаға құрмет бір күнмен шектелмейді. Осыны қағида еткен сайрамдық жастар ерекше акцияны қолға алды. Жастар орталығы бастамашы болған шара аясында аудандағы жасы жүзден асқан аналардың тізімі жасалып отыр. Енді мұндай қариялардың туған күндерін назардан тыс қалмайтын болады. Жергілікті билік өкілдері мен жастар ғасыр жасаған әжейлерді құттықтап, барлығына аудан әкімінің құттықтау хаты мен арнайы сыйлықтарын тапсыратын болады. Бұл жастарды үлкенді құрметтеуге үгіттеп, қарттық қамытын киген жандардың көңілін көтеруге ықпал етері сөзсіз. Акцияны ұйымдастырушылар бүгін алғашқы қартты құттықтап шықты. Сиқым ауылының тұрғыны Жұмақыз апа бүгін 104-ші көктемін қарсы алған болатын. «Ұзақ жасаған ананы құттықтауға өзінің үрім-бұтағынан бөлек, жастар да келді. Туған күн иесіне аудан әкімінің сәлемдесі жеткізілді. Өз кезегінде 100 жасаған кейуана құттықтап келгендердің барлығына алғыс айтып, ақ батасын берді»,- дейді Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев.