Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығында «Винтажды ыдыстар» көрмесі ашылды. Коллекция негізінен фарфор, 1960 жылдардағы кеңестік өндіріс үшін эксперименталды және жаңашыл саналған хрусталь ыдыстардан тұрады. Көрмеде жаппай өндіріс болса да қол еңбегімен жасалған ыдыстар ұсынылған. Бұл материалдық мәдениет тарихының бірегей айғағы ретінде кеңестік сервистерді ғана емес, сонымен қатар шай ішу – нағыз мәдени құбылыс екенін көрсетеді.
Винтажды фарфордан жасалған бұйымдардың пайда болу тарихы тым тереңде. Ол әртүрлі мәдениетпен, өндіріс технологиясымен байланысты. Фарфор өндірісінің тарихы Қытайда біздің заманмызға дейінгі VI-VII ғасырда басталды. Фарфордан жасалған бұйымдар өте құнды саналып, көптеген елге экспортталған. XVIII ғасырда Еуропа фарфор өндіру технологиясын белсенді түрде зерттей бастады. Еуропалықтардың арқасында фарфор ыдыстар корольдің дастарханына қызмет етудің ажырамас бөлігіне айналды. Көрмеге «Балықтар» сервизі, «Подмосковный» мүсіндері, «Гүлдер гирляндасы» шай жиынтығы, «Цветочная рапсодия» секілді дүниелер қойылған.
Айта кетейік, көрмені қала тұрғындары мен қонақтары ай соңына дейін тамашалай алады. Көрмеде ұсынылған, музей қорына енгізілген және де жеке коллекциялардан алынған заттар мен көрме коллекциялары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурс көпшілік назарына ұсынылды. Каталогты жыл көлемінде толықтырылып, басылымға беру жоспарлануда.
Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі