астана — OKnews.kz

Әлем ЭКСПО-ны көріп, қазақты таниды
Көрменің де  көрмесі  бар. EXPO халықаралық  көрмесі  күнделікті  көп  шараның  бірі емес. Оны  өткізуге  ынталы  елдер  көп.  Астана Халықаралық көрмелер бюросының 161 мүше мемлекеті өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында бельгиялық Льеж қаласын басып озған еді.  «ЕХРО-2017»  Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетін қала болып таңдалып, талайдың таңдайын қақтырды. Себебі, бұған  дейін  Орталық Азия  аумағында, ТМД  кеңістігінде EXPO- ны  өткізу  ешбір  елге бұйырған  жоқ. 166 жылдық тарихы бар  көрменің Астанада өткізілетіні  еліміз үшін үлкен жетістік, зор мақтаныш.

Тарих беттеріне назар аударсақ, Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ болатын.  Жақында отандық телеарналардан «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ тапсырысымен Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Балқадиша» әнінен шағын бейнероликтер көрсетіле бастады. Онда  сахна шеберлері Майра Мұхамедқызы, Айман Мұсақожаева мен  еліміздің өнер жұлдыздары Әміренің әнін жаңаша шырқайды. Ғасырға жуық уақыт бұрын осы әнді Әміре Париж сахналарында әуелеткен еді. Асқақ үнімен аспанды тербетіп, ерекше дауысымен Европаны таңқалдырған Әміре кім?

«…Ән салса, ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа бола жаралған адам. Ән салса рақаттанып, гүл-гүл жайнайды.Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге ән салады.

Әнші жайлы жазушы Жүсіпбек Аймауытовтан асырып айту мүмкін емес. Ал Халық әртісі Жүсіпбек Елебеков әншінің дауысын 8 шақырым қашықтыққа дейін жетті деген дерек келтіреді.  «Әдебиет және искусство» журналының 1949 жылғы 10-санында «Екі естелік» мақаласында замандас досы Қалибек Қуанышбаев: «Әміре ән салғанда, қандай күшпен, айқаймен бірнеше әндер айтқанда, түсі бұзылмас еді. Күшпен айтатын әндерді айтарда, барлық демін бір-ақ жиып алатын. Оң жақ алқымында мойнының қалтасы бар еді. Соған бар демді толтырып ап, үнемдеп шығарып көпке дейін дем алмайтын», – деп әнші даусының ғажаптығын, үнінің сұлулығын саралап, Әміренің әнді сүйіп айтатынын, халық көп болғанда делебесінің қозып, асқақ даусымен жер мен көктің арасын  жаңғыртқанына тамсанады. Алайда әнші тамаша талантының, баладай аңғал болмысының өзіне өкініш әкелерін, өмірінің аяусыз жаншыларын білген жоқ.

1925 жыл. Осы жылдың 25 мамырында Франция астанасы Парижде дүниежүзілік этнографиялық көрме өтеді. Халықтар достығын паш еткен өнер жәрмеңкесінде Әміре Қашаубаев кеңес делегациясы құрамында орыстың әйгілі әншілері Долива-Саботнаций мен Ковалева, өзбек өнер майталмандары: әнші Кари Якубов пен биші Тамара Ханум, Әзірбайжан ән өнерін әйгілеуші Шавкет Мамедовпен бірге өнер көрсетеді.  Әміренің әніне тәнті болмаған жан қалмайды. Бұрын-соңды мұндай әсерлі әнді тыңдамаған Париж халқы таң тамаша қалады. Қазақ әуенінің қуатына, әншінің таңғы шықтай мөлдір дауысына сүйсінген Францияның өнерсүйер қауымы  байқаудың күміс жүлдесін Әміреге береді. Париж көгінде «Ағаш аяқ»,  «Балқадиша», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан» әндерді әуелеткен күміс көмей әншіге француз жазушысы, өнер сыншысы Ромен Роллан Әміренің әншілік қабілетінің басымдығын мойындап, жоғары бағасын береді. Ал шексіз құрметке бөленген музыканттың аты шартарапқа тарап, даңқ шыңына көтерілді. Делегация бүкіләлемдік көрмеден үлкен әсермен, шығармашылық шабытпен табысты оралды. Десе де, осыдан кейін Әміренің өмірінде сүреңсіз күндер басталады.

Оған себеп Әміренің ұлт қайраткері Мұстафа Шоқаймен кездесуі еді. Париждегі жүздесу жайлы әнші «Қазақ тілі» газетіне сұхбат береді. Осыны желеу еткен Біріккен бас саяси басқарма (ОГПУ) тыңшылары қазақ эмигранты Мұстафа Шоқаймен астыртын байланысы бар деп күдік келтіреді. Әншіні тергеуге алып, үздіксіз тексеру жүргізеді.   Әншіге сахнаға шығуға, театрда рөлдерге бекітілуге шектеу қойылады. Шығармашылықтың шарасыздығына шырмалады.  Қазақтың әншілік дәстүрін дүниежүзіне паш еткен әншінің сағын осылай сындырады. 1934 жылы 7 қарашада ән атасы Әміре Қашаубаев ауыр сырқаттан  қайтыс болады.

Шындығында    Әміренің  даусы өте  биік ноталарды қиналмай  алатын әрі диапазоны  өте  кең аса  сұлу  үнді  болған. Сәкен Сейфуллин «Казахстанская правда» газетіне: «Шырқаған әнімен әлемді таңдандырған, Анри Барбюс пен Ромен Роллан тәрізді көрнекті мәдениет қайраткерлерін шын көңілмен сүйсіндірген әнші Әміре дүниеден озды», – деп мақала жазған.

Әміренің орындауында фонографқа жазылып алынған «Жалғыз арша», «Үш дос», «Ағаш аяқ», «Смет», «Дударай», «Бес қарагер» әндерін 1974 жылы музыка зерттеушісі Ж.Шәкәрімов тауып, олар техникалық өңдеуден кейін күйтабаққа түсіріледі. Әміре Қашаубаев орындаған қазақтың классикалык әндері кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тапты. Бұл ретте Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Көрменов, Қайрат Байбосынов, Мәдениет Ешекеев, Бекболат Тілеуханов сияқты жезтаңдай әншілердің Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасарлар болғанын атап өтуге болады. Әміре Қашаубаев жөнінде жазылған бірнеше зерттеулер, көркем шығармалар жарыққа шықты.

Ә.Қашаубаев атындағы республикалық жас әншілер байқауы өтіп тұрады. Семей қаласындағы облыстық филармония Ә.Қашаубаев атымен аталады.

Әміренің Парижде шырқалған әндері Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесінің Қазақстан павильонында асқақтаса қандай ғажап?! Өйткені қазақ баласының ЭКСПО көрмесінде бір ғасыр бұрын ән салғанын, қазақ ән өнерінің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін    жарқырата көрсетуге мүмкіндік туып отыр.

Ал «ЭКСПО-2017»  көрмесінің кешені Қазақстанның ғана емес, әлемнің әлеуметтік-қоғамдық дамуына қарқын береді. Сондай-ақ көрме Астананың брендіне айналуы да мүмкін. Ендеше, «ЭКСПО-2017» көрмесі Қазақстан үшін мақтаныш пен жетістіктің көрінісі болғай.

Құттыбике НҰРҒАБЫЛ.

Билеттер жеңілдікпен сатылады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 14 қарашадан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге динамикалық баға белгілеу жүйесін енгізуде. Жолаушы билетті ерте сатып алған жағдайда 35 пайыздық жеңілдікке ие болады. Оның үстіне пойыз жүрер уақытта сұранысқа сәйкес билет құны өзгереді. Бұл жайында компанияның баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Динамикалық баға белгілеу жүйесі қолданыстағы №19/20 «Астана-Атырау», №87/88 «Ақтөбе-Астана», №79/80 «Астана-Шымкент», №77/78 «Алматы-Атырау», №49/50 «Алматы-Ақтөбе», сондай-ақ, үстіміздегі жылдың аяғына дейін іске қосылуы жоспарланып отырған №89/90 «Астана-Қызылорда», №67/68 «Астана-Защита» (Өскемен), №69/70 «Алматы-Защита» (Өскемен), №35/36 «Алматы-Шымкент» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» пойыздарында енгізіледі:

Пойыз аттанарға 44 тәуліктен 35 тәулікке дейін 30-25 пайызға дейінгі жеңілдіктер;

Пойыз аттанарға 34 тәуліктен 25 тәулікке дейін 20-25 пайызға дейінгі жеңілдіктер;

Пойыз аттанарға 24 тәуліктен 8 тәулікке дейін 5-15 пайызға дейінгі жеңілдіктер енгізіледі.

Мәселен, егер жолаушы билетті 41 күн бұрын сатып алса, жеңілдік 35 пайызды құрайды. Егер, «Тұлпар-Тальго» пойызына Астанадан Ақтөбеге дейінгі құны «Турист» вагонында 11632 теңге болса, жеңілдікпен ол 7561 теңгені құрайды.  Баға белгілеудің жаңа әдісі жолаушылар тасымалының тек авиациялық түрінде ғана емес, темір жол көлігінде де, соның ішінде еуропалық елдердің әлемдік тәжірибесінде де кең таралған.

Дерек көзі: Baq.kz

Астанадан Арыс пен Түркістанға қатынайтын пойыз қосылады
2014 жылдың 10 ақпанынан бастап «Астана-Түркістан» және «Астана-Арыс» қосымша жолаушылар пойыздары жіберіледі,  — деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.

«Астана-Түркістан» пойызы Астанадан 22 сағат 22 минутта аттанып, Түркістан стансасына екінші күні 00 сағат 50 минутта жетеді.  Түркістаннан 06 сағат 28 минутта шығып, Астанаға келесі күні 11.06-да келеді.  «Астана-Арыс» пойызы Астанадан 00 сағат 05 минутта аттанып, Арыс стансасына келесі күні 01 сағат 13 минутта келіп жетеді. Арыс стансасынан 05 сағат 30 минутта шығып, Астанаға келесі күні 07.50-де келеді.

ЭКСПО 2017 символына өз эскиз-идеяларын ұсынды
14 тамыз күні Астанада «Көрме» орталығында ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрме кешенінің сәулет жобалары халықтың назарына ұсынылатын болады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Астана ЭКСПО 2017 көрме кешенінің ең үздік эскиз-идеясы, соның ішінде ЭКСПО 2017 нысанының символы болатын, Халықаралық сәулет байқауы 2013 жылдың 18 ақпанында басталып, шілде айының 18-де жұмыстарды қабылдау аяқталды.

Әлемнің 50 әйгілі сәулетшісі халықаралық көрмеге өз нобайларын ұсынды.

Кеше Қазақстан Президентіне байқауға келіп түскен 50-ге жуық жұмыс таныстырылды. Жобалармен танысып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу Қазақстан үшін тарихи оқиғаға айналатынын атап өтті.

– Әлемнің көптеген мемлекеттері арасынан біздің еліміз көрмені өткізу құқығын жеңіп алды. Кешен Астанадағы және бүкіл Қазақстандағы ауқымды нысандардың біріне айналады. Осыған байланысты түрлі жобаларды қарастыру керек. Біз конкурсқа қатысқан қазақстандық және шетелдік барлық архитекторларға, үздік жобаларды таңдап алатын комиссия мүшелеріне алғыс айтамыз. Көрме өткеннен кейін құрылыстарды, соның ішінде тұрғын үйлерді, қызмет кеңселерін, сауда ғимараттарын, ғылыми зертханаларды пайдалануды қамтамасыз ету қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті таңдау қорытындысының маңыздылығына тоқталды.

– Біздің көрменің тақырыбы әрбір құрылыста энергияның баламалы көздерін пайдалану, жылумен және сумен дербес қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыратын  «жасыл экономикамен» тығыз байланысты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынылған өтінімдерден көрменің негізгі параметрлері, тиісті тұжырымдамасы ескерілетін «жоба-симбиоз» қалыптастыру мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Жалпы, байқауға 100-ге шақты өтінім түсіп, 20 елдің мамандары бақтарын сынады (Австрия, Австралия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия, Канада, Қытай, АҚШ, Нидерланды, Корея, Ресей, Португалия, Норвегия, Түркия, Тунис, Жапония, Франция, Украина және Қазақстан).

Астана қаласын жобалауда тәжірибесі бар дүниежүзіне әйгілі архитекторалар байқауға қатысуға ниет білдірді, оладың арасында Манфреди Николлети («Казақстан» киноконцерттік залы), «Студия-44», Санкт-Петербург қ. (Оқушылар сарайы), Сембол компаниясы (Хан Шатыр СОО) және басқалары бар.

Сондай-ақ, ЭКСПО көрме кешенедерін жобалауға қатысқан үздік сәулет шеберлері де қызығушылық танытты, атап айтсақ, Стефано Боери (Милан ЭКСПО-2015), Нана Эрнандес-Геташвили, Ресей павильоны жобасының авторы, ең үздік павильон әрленімі атанған, күміс медаль иегері (Сарагоса ЭКСПО-2008), GMP International SP сәулет компаниясы (Сан Паоло ЭКСПО-2020), Заха Хадид (Сарагоса ЭКСПО-2008 көмесінің көпірі) өз ойларын ұсынды.

Қазақстандық қатысушылар арасында – Қазақстан қаласалушылар одағы, «KAZGOR» жобалау академиясы; Қазақстан дизайнерлері одағының мүшесі Тимур Сулейменов; Қазақстан сәулетшілер одағынан сәулетші Сәкен Нарыновтың шеберханасы; «Қазөркенпроект» ЕҰУ«ҒЗИ Этносәулетші» және басқалары қатысты.

Байқау жұмыстарын белгілі экономист, АҚШ-тың экономикалық үрдістерді зерттеу қорының Президенті Джереми Рифкин жетекшілік ететін арнайы техникалық кеңес саралаған болатын. Кеңес құрамында әлемге әйгілі сәулетшілер мен орнықты даму мен энергияны үнемдеу саласының білікті мамандары бар.

Ең үздік деп танылған эскиз-идеясының авторы 150 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын иеленеді.

Байқау қорытындысы қыркүйек айында шығарылады.

14 мен 16 тамыз күндері аралығында «Көрме» орталығының есігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық. ЭКСПО көрмесіне деген архитекторлардың көзқарастарымен танысуға мүмкіндік бар.