17-04-2024
22.3 C
Шымкент

300-ге жуық азаматқа жұмыс бермек

Оңтүстікқазақстандық 300 азамат Ақмола облысында ірі кәсіпорындардың бірі болып табылатын «Новопэк» компаниясында жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Мұндай келісімге облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мен аталған компанияның басқарушы директоры Айдар Жақыповпен болған екіжақты меморандум аясында қол жеткізілді.
Меморандум аясында зауыт басшысы Айдар Жақыпов облыстан баратын 300-ге жуық азаматты жұмыспен қамтып қана қоймай, баспана мәселесін шешуге көмектесетінін атап өтті. Бұл шаралар еңбек күші айтарлықтай артық Оңтүстіктен жұмыс қолының тапшылығы сезілетін Ақмола облысына тұрғындарды қоныстандыру мақсатында жасалып отыр. Естеріңізге салсақ, өткен аптада Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары аясында полиэтилен қаптарын шығаратын «Новопэк» зауыты мен басқа да өндірістік кәсіпорындарда жұмыс күшінің тапшылығы байқалатынын атап өткен болатын. Осының негізінде Шымкент пен Көкшетау қаласы арасындағы байланысты нығайту мақсатында бірқатар компаниялар мен Оңтүстіктегі мемлекеттік мекемелер арасында екіжақты келісімдер жасалды. Мәселен, «Шымкент» ӘКК ҰҚ мен «Есіл» ӘКК ҰҚ арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы және «ENKI»ЖШС мен ОҚО құрылыс басқармасы өзара меморандум түзді. Келісімдер екі облыс арасындағы қаржылық даму мен ынтымақтастық байланысты күшейтуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР