18-04-2024
20.3 C
Шымкент

2502 тонна шит дайындалған

 Жыл сайын шит тапшылығын сезiнетiн мақтааралдық шаруалар биыл ол машақаттан құтылды. ОҚО әкiмi Жансейiт Түймебаевтың тапсырмасымен ауданда 2502 тонна шит дайындалған. Жергiлiктi мақташылар мен ғалымдар әзiрлеген шиттiң сапасы жақсы. Алушылар көп. Асықата кентiндегi «Бақытжан» өндiрiстiк кооперативi тұқым дайындау цехының меңгерушiсi Жандарбек Әбеновтiң айтуынша, мақтааралдық шиттiң сапасы жоғары.

– Асықата кентiндегi шаруа қожалықтарының 90 пайызы шиттi бiзден алады. Өнiмiмiз әбден зерттелiп, зертханадан өткен. Мақсатымыз – жергiлiктi шаруаларды отандық шитпен толық қамтамасыз ету, – дейдi ол.

Мақтааралдық шиттiң 1 келiсi 250 теңге тұрады. Ал, бiр гектар жерге жарты қап шит жетедi. Биылдан бастап тұқым әзiрлейтiн мамандарға да субсидия берiледi деген сенiм бар. Ең бастысы, аудандағы 141 мақта қабылдау бекетi жақсы жұмыс iстеп, диқандардың еңбегi мен Ливерпуль ұсынған баға жоғары болғай.

Отандық өнiмге бет бұрған мақтааралдықтар аяқ киiм тiгудi де қолға алған. Ералиев ауылдық округiндегi «Хаят Р.У.Ж» фабрикасында жаздық сүйретпелер мен жеңiл аяқ киiмдер, етiктер тiгiледi. Осы сапарымызда Түркиядан әкелiнген екi жаңа жабдық iске қосылды. Оның лентасын аудан әкiмi Ғалымжан Исмайылов қиып, цех жұмысшыларының жұмысына табыс тiледi. Ендi бұл фабрика өндiрiс көлемiн екi есе арттырып, жылына 1 млн. жұп жаздық және қыстық аяқкиiмдер шығарады. Цехқа «Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттен қолдау көрсетiлген. Дәлiрек айтсақ, «Оңтүстiк» инвестициялық орталығынан 100 млн. теңге көлемiнде жеңiлдетiлген несие берiлген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР